Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


И.И. Магда әдісі бойынша желін жүйкелерін тежеу техникасы



бет43/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
И.И. Магда әдісі бойынша желін жүйкелерін тежеу техникасы.
Аталған әдісте айналшақ пен сарпай маңайында орналасқан нерв тармақтары новокаинмен тежеледі. Новокаинді енгізу үшін шонданай сүйегінің ойысын тауып, сол тұстың терісі залалсыздандырылғаннан кейін, 1,5 – 2 см тереңдікке ине енгізіліп, шприцпен 15 – 20 мл мөлшерінде 3%- ды новокаин ерітіндісін бөлшектеп, ине жолының оң және сол жағына енгізіледі.





21 – ші сурет. И.И. Магда әдісі бойынша айналшақ пен сарпай
аралығындағы нервті новокаинмен тежеу.

Бұл әдісті желіннің артқы бөліктері қабынғанда қолдануға болады.


Қорыта келгенде, болашақ кәсіптік негізде мал мамандарын дайындауда ауруларды анықтау, емдеу және олардан сақтандыру үшін қолданылатын әдістердің техникасын жете меңгеру үшін терапевтикалық техниканы үйренудің маңызы өте зор. Ауру малды дұрыс емдеу үшін қазіргі кезгі талаптарға сай ұсынылып отырған техникаларды пайдалана білу әрбір маманның міндеті. Тек заманауи техниканы, әдістерді жете меңгеріп, оны тиімді пайдалана білетін маман ғана өз ісінің шебері атанады.
Болашақ мал маманына өте қажетті арнайы клиникалық пәндерді терең игеру үшін, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыра білу үшін бұл пәннің алатын орны ерекше. Малшаруашылық өнімдерін тиімді пайдалануды малдарды аурулардан, әсіресе ішкі жұқпалы емес аурулардан, сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, ауру малды дара және топтап емдеу әдістерінің техникасын ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Ол үшін диспансеризация әдісін дұрыс пайдалану малдәрігерлерінің жоспарының негізі болуы керек.

  • Тақырыбы: «Анестезиологияның жалпы мәселелері. Жергілікті және жалпы наркоз жүргізу дайындығындығы мейірбике ролі»


  • Мақсаты: студенттерді жалпы ингаляционды жансыздандыру түрлерінің орынедалуы мен принциптерімен таныстыру. Ингаляционды наркоз түрлерінің негізін түсіну.



  • Дәріс жоспары:

1. Жалпы жансыздандыру терминінің түсінігі.
2. Жансыздандырудың өркендеу тарихы.
3. Жалпы жансыздандырудың айқынды көріністері.
4. Жалпы жансыздандырудың ерекшеліктері.
5. Ингаляциялық наркоз

6. Ингаляциялық емес наркоз
7. Жергілікті жансыздандыру

1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет