9 –шы сурет. А.И.Федотовтың кау -
далды мойын симпатикалық
түйінін новокаинмен тежеу әдісі.
1 – VII мойын омыртқасының қа –
наты, 2 – ерітінді жіберетін жер.
өптеген авторлардың пікірінше мойынның жоғарғы симпатикалық түйіндерін тітіркендіргенде гипофизде нейрогенді тітіркену пайда болады. Оған жауап ретінде қанға вазопрессин гормоны көптеп бөліне бастайды. Ол гормон өкпедегі қан айналу процесін өзгертеді, қабыну процесінің дамуына себепші болады. Ал ол түйінді новокаинмен тежегенде қабыну ошағынан бас ми қабына баратын импульстар үзіледі, осы аймақтағы жүйкелік қарым-қатынас қалыптасады.
А.И.Федотовтың әдісі бойынша мойынның төменгі симпатикалық (каудалды) түйінін новокаинмен тежеу. Бұл әдіс жылқы малына қолданылады. Жылқыны станокқа тұрғызып бекітеді де, алдыңғы аяғын артқа қарай жылжытады. Саусақпен сипалау арқылы 7-ші мойын омыртқасының қанатын және қабырғаның жоғарғы үштік бөлігінің алдыңғы шетін табады. Омыртқа қанатының алдыңғы бұрышынан тік сызық түсіреді, ал қабырғаның алдыңғы шетінен көлденең сызық жүргізеді. Осы екі сызықтың түйіліскен жері ине кіргізетін нүкте болып табылады. Тәжірибе жүзінде көптеген малдарда бұл нүкте 7-ші мойын омыртқасынан 2,5-3,5 см төмен, ал қабырғаның алдыңғы шетінен 3,5-4,5 см алда болады. Инені қисайта отырып алға, төмен бағыттап 2,5-4 см тереңдікке (малдың қоңдылығына байланысты) 150 – 200 мл 0,5 %-ды новокаин ертіндісін жібереді. Мұндай жағдайда Бобровтың аппаратын қолданған дұрыс. Керек болған жағдайда тежеуді 4-5 күннен кейін қайталауға болады. В.Г.Куликтің әдісі бойынша мойынның орталық симпатикалық түйінін новокаинмен тежеу. Ол үшін ірі малды станокқа бекітеді. Ұзындығы 8-10 см инені мойынның үш бөлігінің ортаңғы бөлігі тұсынан, кеңірдекке қатар, иненің үші кеңірдекке тірелгенше, тік еңгізеді. Күре тамыр мен ұйқы артериясын жарақаттап алмауға, иненің үші арқылы қосымша тітіркендіру туғызбауға тырысу керек. Ол үшін инені көп қозғалта бермей, оның сыртқы үшіне резина түтік жалғап алған жөн. Сол түтікке шприцті қосып, 0,25 %-ды новокаин ертіндісінің 50 мл мөлшерін жібереді. Одан кейін инені шығарып алады да, мойынның бойымен 6-7 см төменірек жерден екінші рет инені жоғарыдағыдай әдіспен еңгізіп, сондай мөлшерде сол ертіндіні жібереді. Малдың қай жағына тежеу жасау керек екендігі патологиялық процестің орналасуына байланысты болады. Оны клиникалық тексеру арқылы анықтайды. Ертіндінің қарсы жаққа кетіп қалмауын қадағалау керек. Өкпенің патологиялық жағдайында кезеген жүйке екі жағынан бірдей тежелгенде ауру малдың өліп кетуі мүмкін. Тежеудің дұрыстығын жүрек соғысы мен дем алу жиілігін ертіндіні жібергенге дейін және одан кейін (10, 20, 30 минут) санау арқылы бақылауға болады. Егер тежеу әдісі дұрыс істелген болса, онда жүрек соғысы минутына 5-8 соғысқа жиілейді, ал дем алысы аздап төмендейді. Келесі тәулікте патологиялық процестің дамуында терапевтикалық өзгеріс байқалмаса, онда новокаинмен тежеуді келесі жағына 1-2 күннен кейін қайталайды.
В.К.Хохлачев жұлдызша түйін мен оның тармақтарын новокаинмен тежеу иықтың үшбасты бұлшық етінің аймағына жүргізу қолайлы деп есептейді. Инені кіргізу нүктесі тоқпақ жіліктің ортасы арқылы жүргізілген көлденең сызықтан аздап жоғары, иықтың үшбасты бұлшық етінің латералды басының орта тұсының алдыңғы жағынан анықталады. Нүктені анықтағаннан кейін Бобров аппаратының инесін тұрған жылқыға, тік, 5-6 см тереңдікке еңгізіп барып, 0,7 %-ды хлорлы натрий ертіндісінде дайындалған 0,5 %-ды новокаин ертіндісінің 150 мл мөлшерін оң және сол жағынан жібереді. Мұнда, автордың айтуынша, алдыңғы аяқтың және тежеу жасалған аймақтың тактильді, ауырсынғандық сезімталдықтары жойылмайтын көрінеді. Бұл әдісте новокаинның ертіндісі жұлдызша түйінге жетпейді, оның терапевтік тиімділігі новокаин ертіндісінің сіңу арқылы рефлекторлық әсерімен түсіндіріледі.
Жұлдызша түйінді Ленинград ветеринариялық институтыны хирургиялық клиникасының әдісі бойынша тежеу.