t=0 кезінде n=n0 деп есептеп, (5.23)-тен табылады:
(8.24)
яғни, релаксация процестері жоқ кезде ұзақ уақыт аралығында (t) деңгейлердің толықтырылуы теңеседі (n0). Айнымалы өрістің жұтылатын қуаты:
(8.25)
яғни, деңгейлердің толықтырылуы теңескеннен кейін айнымалы өріс энергиясының жұтылуы тоқтатылады да, резонанстық жұту жоғалады. Бұл құбылыс қанығу деп аталады.
Релаксация. ЭПР сигналының ені мен түрі
Релаксация процестері. Релаксация – қанығуға кері процесс, жоғарғы деңгейдің толықтырылуы азаю арқылы жүйе тепе-теңдік күйіне қайтып келуге ұмтылады. Бұл процесс екі механизммен жүруі мүмкін.
Спин-торлы релаксация – жұптаспаған электронның артық энергиясы оның айналасына, кристалдық торға немесе молекуланың не молекулалық жүйенің қалған бөлігіне беріледі. Мұндай процесс интенсивті болса, электрондар жоғарғы деңгейде өте қысқа уақыт болуы мүмкін. Осы себептен спин-торлы релаксацияның интенсивтігі спиннің жоғарғы деңгейдегі өмір сүру уақытының орташа мәні Т1-мен сипатталады, және де Т1-дің кемуімен интенсивтік артады. Осы уақыт температура өскен сайын төмендейді.
Спин-спиндік релаксация – спиндер энергиясын сәуле шығарусыз өзара алмастырады (негізінде, диполь-дипольдік әрекеттесу себебінен). Үлгідегі жұптаспаған электрондар сыртқы магнит өрісімен қатар, басқа жұптаспаған электрондардың магнит өрістерімен әрекеттеседі. Олардың концентрациясы жоғары болса, қосымша өрістер де күшті болуы мүмкін. Мұндай релаксация, жалпы жағдайда, жылулық тепе-теңдіктің орнатылуын қолдамаса да, ЭПР спектріндегі сызықтардың еніне ықпал етеді. Егер спин-спинді релаксацияға негізделетін спиннің жоғарғы деңгейдегі өмір сүру уақытының орташа мәні Т2 кіші, яғни релаксация интенсивті болса, спин-торлы релаксация тездетіледі (Т1 төмендейді). Т2-нің шамасы температураға тәуелді емес, бірақ парамагнитті бөлшектердің концентациясы өсуімен кемиді. Қатты денелер үшін 10-2с<Т1< 104c, Т2 (10-4c); 10-4c< Т1 <10c, Т2 Т1.
Достарыңызбен бөлісу: |