Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет92/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
Кожанов 2

Крупозды пневмония
Крупозды пневмония (Pneumonia crouposa) – өкпенің крупозды қабынуы бұл өкпенің тез арада едәуір бөліктерін қамтып, дамуы сатылы түрде өтетін фибринді қабынуымен сипатталатын ауру. Бұл дертпен, көбінесе жылқылар мен қойлар ауырады. Ірі қара малды бордақылайтын және құнажындар өсіретін арнайы шаруашылықтарда 1-3 айлық бұзаулар арасында жиі кездеседі.
Себептері. Көптеген зерттеушілер крупозды пневмонияны организмнің, күшті қоздырғыштардың әсер етуіне беретін аллергиялық жауабының (реакциясының) бір түрі ретінде пайда болады деп есептейді. Организм, мұндай күйге қызып келген жылқыларды тез арада салқындатқанда, жаздың ыстық күндері қойларды таудан ағатын салқын өзендерден айдап өткенде не ірі қара малын жылы қорадан салқын, ылғалды қораларға аяқ асты ауыстырғанда келуі мүмкін.
Дамуы. Өкпенің крупозды қабынуы тез дамиды (гиперэргиялық қабыну), бірер сағаттың ішінде-ақ өкпенің үлкен көлемін зақымдап, альвеолалардың қуыстарына қанды-фибринді эксудаттың жиналуымен сипатталады. Өкпенің зақымдалынуы алдымен ылғи да алдыңғы бөліктерінен басталады да, сонан соң бірте-бірте төмендегі және орталық бөліктеріне ауыса береді, кей жағдайларда артқы және жоғарғы бөліктері де дерттелінеді. Дерт өкпеге қан не лимфа жолдарымен таралады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер өкпе ұлпаларында орналасып, дерттің сатылы түрде өтуімен сипатталады. Қабынудың қан кернелу сатысында өкпенің дерттелінген көлемі үлкейіп ісінеді, түсі қызғылт-көкшілденеді, өкпе суға батпайды, кесіп қарағанда бронх қуыстарынан қызғылт түсті көпіршіктенген сұйықтың жиналғаны байқалады.
Симптомдары. Крупозды қабыну жіті түрде өтеді. Ауру аяқ асты жылқыларды арасында, алдын ала сезілетіндей еш белгісіз басталады, көбінесе жұмыс кезінде не алдын ала сезілетіндей еш белгісіз бсталады, көбінесе жұмыс кезінде не жаттығу үстінде кенеттен пайда болады. Жалпы жабығу үдей түседі, азыққа деген зауқы жоғалады, кілегейлі қабықтары қанмен кернеліп сарғыш тартады, тыныстануы жиілеп қиындайды. Әдеттегідей өткен крупозды қабынуға тұрақты қызба тән: аурудың бірінші күнінен бастап шешілу сатысына дейін, тәуліктің кезеңдеріне қарамастан, дене қызуы тұрақты, 41-42 С шамасында сақталып тұрады. Тамыр соғуы қалыпты шамаға қарағанда минутына 10-12-ге дейін жиіленеді, жүрек түрткісі айқындалып, оның екіншісі сазы күшейеді.
Балау. Дерт жайында жиналған мәліметтер мен ауруға тән белгілеріне негізделеді. Рентгенмен тексергенде өкпенің алдыңғы, астыңғы және артқы жақ жиектерінде үлкен көлемде қатты қарауытқан ошақтар анықталады. Қақырықты микроскоппен тексергенде эксудатта фибриннің, лейкоциттердің, эритроциттердің, микроорганизмдердің бар екендігі анықталады.
Дербестеу. Жіті түрде өтетін індетті аурулардан ажыратады. Өкпенің лобулярлы қабынуының крупозды қабынудан айырмашылығы, сырт белгілері онша айқындалмайды, сатылы түрде өтпейді, көбінесе созылмалы түрде ауысып кетеді.
Емі. Крупозды қабынуға тән белгілер біліне бастаған әрьір мал, індетті ауруға күдік тудырады. Сондықтан ондай малды оңаша қорада жеке ұстап, ем қолданады. Ауру малды ұстайтын қора таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, желөті болмауы керек. Азыққа зауқы соқпаған ауру малға зонд арқылы тәулігіне 2-3 рет глюкоза мен аскорбин қышқылын қосып, сулы жармасынан не ұрпақтан жасалған сұйық ботқа енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет