Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Желінсауды емдеуде қолданылатын патогенездік әдістердің техникасы



бет41/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
Желінсауды емдеуде қолданылатын патогенездік әдістердің техникасы. Желіні қабынған малдарды емдеу үшін өте көп әдістер және дәрілер қолданылады. Емдеудің негізгі мақсаты, ауырған ағзаны жылдамырақ жазумен қатар, оның атқаратын қызметін ауырғанға дейінгі қалпына келтіру болып саналады. Осы мәселені шешу үшін емдеуді жан – жақты бағытта ұйымдастырып жүргізу қажет. Желінсауды жылдам жазу үшін төмендегі ережелерді қатал сақтау керек:

  1. Ауруды неғұрлым ертерек анықтап, емдеуді сол бойда бастау қажет.

  2. Желінсауды емдеуде, ол малдың азығының құрамына өзгеріс енгізу, күтіп – бағу және сауу технологиясын сақтау.

  3. Ауырған желін бөлігінен сүтті толық сауу (қолмен күніне 2-3 рет).

  4. Ауруды жылдамырақ жазу үшін қосымша патогенездік емдерді қолдану.

  5. Малдың жалпы тонусын жоғарылатуға бағытталған шараларды пайдалану.

Малдың желіні қабынғанда ең алдымен ауруды туғызған себебін анықтап, оның түрін ажыратқаннан кейін емдеуді жан-жақты бағытта ұйымдастырып жүргізу қажет.
Желінсауды емдеуде патогенездік ем ретінде новокаинді жиі қолданады. Новокаиннің емдік әсері, нерв талшықтары арқылы қабынған жерде пайда болған қозу процестері орталық миға берілуі уақытша тоқталып, жергілікті зат алмасу процесі қалпына жылдамырақ келеді. Новокаиннің емдік әсері өте жоғары, ал желінсау асқынғанда (желіннің семуі, тас желін, желіннің шіруінде) оның емдік әсері төмендейді.
Новокаиннің емдік әсерін жоғарылату үшін, желіннің қызметінің қандай нервтермен реттелетінін жетік білуі қажет.


Сиырдың желінінің нервтері.Желіннің жұмысы төмендегі беломыртқаның жұлынынан шығатын 4 жұп нерв түйіндері мен тармақтары арқылы реттеледі: мықын – құрсақ асты нерві; мықын – шап нерві; сыртқы ен нерві; айналшақ пен сарпай аралығындағы нервтер.





16 – шы сурет. Желін нервтері.
1-Мықын – құрсақ асты нерві;
2-Мықын – шап нерві;
3-Сыртқы ен нерві;
4-Айналшақ пен сарпай аралығындағы нервтер.

Жоғарғыдағы нервтермен бірге желінге симпатикалық нервтердің тармақтары келіп желіннің қызметін реттеуге қатысады.


Сыртқы ен нервтері желіннің негізгі нерв тармақтары деп саналады. Бұл нерв беломыртқаның 2 – 3-ші және 4-ші жұлынынан шығатын симпатикалық нерв тармақтарынан тұрады. Аталған нервтер жамбас қуысынан шап каналындағы қантамыры – нерв шоғыры арқылы бірге шығады. Желіннің ұлпаларына жеткеннен кейін, бұл нервтер ұсақ нерв талшықтарына бөлшектеніп желіннің қызметін реттеуге қатынасады.
Мықын – шап нерві – 2-ші беломыртқаның жұлынынан шығып, пайда болған нерв өрімінен басталады. Бұдан шыққан нерв тармақтары желіннің алдыңғы жақ бөлігінің қызметін реттеуге қатынасады.
Мықын – құрсақ асты нерві. Бұл нерв 1-ші және 2-ші беломыртқаның аралық тесігінен шығатын нервтерден тұрады. Осы тұстан бағытталған нерв тармақтары желін терісінің алдыңғы жағы мен тері астындағы ұлпаларға енеді.
Айналшақ пен сарпай аралығындағы нервтер желіннің артқы бөліктерінің терісі мен оның астында орналасқан желін безінің ұлпаларының қызметін реттеуге қатынасады.
Жоғарғыдағы желін нервтері желін бөліктерімен, альвеолла маңы, сүт жолдары мен қантамырларының қабырғасы және емшекке дейін жетіп олардың қызметін реттейді.
Малдың желіні ауырғанда (желінсауда) төмендегі патогенездік емдерді пайдалануға болады: новокаинмен блокада жасау; әртүрлі ұлпаларды ем ретінде қолдану; физио және т.б. емдер.
Желін қабынғанда төмендегідей новокаинмен тежеу әдістері қолданылады:

  1. Б.А. Башкировтың әдісі.

  2. Д.Д. Логвиновтың әдісі.

  3. И.И. Магданың әдісі.



Б.А. Башкировтың әдісі бойынша желін жүйкелерін тежетехникасы. Бұл әдісте негізінен новокаинмен мықын-шап және сыртқы ен нервтеріне тежеу жасалынады. Новокаин үлкен және кіші беломыртқаның бұлшық еттерінің арасындағы жұмсақ дәнекер ұлпаға енгізіледі. Осы жерде жоғарғыдағы аталған нервтер орналасады.
Новокаинді енгізудің алдында малды бекіту керек. Ол үшін сиырдың мүйізіне салынған басжіппен дінгекке оның басын қысқа байлайды, немесе мұрынқысқышпен бекітіп ұстайды. Содан кейін үшінші – төртінші беломыртқаның көлденең қанаттарының (өсінділерінің) тұсындағы терідегі жүндерді қырқып, сол жерді иод ерітіндісімен өңдейді. Инені енгізетін нүктені табу үшін, үшінші және төртінші беломыртқаның тіке өсіндісінің арасын тауып, сол тұстан 6 – 7 см төменгі жеріне инені 55 – 60° қиғаштықта, тереңдігі 6 – 9 см, омыртқаның денесіне тірелегенге дейін енгізеді. Содан кейін инені кері 2 – 5 мм тартып 80 – 100 мл 0,5% новокаин ерітіндісі енгізіледі. Желіннің қабынған бөлігіндегі ауырсынуы новокаинді енгізгенен кейін 12 – 15 минуттан кейін басылып, 2 – 3 сағатқа дейін ауырсыну тоқталады.


17 – ші сурет. Б.А. Башкиров әдісі бойынша инені енгізетін жердің топографиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет