Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



бет87/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Дене шетіндегі қан тамырлары қанға толып кетеді. Мес, тақия (жұмыршақ) қарындар және ішектердің алдыңғы жақ бөліктері сұйық көбінесе көбіктенген жынға толып кетеді.
Симптомдары. Аурудың басында мал мазасызданады: азық жеуін тоқтатады, құйрығын бұлғақтатады, бүйірлеріне қарай береді, бүкірейеді, кейде ыңыранып жатады, бірақ тез тұрып кетеді, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді. Дене қызуы өзгермейді. Тыныстануы жиілейді (минутына 60-80) , үстірттенеді, кеудесімен тыныс алады. Мал қиналған жағдайда тілін салақтатып, сілекейі шұбырып аққан ауызы арқылы тыныс алады. Мес қарынның кебуі үдеген сайын кілегей қабықтарында қан кернеліп сонан соң көгере бастайды.
Балау. Ауру туралы жиналған мәліметтерге және өзіне тән белгілеріне негізделеді.
Дербестеу. Өңеш бітелгенде және дене қызуы көтерілгенде дамитын тимпанияны ескерген жөн. Жай (газды) тимпанияда сол жақ бүйірін перкуссиялағанда ашыұ дүңкілдеген, ал көбіктенген тимпанияда (газдар жынмен араласып кеткен) – бәсеңірек дыбыс шығады.
Болжамы. Егерде бір мезгілде және бірден көп малда мес қарынныө кебуі жіті түрде өтсе ( мұндай жағдайлар көктемде кездесңһіп тұрады) онда, барлығына бірдей дер кезінде тиісті көмек көрсету қиындыққа түсетін болғандықтан, біраз малдар шығынға ұшырауы мүмкін.
Емі. Мес қарындағы жиналған газдарды сыртқа шығаруға және олардың пайда болуын басуға әрекет жасау керек. Алдымен, қарапайым тәсілдер – тауға қарай жаймен жетелеу немесе айдау, сол жақ бүйіріне суық су құю қолданылады. Ауру малды суатқа түсіріп тыныстануын жеңілдетеді және мес қарындағы газдардың пайда болуын тежейді. Денесінің алдыңғы бөлігін артқы бөлігінен биік ұстағанда қарындар көк еттен артқа қарай ығысып оған түскен қысымды азайтады, өкпелердегі газ алмасу процесі жақсарады, өңештің мес қарындағы саңылауы жыннан ашылып мал кекіреді, сөйтіп газдардың сыртқа шығуын а мүмкіндік туады.


Мес қарынның жіті кебуі
Мес қарынның жіті кебуі (Tympania ruminis acuta) – мес қарында газдың тез арада және көп мөлшерде жиналуының салдарынан оның шектен тыс кернелуімен сипатталатын дерт, ірі қара мал және қойлар арасында жиі, ал ешкі мен түйелерде сирегірек кездеседі.
Себептері. Қарынның негізгі кебуіне тез ашитын азықтарды көп мөлшерде жеген себепкер болады. Шырынды көк азықтар: жаңадан шабылған көк шөп, жоңышқа, беде және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер, уызданған кезіндегі жүгерінің собығы, көктеген күздік дәнді өсімдіктер, қырық қабат және қызылшаның жапырақтары үлкен қауіп тудырады. Бұл азықтар үймеде тұрып қалып қызған не жауынмен, таңғы шықпен ылғалданған кезінде немесе осы азықтардың бірімен азықтанған малды іле-шала тойдырып суғарған өте қауіпті.
Дамуы. Мес қарында жиналған газдардың біраз бөлігі жындармен бірге ілгері жылжып ұлтабарға, ішектерге жетеді де сол бөлімдерде денеге сіңіп кетеді, ал газдардың көбісі мес қарынның жоғарғы бөлігінде жиналады да кекіру арқылы сыртқа шығып кетеді. Мес қарын тез ашитын азықтарға толғанда газдар әдеттегіден көп пайда болады. Олар мес қарынның жоғарғы бөлігінде көптеп жиналады не ірі-ірі көпіршіктер құрап азық жынын көбіңтендіреді (көбіктенген тимпания). Жиналған газдың өздігінен шығарылуы қиындайды, сондықтан жиналған газдар мес қарынды кереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет