Дәріс. Кіріспе. Тжқ құқықтық, заңнамалық және нормативтік-техникалық негіздері


 - тақырып Нормативтік-техникалық құжаттама: стандарттар, нормалар мен ережелер



бет8/23
Дата28.11.2023
өлшемі243,83 Kb.
#130681
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
9 - тақырып Нормативтік-техникалық құжаттама: стандарттар, нормалар мен ережелер
Дәріс жоспары:
1. Техникалық стандарттар, нормалар мен ережелер;
2. Еңбек қорғауды басқару жүйесі бойынша нормативті құжаттар;
3. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ - МОТ) практикалық ережелерінің жинағы мен техникалық стандарттарға негізделген ақпараттық материалдар;
4. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттық жүйесі (ЕҚСЖ).
9.1. Техникалық стандарттар, нормалар мен ережелер
Қазақстан Республикасында мынадай нормативтік-техникалық құжаттар қолданылады:
1. Гигиеналық стандарттар;
2. Мемлекеттік классификаторлар (ҚР МК);
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты (ҚР МС);
4. Мемлекетаралық стандарттар. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі (МЕСТ ЕҚСЖ);
5. ISO, OHSAS стандарты;
6. Салалық стандарт (СТ);
7. Қауіпсіздік ережелері (ҚЕ);
8. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары (ӨҚЕН);
9. Еңбекті қорғау ережелері (ЕҚЕ);
10. Қазақстан Республикасының Ережелері ҚР Е;
11. Республикалық нормативтік құжат (РНҚ);
12. Нұсқаулық құжат (НҚ).
Еңбекті қорғау жөніндегі өнеркәсіптік нормативтер, нормалар, ережелер, нормативтік құжаттар белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар мен ведомстволарда өз құзыретінің шегінде әзірленеді және бекітіледі:
1. Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ);
2. Индустрия және сауда министрлігі (Стандарттау және сертификаттау жөніндегі комитет);
3. Төтенше жағдай министрлігі (ТЖМ);
4. Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ);
5. Сондай-ақ, басқа салалық министрліктер мен ведомстволар.
Жұмысшылардың қорғану құралдары, өндіріс процестері, жабдықтарды, өнімдердің қауіпсіздігі мен қорғау саласына қойылатын талаптарды белгілейтін мемлекеттік стандарттарды Индустрия және сауда министрлігінің стандарттау және сертификаттау жөніндегі комитеті әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа гигиеналық нормаларды, санитарлық нормалар мен ережелерді, технологиялық процестерді және өндірістік жабдықтарды ұйымдастыру үшін гигиеналық талаптарды әзірлейді.
Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтарды, ережелерді бекітеді. Мысалдарға төмендегілерді жатқызуға болады:
- қауіпті жүктерді тасымалдау рәсімі;
- газ объектілерін қауіпсіз пайдалану тәртібі;
- көтерме крандар құралдары және оларды қауіпсіз пайдалану тәртібі;
- өндірістік бірлестікте еңбек қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері туралы нұсқаулық;
- кейбір жағдайларда, салалық нормативтік нұсқаулық, еңбекті қорғау ережелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып, тиісті салалық органдармен бекiтіледi.
2007 жылғы 21 тамыздағы ҚР Үкіметінің №721 Қаулысымен бекітілген зерттеу тәртібі еңбек қорғау мен қауіпсіздік саласындағы нормативті құқықтық актілерді қабылдау Ережесі сәйкестендірілген өкілетті органдармен анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет