Дәріс. Кіріспе. Тжқ құқықтық, заңнамалық және нормативтік-техникалық негіздері


Еңбек қорғауды басқару жүйесі бойынша нормативті құжаттар



бет9/23
Дата28.11.2023
өлшемі243,83 Kb.
#130681
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
9.2. Еңбек қорғауды басқару жүйесі бойынша нормативті құжаттар
Қазақстан Республикасын кәсіпорын деңгейінде еңбек қорғауды басқару жүйесін пайдалануды реттейтін келесідей негізгі нормативті құжаттар қабылданған.
ҚР Мемлекеттік стандарты ҚР СТ 13-48-2005. Еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздіктің менеджмент жүйесі. Талаптар. Аталмыш стандарт OHSAS 18001:1999 «Еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздіктің менеджмент жүйесі. Талаптар» (ONSAS 18001:1999 «Ossurational Nea1th «Reguirements») стандартқа қатысы бойынша модификацияланған болып табылады.
Аталмыш стандарт «Менеджмент сапасы жүйесі. Талаптар» ҚР СТ ИСО 9001 2001 және «Қоршаған ортаны басқару жүйесі» ҚР СТ МЕСТ Р 140012000 стандарттарымен бірге біріктірілген мүмкіндіктің болуы негізінде жасалған. Қолдану бойынша жетекшінің талабы ұйымның, сапа саласында менеджмент жүйесін қарқындандыру, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздік талаптары бойынша мүмкін болады.Бұл стандарттар негізінде қазіргі стандартта іске асырылатын «RVSA кезеңі»: «Жоспарлау (Plan) - Жүзеге асыру (DO) - Тексеру (Check) – Әрекет (Act)» секілді белгілі методологиялар бар.
Қазіргі стандарт талаптары бойынша жүйені құру міндетті болып саналмайтынын ескеру керек, тек еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздік саласында өз қызметін жетілдіруді ұйымдастыру ниетімен анықталады.
Аталмыш стандарт талаптарына сай еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздіктің менеджмент жүйесі еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздік саласының мақсаттары мен өзінің саясатын ұйымдастыруды іске асыруға және оның қызметіне баға беруге арналған.
Еңбек қорғау мен кәсіби қауіпсіздіктің менеджмент жүйесін әзірлеу мен енгізуге ұйым қызметі, оның нақты міндеттері, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет, сондай - ақ, еңбек қорғау саласы бойынша жұмыскерлердің жеке және ұжымдық қорғау құралдары мен қызметтегі практикалық тәжірибесі, пайдаланылатын технологиялық процестер белгілі бір мөлшерде өз әсерін тигізеді.
Жүйенің жұмыс істеуінің жетістігі ұйымның барлық бөлімшелерінің деңгейінде, әсіресе оны басқаруда қабылданған міндеттемелерге байланысты.
Бұл стандарт сертификаттау немес сәйкесінше декларациялау, өзін өзі бағалау мақсатында объективті түрде тексерілген талаптардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет