Әртүрлі зондтарды қолдану техникасы.
Жоспар:
С.Г.Меликсетянның зондын қолдану техникасы;
В.А.Коробовтың зондын қолдану техникасы;
В.А.Черкасовтың зондын қолдану техникасы.
Ірі қара малдарының арасында жиі кездесетін жарақатты аурулардан сақтандыру үшін көптеген магнитті зондтар ұсынылған. Солардың ішінде ең алғашқысы ретінде С.Г.Меликсетян ұсынған магнитті зондты келтіруге болады. Зондтың құрамына кіретін негізгі заттар:
Ұзындығы 50 мм, диаметрі 32 мм, сыртқы бетінде ұзынынан 6 жолағы бар, резина манжеткамен жабдықталған, темір шынжырлы, «Алнико» маркалы, сопақша келген магнит;
Ұзындығы 2,5 м келген өте жұмсақ, ішінде екі қабат капронды бауы бар, екі басында резбалы латунды муфталары бар резина түтікше;
Зонды өңешке кіргізіп және одан алып шығу үшін қолданылатын, бір жақ басы имек, екінші жақ басында резбасы бар, ұзындығы 75 см, диаметрі 8 мм никелді құрыш таяқша;
Магниттің қай жерде екенін анықтау үшін қолданылатын компас.
Зондты қолданар алдында месқарынға 1-2 л су жіберу арқылы оның жынын сұйылтып алу керек. Егер месқарын газбен керілген немесе асқа толған болса, онда В.А.Черкасовтың зондын пайдаланып, месқарынды жуып тазалап алған дұрыс. Зондты еңгізу техникасы арнайы нұсқауда беріледі.
Өңешке түскен магнит мал жұтынғаанда алдымен месқарынға, одан кейін тахия қарыншаққа барады. Егер малдың жұтынуы нашар болса, онда бөтелке арқылы су ішкізуге болады.
Компас арқылы магниттің қай жерде екенін анықтауға мүмкіншілік бар. Егер магнит тахия қарыншаққа бармай месқарында шөгіп қалатын болса, онда оны кардиналды сфинктерге дейін кері тартып, месқарынның үстіңгі қабы жирылған кезде қайтадан жібереді.
Зондты аурудан сақтандыру үшін 30 – 60 минутқа, ал емдеу үшін 24 сағатқа дейін қалдыруға болады. Ол уақытта мал организмінде болатын физиологиялық процеске ешқандай кері әсерін тигізбейді.
Зондты танау қуысы арқылы артып шығарады. Зондты шығарарда күш жұмсауға болмайды. Егер өңеш қатты жирылып зондты босатпаса, онда малға бөтелке арқылы су ішкізу керек.
Зондты тиімді пайдалану арқылы, әсіресе мол өнімді ірі қара малдарында минералды заттардың алмасуының бұзылуынан болатын, жарақатты ретикулит, ретикулоперитонит, ретикулоперикардит ауруларынан сақтандыруға болады.
С.Г.Меликсетян ұсынған зондтың кемшіліктерін ескере келе, А.В.Коробов өзінің жетілдірілген магнитті зондын ұсынды (ЖМЗ-1). Ол зонд арқылы алдыңғы қарыншақтарда болатын бос жатқан металл заттарын ғана емес, олардың қабырғасына еніп тұрған металл заттарын да тартып шығаруға болады-мыс. Себебі ферромагнитті заттарды шығару үшін үлкен тарту күші бар арнайы стерженді цилиндр пішінді магнит ұсынылған. Олар металл заттары ұзынынан жататындай етіп магниттелген. Көтеру күштілігі бұрынғы 300 – 400 г орнына 8 – 12 кг.
Бұл зондтың тағы бір артықшылығы оның ауыз қуысы арқылы еңгізілуі. Ол үшін мал резина түтікшені шайнап тастамас үшін ол түтікше темір штоктың ішіне орналастырылған. «П» тәрізді пластинка арқылы темір шток төменгі жақ сүйегіне бекітіледі. Зондты жарақаттан сақтандыру үшін 15-20 минутқа, емдеу үшін 1 сағатқа қалдыруға болады. «П» тәрізді пластинка мен темір шток езуліктің қызметін атқарады. Олар жақ сүйегіне бекіту үшін жартылай автоматты белдіктермен жабдықталған.
С.Г.Меликсетянның зондына қарағанда бұл зонды еңгізу және шығару технологиясы өте жеңілдетілген. 24 сағаттық ашықтыру диетасынан кейін қолданғандағы нәтижесі әлдеқайда жоғары.
Эллипсоидты магнит шығыры, оны қолдану техникасы. Шығыр ұзыншақ пішінді, шеттері доғалданған, ұзындығы 65 мм, қабырғаларының кесіндісі барлық жерінде 55 мм, салмағы 35 г , арнайы «Магнико» немесе «Алнико» қоспаларынан дайындалған. Шығыр ұзынынан магниттелгендіктен металл заттары оған ұзынынан жабысатын болады.
Магнит шығыры ірі қара малдарының алдыңғы қарыншақтарын металл заттарымен жарақаттаудан сақтандырады. Малға ауыз қуысы арқылы болюс бергіштің көмегімен еңгізуге болады.Мал шығырды қайта шығарып тастамас үшін, оны бергеннен кейін су ішкізу керек. Тахия қарыншаққа түскен шығыр ферромагнитті заттарды өзіне тартып жинайды. Олардың тарту күші әртүрлі болып келеді.
Магнитті шығырға жинақталған металл заттарын шығырмен бірге магнитті зонд арқылы шығарып алады.
Шығырдың бар-жоғын компас арқылы анықтауға болады. Ескеретін жағдай: егер шығыр металл заттарынан таза болса, онда компас жақсы реакция береді. Ал егер металл заттары шығырда көп жиналса, онда компас раекция бермейді.
Магнит шығырының артықшылығы сол, оны малды жарақаттан сақтандыру үшін фермадағы, жеке шаруашылықтардағы барлық малдарға қолдануға болады. Ал магнитті зондты ауруға күдікті деген малдарға ғана қолданады.
Ірі қара малдарының тахия қарыншақтарынан ферромагнитті заттарды шығару үшін қолданылатын арнайы магниттер де бар. Соңғы кездегі арнайы тарту күші жоғары магниттердің шығуы оларды жарақатты аурулардан емдеу үшін кеңінен қолдануға мүмкіндік берді. Ондай магниттердің авторлары: А.В.Коробов, А.С.Белановский, И.А.Телятников.
Магнит цилиндр пішінді, екі жақ басы қарама-қарсы зарядты, конус тәрізді, стерженді, біртұтас қоспа ретінде шығарылған. Бір жақ басында қосқыш шынжырды бекітетін шығырық бар. Магнит ұзынына қарай магниттелген. Сондықтан металл заттары оның бойында ұзынынан орналасады.
Кейбір жарақаттағыш металл заттарының қарыншақтардың қабырғасына кіріп тұратынын ескерсек, оны тартып шығару үшін күшті магнит керек. Міне, сондықтан да арнайы, тарту күші 8 – 12 кг-ға дейін жететін магнит шаруашылықтардағы мал мамандарына өте қажет құрал. Бұл магнит хирургтерге руминотомия жасаған кезде металл заттарын тез табу үшін де өте қолайлы. Малдарға күні бұрын беріліп қойылған магнитті сахиналарды, оларға жабысқан жарақаттаушы металлдармен бірге алып шығады. Емдік нәтижесі 24 сағаттай ашықтырылған малдарға әлдеқайда жоғары.
В.А.Черкасовтың зондын қолдану техникасы. Бұл зонд ұзындығы 2-2,5 м, диаметрі 35-50 мм, ортасында металл спиралы және кіргізетін жағының жанында тесіктері бар прорезинді қуыс түтік. Зондқа қосымша құрал ретінде үшкірленген және басқышты тесікті су шығарғыштар мен 10 литрлік металл воронкасы бар.
Зонд негізінен алдыңғы қарыншақтарды жуу және олардағы ас қалдықтарын алып зерттеу және тазалау үшін қолданылады. Көбінесе малдар уланғанда, малдың іші кепкенде, алдыңғы қарыншақтардың жирылуы әлсірегенде, бітелгенде, асқа толып толып кеткенде қолданылады.
Зондты қолданар алдында малды жалпы клиникалық тексеруден өткізіп, жеке жүйелерінің функцияларына көңіл аударады. Клиникалық көрсеткіштері дұрыс болған жағдайда малды станокқа кіргізіп бекітеді. Ірі мал болғанда дәрігердің көмекшілері малдың мүйізінен ұстап немесе ноқтасы арқылы малдың басын алға қарай тартып ұстайды.
Зондтың кірер үшін вазелинмен немесе жәй маймен майлап, малдың тілін сыртқа шығарғаннан кейін, зондтың үшін тілдің түбіне еңгізеді. Ақырын жұмсақ қимылмен зонды өңешке бағыттап, месқарынға еңгізеді. Зондтың сыртқы басына орналастырылған воронка арқылы алдымен 39-40ºС 2-4 кәтел 1 %-ды карлсбад тұзының немесе сондай концентрациядағы сода ерітіндісін құйып, месқарынның жынын араластырады. Ол үшін зондтың ішіндегі ерітіндіні месқарынға толық жібермей, воронканы жоғары-төмен түсіріп отырады. Ақырында воронканы алып, ас қалдықтарын сыртқа төгеді. Осындай жууды 2-3 рет қайталағаннан кейін, енді воронка арқылы 1-2 кәтел 10ºС суды құйып, жылдам қайта шығарады. Кенеттен өзгерген судың температурасы месқарынның жирылуын күшейтеді де, алдыңғы қарыншақтар жақсы тазаланады.
Осындай процедура біткеннен кейін зондқа үші үшкірденген су шығарғышты еңгізіп, оны су құбырының шүмегіне қосады. Судың ағыны зондтың ішінен шықпай, оның ішіндегі заттарды сұйылтады. Егерде зондтың ішінде «азық тығыны» пайда болса, онда үш жағында басқышты тесіктері бар су айдағышты қосады. Осындай тәсілдерді кезектестіре отырып, алдыңғы қарыншақтарды толық тазалауға болады. Бұл тәсілді бір жағында тұра алмай жатқан малға да қолдануға болады. Малдардың жағдайы нашар болғанда жуу, тазалау тәсілдерін қайталауға болады.
Егерде жоғарыда келтірілген тәсіл жеткіліксіз болса, онда вакуум тудыру әдістерін қолданған жөн. Кейде месқарында тесіп те қысым түсіруге болады.
В.А.Черкасовтың зонды өңештегі ас қалдығын, өңеш бітелген кезде, месқарынға түсіру үшін де, месқарын арқылы малға дәрілік заттарды беру үшін де қолданылады.
Малдың іші кепкен кезде зондты қолданғанда ескеретін екі жағдай бар:
Зондты еңгізерде оның сыртқы тесігін бітеп, зондты еңгізгеннен кейін оны ақырындап ашу арқылы газды біртіндеп, аз-аздап шығарады;
Зондтың кірер ұшына жіп байлап, оның келесі үшін зондтың іші арқылы сыртқа шығарып, шығыршықтап қояды. Зондтың үші месқарындағы жынға батып қалса, сол жіпті тарту арқылы оның үшін жоғары көтереді де, газды ақырындап шығарады.
Малдың алдыңғы қарыншақтары арқылы дәрі беру керек болғанда немесе месқарынның жынын лабораториялық тексеруге жіберерде месқарынның жынын аз мөлшерде алу керек болғанда жылқыларға қолданылатын зондты қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |