Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет80/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94
Стоматит (Stomatitis) – ауыздың кілегейлі қабығының қабынуы (афтозды). Стоматиттің талауранған (катаральді) түрі жиірек, ал күлдіреген, ойық жаралы, күлбіреген (дифтериялық), қабыршақтанған және іріңді түрлері сирегірек кездеседі. Стоматиттің, ұрыттың кілегей қабықтарын, тілді, қызыл иекті, еріндерін бірдей зақымдайтын жайылмалы және шектелген – тек қызыл иектің ғана қабынуы (гингивит), тілдің ғана қабынуы (лингвинит) немесе таңдайдың ғана қабынуы (палантинит) және тағы басқа түрлері болады.
Себептері. Негізгі стоматит механикалық, ыстық-суықтық, биологиялық, химиялық факторлардың әсер етулерінен пайда болады. Ауыз қуысы кілегейлі қабықтары құнарсыз, қатты, ірі талшықты, тікенекті азықтармен, ірі туралған сабанмен, дәнді өсімдітердің және қылтанақты қылқандарымен, бөтен үшкір заттармен, ауыздықпен, тіс жарғанда және олар алмасқанда, сонымен қатар, азу тістері дұрыс мүжілмей шеттері үшкірленгенде, торайларда ырсиған ұры азу тістерінің қажауынан зақымдалынады. Кілегейлі қабықтарының химиялық зақымдалынуы мал сарғалдақ (шытыр), қыша, у қорғасын, қырық құлақ, сүттіген және басқа да улы шөптерді жегенде пайда болады.
Симптомдары. Стоматит қай түрде өтпесін азықты шайнау процессі бұзылады. Мал азықтың майдасын, жұмсақтарын таңдап, теріп алып, абайлап, жаймен, арасында дем алып барып шайнайды, кейде қатқыл ірі сабақтарды аузынан сыртқа шығарып тастайды.
Өтуі. Талаурана қабынған жіті негізгі стоматит аурудың жіті өтетін түрі ретінде, әдетте 6-10 тәуліктің ішінде жазылып кетеді. Негізгі аурулардың фонында дамып жіті өтетін туындаған стоматиттің күлбіреген, күлдіреген және жаралы түрлері ауру малдың жазылуын 15-20 тәулікке дейін тежейді. Кілегей қабықтары және тереңде орналасқан ұлпалары майда-майда іріңді-шірікті түрде жарашықтанып қабынған стоматит ұзаққа созылады. Стоматиттің асқынған түрі, кейде (төлдер арасында) өліммен де аяқталады.
Балау. Ауыз қуысын ашып қарағанда стоматиттің нақтылы зақымдалынған жерін, түрлерін ажырату қиынға түспейді: бірақ негізгі не туындаған түрлерін ажырату үшін малдың клиникалық күй-жайын да есепке алады.
Емі. Стоматиттің қай түрі болмасын механикалық, ыстық-суықтық және кілегейлі қабықтарын тітіркендіретін басқа да әсерлерді жойып, азықтарды дұрыс таңдауға және ауру малды керекті мөлшерде азықтандыруға көңіл бөледі. Шөппен қоректенетін малға көк шөп, шөптің жұмсағын, жақсы сүрлем, қайнатылған тамыр жемістерін, ұрпақтан жасалған быламық, шошқаларға – ботқа, ет қоректілерге – сорпа, ұнтақталған ет тағайындайды. Малды таза сумен қамтамасыз етеді. Ауру жеңіл түрде өткенде ауыз қуысын 2% натрий хлоридімен, 3% натрий гидрокарбонатымен не зарарсыздандыратын ерітінділермен жуып-шаяды. Талауранған стоматит ауыр өткен жағдайда, мал азықтанып болғаннан кейін, ауыздың кілегейлі қабықтарын тәулігіне 3-4 реттен 1 : 10000 қатынастағы перманганат, 1:1000 қатынастағы риванол, 1:5000 қатынастағы фурациллин, 3% бор қышқылы ерітінділерімен шаяды, қабыршақтанған және стоматитте микробтарға қарсы дәрілер ерітінділерін және глицеринмен араласқан йод препараттарын қолданады. Кілегейлі қабыққа және тілге йод-глицерин 10 %-ды синтомицин линиментін жағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет