Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет82/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94
Сақтандыру шаралары. Малды мұздаған және ыстық азықтармен азықтандырмайды, тікенек азықтарды булап, жібітіп береді. Ыстықтаған малды суық желге және жел өтіне қалдыруға болмайды. Жыл бойы жүйелі түрде серуендетіліп жүрген малдар суықтық ауруларына төзімді келеді.
Жарақатты ретикулит
Жарақатты ретикулит (reticulitis et reticuloperitonitis traumaticа) – тақия қарынның жарақаттанып қабынуы және іш пердесінің қосарлана қабынуы, тақия қарын қабырғасының бөгде затпен жарақаттанып, зақымдалынған ағзаларда жайылмалы қабынудың дамуымен сипатталатын дерт, ересек ірі қара мал арасында өте жиі, қойлар мен ешкілер арасында сирек кездеседі.
Себептері. Малдар жарақатты ретикулитпен жайылым кезінде темір-терсекпен ластанған бітік шөпте, шабындықта жайылып жүргенде дерттенуі мүмкін. Мал рационында кальций және фосфор тұздарының, ас тұзының, каротин және микроэлементтердің жетіспеуі сүтті сиырлар мен төлдерде жебірлік пайда болады.
Дамуы. Азықпен бірге жұтылған түрлі бөгде заттар, көбінесе тақия қарында аялданады, сиректеу – және қатпаршақ қарындарда тұрып қалады. Шеттері жинақты, ұштары доғал келген бөгде заттар көп уақыт бойы қарындарда жатса да байқарлықтай зиянкестік келтірмейді. Ал шеттері үшкір, өткір темір заттар тақия қарынның қатты жиырылуынан оның кілегейлі қабығын жарақаттайды, кейде қабырғасына еніп, оны тесіп өтеді.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. Тақия қарында, сирегірек мес қарында жынның арасында еркін жатқан не қарындардың қабырғасына еніп тұрған бөгде заттар (шегелер, инелер, түйреуіштер, сым темірлер және т.б.) табылады. Жарақаттанғаннан кейін, үшінші күннен бастап-ақ ошақта қабыну байқалады, оның көлемі бірте-бірте диаметрі бойынша 4-6 см дейін ұлғая береді (қабырғалы ретикулит).
Симптомдары. Ауру күтпеген жерден пайда болып, сырт көзқарасқа азыққа зауқы себепсіз төмендеген не жоғалған сияқтанады, күйіс қайтару саны азаяды, мазасыздану белгілері (құйрығын бұлғақтату, бүйірлеріне қарай беру және артқы аяқтарымен ішін тепкілеу) пайда болады. Мал ыңқылдайды, ыңқылдау, әсіресе күйіс қайыруға азық жынын шығарғанда, орнынан тұрарда, жатарда қатты байқалады.
Өтуі. Ауру жіті түрінде сирек өтеді, көпшілік жағдайда көмескі не созылмалы сарынға түсіп алып апталарға және айларға созылады. Тақия қарынның қабырғасы тесілген жағдайда, сол жерде дәнекер ұлпалардан бітісіп өскен білеу, қабыршықпен қапталған іріңдіктер құрылады да қарындардың қимыл қызметіне нұқсан келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет