Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет42/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

1 – ші сурет. 4-ші беломыртқаның көлденең кесіндісі және Б.А. Башкиров әдісі бойынша инені енгізу бағыты.
1. үлкен белдеме бұлшық еті;
2. белдеме және мықын фасциясы;
3. сыртқы ен нерві;
4. үлкен және кіші белдеме бұлшық
еттерінің аралығындағы қуыс;
5.кіші белдеме бұлшық еті.

Бұл әдісті желіннің оң және сол жақ алдыңғы бөліктері қабынғанда қолдануға болады. Сонымен қоса, желінге операция жасайтын жағдайда малдың 100 кг салмағына 7 мл 3% новокаинді пайдалануға болады.




Д.Д.Логвиновтың әдісі бойынша желін жүйкелерін тежеу техникасы. Желінсауды емдеуде желін нервтерін Д.Д. Логвинов әдісі бойынша новокаинмен тежеу жасау жақсы нәтиже береді. Ол үшін сиырды арнайы станокқа бекітеді. Ине енгізетін жердің жүнін қырқып, ол жерді иодты спиртпен өңдеу керек. Новокаин енгізу үшін ұзындығы 10 – 15 см ине қолданылады. Желінің артқы бөлігі қабынса, ине енгізетін жерді табу үшін желіннің артқы бөлігінің жоғарғы тұсынан көлденең сызық түсіріп және желінді екіге бөлетін сызықтың қиылысқан тұсын табу қажет. Егер желінің сол жақ артқы бөлігі қабынған болса, онда жоғарыдағы аталған тіке және көлденең сызықтардың түйіскен тұсынан 1 – 2 см солға қарай ығысып барып желін терісіне инені енгізеді. Инені жоғарыдан төменге қиғаштап, сол жақтағы алдыңғы аяқтың тізе буынына бағыттап, 10 – 12 см тереңдікке енгізеді.







19 – шы сурет. Желін нервтерін Д.Д. Логвинов әдісі бойынша тежеу.
Осы талапты орындағанда ине желіннің жоғарғы жағы мен құрсақтың бұлшық етінің аралығындағы қуыста орналасқан нервтер маңынан өтеді. Тежеу жасау үшін 0,5% новокаин ерітіндісі, 150 – 200 мл мөлшерінде желіннің қабынған бөлігінің жоғарғы тұсына бөлшектеп енгізілуі керек. Егерде желіннің екі артқы бөлігі қабынса, новокаин жоғарыдағы тәсіл бойынша қатарынан ауырған бөліктерге енгізіледі.
Желіннің алдыңғы бөлігі қабынса новокаинді енгізу үшін, қабынған бөліктің алдыңғы жағындағы терісін жоғарғы тұсынан ұстап, инені төменнен жоғары, қарсы жақтағы артқы тізе буынына бағыттап, тереңдігі 10 – 12 см енгізу қажет.



20 – шы сурет. Д.Д. Логвинов әдісі бойынша желіннің алдыңғы бөлігі қабынғанда новокаин ерітіндісін енгізу көрінісі.
Содан кейін, көлемі 150 – 200 мл, 0,5% шприцтегі новокаин ерітіндісін, инені кері шығару барысында, желін бөлігінің жоғарғы қуысына бөлшектеп жібереді.. Желіннің алдыңғы бөліктері қатарынан қабынса, онда новокаинмен екі бөлігінде тежеуге болады.
Желінде қабыну процесі алғашқы басталғанда новокаинді ем ретінде қолданса, 3–5-ші күндері желінсау жазылады. Серозды, катаральды желінсауда 24 – 48 сағат аралатып новокаинді 2 – 3 рет қолдануға болады. Фибринозды және іріңді желінсауда новокаинді 24 сағат аралатып 5 – 6 рет қолдануға болады. Салқын уақытта желінді жылы ұстау және малды жиі сауу қажет.
Желін нервтерін тежеуде новокаинмен бірге антибиотиктерді қолдану жақсы нәтиже береді. Ол үшін новокаин ерітіндісіне 200 – 300 мың бірлік әсерінде (БӘ) пенициллин немесе стрептомицинді қосып пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет