Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет8/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
8 – ші сурет. Сиырдың белдеме тұсына блокада жасау әдісі.


атониясында, жылқылардың асқазанының жіті түрде кеңеюінде, газбен керілуінде, капростазда жақсы терапевтикалық тиімділікпен қолданған. Тақия қарыншақ пен құрсақ қуысының жарақатты қабынуында қолдануға болмайтындығы дәлелденген.


А.И.Федотов, В.Г.Кулик, Н.А.Уразаевтар төменгі мойын тұсының және жұлдызша симпатикалық нерв түйінін новокаинмен тежеу әдісін ұсынған. Олар өкпелердің катаралды және крупозды қабынуларын емдеп жақсы нәтиже алған.
Сиырлардың емшектерінің қабынуының кейбір түрлерінде новокаинмен тежеудің қысқаша түрі тиімдірек болатыны байқалады. Іріңді індетті ауруларда новокаин ертіндісіне антибиотик қосып артерияға жіберу әдісі ұсынылған. Жылқылардың миоглобинурия ауруын новокаинның 1 %-ды ертіндісін венаға жіберу арқылы әмдеу әдісі ұсынылған.
Новокаинмен тежеу әдісін іріңді және септикалық процестерде, ағзалардағы патологиялық процесс тереңдеп кеткенде, арық малдарға қолдануға болмайды.
Новокаинмен тежеу әдісінің кейбір теориялық негіздері.
Новокаинмен тежеу, оның ертінділерін венаға, артерияға жіберу әдістерінің емдік және профилактикалық әсерлерін зерттеп білуде орталық жүйке жүйесінің, оның шеткергі және вегетативті бөліктерінің анатомиялық және физиологиялық деректерін пайдалану керек. Іріңді-өлі еттену және басқа да індетті процестерде новокаинмен емдеуді микробтарға қарсы әсер ететін дәрілік заттармен, операция жасаумен және басқа да емдеу әдістерімен кешенді түрде жүргізудің қажеттілігін естен шығармау керек.
Новокаин - парааминді бензой қышқылының күрделі эфирінің хлорлы сутекті тұзы мен диэтиламинді этанолдың қосылысы. Оның әсер ету диапазоны өте кең. Тілде жансыздану сезімін тудыратын, судың және спирттің 8 бөлігінде еритін иіссіз, түссіз крисстал. Қышқылды реакциясының судағы ертінділеріне төзімді, қайнатып зарарсыздандыруға болады. Еріткіш ретінде Рингер сұйығын, натрийдің изотониялық ертіндісін немесе дистілденген суды қолданады. Ұнтақ түрінде және ампулаға 1-5 және 10 мл құйылған 0,5-2 % ертінді түрінде шығарылады. Ұнтақты сақтықпен «Б» тізімі бойынша сақтайды. Сірке қышқылды ортада бүлінеді. Бүлінгенде түрі сарғыш тартады. Егер ертіндінің түрі қатты сарғайған болса, онда ондай ертіндіні қолдануға болмайды. Ертіндіні тұрақтандыру үшін 0,1 %-ды хлорлы сутегі қышқылын қосады.
Новокаин нейротропты дәрілік заттардың қатарына жатады. Оның әсері рефлекс доғасының барлық бөліктерінде де байқалады. Сіңгеннен кейін тікелей орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Синапстарда қозу процесінің берілуі қиындайды. Себебі, ол ацетилхолиннің түзілуін азайтады, шеткергі холинореактивті жүйесіндегі қозу процесін төмендетеді. Жұлын миының нейрондарының синапстары қатты, ал сопақша мидың нейрондарының синапстары аздап қажиды. Холинергиялық ганглия нервтерінің адренергиялық нервтерге қарағанда новокаинға сезімталдығы жоғарырақ болып келеді. Жүрек, өкпелер мен ішектердің рецепторларының қозуын тежейді; олардың көптеген рефлекстерін қажытады.
Новокаин организмде ыдыраған кезде парааминді бензой қышқылы және диэтиламинді этанол түзіледі. Олар организмдегі зат алмасу процессіне қолайлы әсер етеді, жүйке жүйесінің қозғыштығын бәсеңдетеді, фоли қышқылының синтезін жақсартады. Осыны негізге ала отырып, новокаинды медицинада эндоартериттерде, атеросклерозда, гипертония ауруында, буындардың ревматикалық қабынуында және басқа да ауруларда қолданады. Сульфаниламид препараттарының әсерінің негізінде бәсекелестік парааминді бензой қышқылының түзілуі жатыр. Сондықтан оларды қатарынан қолдануға болмайды.
Новокаин қан тамырларын тарылтпайды және сол себепті қанға оңай сіңеді. Ал қан тамырларының өзегін тарылту және сол арқылы жергілікті әсер етуін күшейтіп, мерізімін ұзарту үшін оны қан тамырларының өзегін тарылтатын дәрілік заттармен, хлорлы сутекті адреналин ертіндісімен, қосып қолданған дұрыс (100 миллилитріне 10-40 тамшы). Адреналин ұлпаларда ишемия құбылысын тудыру арқылы новокаинның әсер ету кезеңін 3-5 есе ұзартады. Сондай-ақ, новокаинның майлы ертінділері ұзақ уақытқа ауырсыну сезімталдығын басады: 2 % ертіндісі 10 сағатқа дейін, ал 8 % ертіндісі бірнеше тәулікке дейін. Спирттегі ертінділері судағы ертінділерінен әлдеқайда ұзағырақ әсер етеді.
Новокаинды инфильтрациялық анестезия үшін кеңінен қолданады. 0,25 – 0,5 %-ды ертіндіні 30 – 300 мл мөлшерінде, ал жекелеген жағдайларда бірнеше литр мөлшерінде еңгізеді. Анестетиктерді хлорлы натрийдің изотоникалық немесе Рингер ертінділерімен, организмге сіңуді әлсірету және қан ағуды азайту үшін адреналинмен қосып еңгізу қолайлы болып табылады.
Тежеу әдісінде көбінесе новокаинның 0,25 % - ды ертіндісін қолданады. Ертіндіні 100 – 1000 мл мөлшерінде қабыну ошағындағы жүйкелердің бойымен еңгізеді. Әсері 15-25 минуттан кейін басталып, 2-10 күнге дейін созылады. Новокаинмен тежеу ем ретінде тимпанияда, энтералгияда, жатырдың қабынуында және басқа да бірталай ауруларда: пододерматитте, ұзақ уақыт жазылмайтын жараларда, жіті іріңді артриттер мен шелдің іріңдеп қабынуында қолданылады.
Новокаинды жұлындық анестезия үшін де қолдануға болады. Ол үшін оның 1-2 %-ды ерітіндісін омыртқа өзегінің эпидуралды кеңістігіне еңгізеді. Малдәрігерлік тәжірибеде төменгі сегізкөз және құймышақ анестезиялары қолданылады. Бірқатар реттерде новокаин ерітіндісін артерияға жіберіп емдейді. Атап айтқанда, жылқының тұяғының аймағында болатын іріңді өлі еттену процестерінде оның 1 %-ды ерітіндісін 0,1 % мөлшерінде этакридинмен қосып 30-60 мл-ден араға 3-4 күн салып 3-5 рет жібереді. Новокаинның 0,25 %-ды ерітіндісін гипертонияда, ішек түйілуінде венаға еңгізеді.
Новкаинның майлы ерітіндісі шабдалы немесе алхоры майында ерітілген 0,5 – 1 және 2 % - ды ертінді түрінде ампулада 5 мл – ден шығарылады. Салқын, қараңғы жерде сақталады. Ұзақ уақыт анальгетикалық әсер етеді. Ұзаққа созылатын ауырсыну түрінде өтетін процестерде қолданылады.


Мойынның ваго-симпатикалық жүйке жүйесін новокаинмен
тежеудің техникасы. Вегетативті орталықтарды тітіркендіргенде рефлекс арқылы өкпе тіндерінде дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Көптеген авторлар ондай өзгерістердің жоғарғы мойынның симпатикалық түйіндерін сілтілер мен қышқылдар арқылы тітіркендіргенде де пайда болатынын анықтаған. Онда альвеоллалардың арасындағы тіндердегі капиллярлардың гиперемиясы, ісінуі және альвеолла қуысына қан элементтерінің шығуы, қабынудың пайда болуы байқалған. Жүйке орталықтарын скипидармен тітіркендіру арқылы өкпенің қабынуын тудыру осыған негізделген. Кезеген жүйкені скипидармен тітркендіргенде малдарда ошақты бронхопневмония, жүрек көрсеткіштерінің өзгеруі және кезеген жүйкенің қабынуы байқалады. Ондай өзгерістер малдардың организмінің реактивтілігіне тікелей байланысты болып келеді. Мысалы, үй қояндарының кезеген жүйкелерін тітіркендіру өкпенің бір жақты қабынуын туғызса, теңіз шошқаларында екі жақты қабыну мен эмфизема дамыған.
А.Д.Сперанский өкпе қабынуларының патогенезіндегі жүйке жүйесінің ролін экспериментті түрде дәлелдеген. Өкпе қабынуларының дамуында жүйкелік-дистрофиялық өзгерістердің әсерлері туралы келесі тұжырымдарға келген:

  1. Жүйке жүйесіне әртүрлі әсерлердің нәтижесінде өкпе тіндерінде терең өзгерістер болуы мүмкін;

  2. Ол өзгерістер тітікендіргіштердің сапасына және тітіркендіру орнына байланысты болады;

  3. Малдарға жасалған эксперименттердегі өкпе тіндеріндегі терең өзгерістер бас ми мен жұлынның жоғарғы сегменттерінің бағаналарына тікелей механикалық және химиялық тітіркендірулердің нәтижесі;

  4. Шеткергі тіндердегі осындай өзгерістер жылдам, кейде бірнеше минуттың ішінде дамуы мүмкін;

  5. Тиісті аймақтағы жүйке жүйесін қалпына келтірмейінше өкпе ауруын жазу мүмкін емес.

Г.В.Домрачевтың пікірінше кейбір жағдайларда өкпелердің қабынуының негізінде организмнің реактивтілік және сенсибилизациялық құбылыстары басты рөл атқаруы мүмкін. Бұл процесте симпатикалық жүйке жүйесі негізгі рөл атқарады.
К



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет