Қуық органдарында болатын зәрдің жалпы мөлшері Қуық — зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Оның қабырғасының етті қабаты үш бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Оның ортаңғы қабаты сақина бағытты, ал ішкі және сыртқы кабаттары бойлама еттерден құралады. Қуық бос болған кезде оның қабырғасының қалыңцығы 1,5 см, ал ол зәрге толып, керілген кезде — 2 — 3 мм-ге дейін жұқара созылады. Зат алмасу процесі барысында бір жағынан организмге қажетті жаңа қосылыстар түзілсе, екіншіден организм пайдалана алмайтын түрлі ыдырау өнімдері пайда болады.Олар несепнәр, зәр қышқылы, креатинин, аммияк т.с.с атауға болады.Бұл өнімдер организмде көп жиналса, оның тіршілік әрекетіне үлкен зиян келеді, организм уланады, мүндай жағдай өлімге әкеп соқтырады. Организмнің зат алмасу процесінің уытты ыдырау өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан , су, тұз және органикалық заттардың шамадан артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе экскреция деп атайды.
Жануарларда бөлу қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас қорыту жолы атқарады. Өкпе арқылы организмнен көмір қышқыл газды су, наркоздан кейін эфир мен хлороформ, алкоголь буы бөлінеді. Сілекей бездері мен қарын бездері кейбір ауырметалдарды, дәрі-дәрмектерді, бөгде органикалық заттарды бөледі. Бауыр қанды тироксинд, фолликулин гармондарынан, гемоглобиннің ыдырау өнімдерінен, азотты заттардың алмасу өнімдерінен тазартады. Ішек пен үйқы безі арқылы ауыр металдар түдцары, өт пигменттерінің өнімдері бөлінеді. Бүйректе түзілетін зәр құрамында зат алмасу процесінің ақырғы ыдырау өнімдері — несепнәр, зәр қышқылы, аммиак, креатинин, креатин бөлінеді. Тері (тер бездері) арқылы су, минералды тұздар, азотты заттардың алмасу өнімдері (несепнәр,зәр қышқылы, ауыр дене жұмысы кезінде — сүт қышқылы) бөлінеді.
Зәр — құрамында 96% су және 4 % қүрғақ қалдық бар сүйық зат . Оның құрамы қорек сипатына, ішілген су мөлшеріне, организмнің физиологиялық күйіне, ауа райы мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отыра ды.
Зәрдің түсі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Адамда зәрдің иісі қышқыл, ал малда түлік түріне байланысты өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне үқсас, ал сиыр зәрі элсіз шірік иісті, ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.
Техника қауіпсіздігі
— Операция бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасалуын, жиналуын дұрыс қадағалау керек.
— Мал мен жануарларға операция жасау кезінде оларды бекемдеу әдістерін дұрыс ұйымдастыра білу керек.
— Фармакологиялық дәрі- дәрмектерді қолдану кезінде мұқиат болу керек.
— Асептика және антисептика ережелері иен тәртіптерін қатаң сақтау қажет.
— Операция бөлмесі кең, күн сэулесі жақсы түсетін, терезелері солтүстікке қараған, шаң, шыбын-шіркей кіре алмайтын, едені су өтпейтін материалдардан төселген және күнделікті дезинфекция жасауға ыңғайлы болуы керек.
— Мамандардың стерильді халат, телпек, алжапқыш тағы басқа арнайы киімдері болуы қажет.
— Хирургиялық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану керек.
— Пышақ-скалпельдер, қайшылар, аралар істен шықпаған, сапалы, өткір болуы керек.
ҚорытындыҚорыта келгенде қуық жүйесінің ауруларын болдырмау үшін, ауруды тудыратын себептерді жойып, дер кезінде асқындырмай емдеу керек. Мысалы: жіті нефритті емдеу үшін күн сайын терісін сылап — сипайды. Рационға тез қорытылатын, белоктары мен натрийі мүлде аз азықтар енгізіледі. Шөп қоректілерге әр түрлі өсімдіктердің жақсы пішені, тамыржемісті өсімдіктер, кебек ботқасы беріледі, ет қоректілерге сүт өнімдері беріледі. А, Е, Д витаминдері беріледі. Ісік қайтпай қойған және жүрек дұрыс қызмет етпеген жағдайда қан алынады.
Сонымен қатар, бүйректе нәрдің жетіспеуіне апарып ұрындыратын заттардың мал организіміне еніп кету мүмкіндіктеріне жол бермеу қажет және іріңді процестер қоса қабат келетін аурулардың алдын алады. Урологиялық шараларды қолданған кезде, әсіресе қуыққа катетер жібергенде және қуықтың ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда антисептикалық ережелерді қатаң орындау қажет.
Қуық — зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Оның қабырғасының етті қабаты үш бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Оның ортаңғы қабаты сақина бағытты, ал ішкі және сыртқы қабаттары бойлама еттерден құралады. Қуық бос болған кезде оның қабырғасының қалыңдығы 1,5 см, ал ол зәрге толып, керілген кезде -2-3 мм-ге дейін жұқара созылады. Бірыңғай салалы ет талшықтарының ерекше кернеуді өзгертпей жиырылатын қасиетімен байланысты зәр көп жиналып, қуық қанша керілсе де, оның ішіндегі қысым аса көп көтерілмейді.