Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



бет88/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Дене шетіндегі қан тамырлары қанға толып кетеді. Мес, тақия (жұмыршақ) қарындар және ішектердің алдыңғы жақ бөліктері сұйық көбінесе көбіктенген жынға толып кетеді.
Симптомдары. Аурудың басында мал мазасызданады: азық жеуін тоқтатады, құйрығын бұлғақтатады, бүйірлеріне қарай береді, бүкірейеді, кейде ыңыранып жатады, бірақ тез тұрып кетеді, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді. Дене қызуы өзгермейді. Тыныстануы жиілейді (минутына 60-80) , үстірттенеді, кеудесімен тыныс алады. Мал қиналған жағдайда тілін салақтатып, сілекейі шұбырып аққан ауызы арқылы тыныс алады. Мес қарынның кебуі үдеген сайын кілегей қабықтарында қан кернеліп сонан соң көгере бастайды.
Балау. Ауру туралы жиналған мәліметтерге және өзіне тән белгілеріне негізделеді.
Дербестеу. Өңеш бітелгенде және дене қызуы көтерілгенде дамитын тимпанияны ескерген жөн. Жай (газды) тимпанияда сол жақ бүйірін перкуссиялағанда ашыұ дүңкілдеген, ал көбіктенген тимпанияда (газдар жынмен араласып кеткен) – бәсеңірек дыбыс шығады.
Болжамы. Егерде бір мезгілде және бірден көп малда мес қарынныө кебуі жіті түрде өтсе ( мұндай жағдайлар көктемде кездесңһіп тұрады) онда, барлығына бірдей дер кезінде тиісті көмек көрсету қиындыққа түсетін болғандықтан, біраз малдар шығынға ұшырауы мүмкін.
Емі. Мес қарындағы жиналған газдарды сыртқа шығаруға және олардың пайда болуын басуға әрекет жасау керек. Алдымен, қарапайым тәсілдер – тауға қарай жаймен жетелеу немесе айдау, сол жақ бүйіріне суық су құю қолданылады. Ауру малды суатқа түсіріп тыныстануын жеңілдетеді және мес қарындағы газдардың пайда болуын тежейді. Денесінің алдыңғы бөлігін артқы бөлігінен биік ұстағанда қарындар көк еттен артқа қарай ығысып оған түскен қысымды азайтады, өкпелердегі газ алмасу процесі жақсарады, өңештің мес қарындағы саңылауы жыннан ашылып мал кекіреді, сөйтіп газдардың сыртқа шығуын а мүмкіндік туады.


Ринит
Ринит (Rhinits) – танаулардың кілегейлі қабықтарының қабынулары. Танау қабынулары қабынбаның сипаттарына байланысты кілегейлі қабығы бетінің қабынбауына (катаральный), фибриннің кілегейлі қабығына жиналып қабаттануына (крупозный) және бездердің қабынуына (фолликулярный). Өтуіне байланысты – жіті және созылмалы, пайда болуына байланысты – негізгі және туындаған түрлерге бөлінеді.
Себептері. Танаудың қабынуларына малды күту мен азықтандыру тәртібінің бұзылулары себепкер болады. Шошқалар мен ірі қара малдарда танаудың қабынулары, көп жағдайларда, механикалық, ыстық-суықтың немесе химиялық қоздырғыштардың әсер етулерінен пайда болады (құрғақ азықтарды жегенде көтерілген шаңмен тыныстану, аммиакпен қаныққан ауамен не ыстық бумен тыныстану, ыстық азықты суытпай жегізу).
Дамуы. Танаудың кілегейлі қабықтарының қабынулары танау жолдарын ісіндіріп, эксудатқа толтырады, сөйтіп ауаның өтуіне кедергі жасайды да, тыныстану кемістіктерін туғызады. Қабынудан бұзылған зат алмасуының қалдықтары мен өрбіген микробтар уыттары қан мен лимфаға сіңіп, организмді уландырады, жалпы жабырқандырып қызуын көтереді.
Симптомдары. Мал пысқырынады, түшкіреді, кейде танауын ат ақырға, қабырғаларға үйкелейді. Тыныс алысы пысылдайды, кейде ысқырынып шығады, тыныстануы мен дем шығару уақыттары ұзарады, дене қызуы қалыпты шама төңірегінде болып не 0,5-1 С дейін ғана көтеріледі, азыққа деген зауқы көп өзгермейді не аздап қана төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет