Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет15/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.


9-Дәріс
Тақырыбы: Мәліметтердің параллельділігі және есптердің параллельділігі.
Жоспар:

  1. Программалаудың параллель модельдері.

  2. Конвейерлік өңдеу.

Конвейерлік өңдеу


Алдыңғы мысалда, бір қосу операциясын орындау үшін, құрылғы бес тактіге бұғатталып басқа ешқандай жұмыс орындамаған болатын. Бұның тиімділігі бар ма және енгізілетін массив элементтерінің барлығын өңдеу процесін одан да тиімді ұйымдастыруға бола ма?

8 сурет. Бір операцияны әрбірі бес тактіде орындайтын екі бірдей тізбекті
құрылғының көмегімен С=А+В векторларын қосу
Бұл сұраққа жауап беру үшін нақты сандардың компьютерде берілуін еске түсіруіміз керек. Мұнда әрбір сандар жұбын қосу микрооперациялар тізбегі түрінде орындалады, ретін салыстыру, ретін теңестіру, мантиссаларын қосу, нормализациялау т.б. Жақсы жағы: әрбір енгізілген сандар жұбын өңдеу процесінде микрооперация бір рет қана және әруақытта бір тәртіппен бірінен кейін бірі іске қосылады. Бұл, бірінші микрооперация өз жұмысын орындап нәтижесін екіншісіне бергеннен кейін, ағымдағы жұпты өңдеу үшін бұдан ары оның қажеті болмайды, яғни ол, құрылғыға енгізілуді күтіп тұрған келесі аргументтер жұбын өңдеуді бастай алу мүмкіндігі бар деген сөз.
Осы айтылғандарды ескере отырып, құрылғының келесі түрде құрастырылуын қарастырайық. Әрбір микрооперацияны құрылғының жеке бөлігінде белгілеп алып, оларды орындалу тәртібі бойынша орналастырамыз. Алғашқы уақыт мезетінде енгізілген мәндер өңдеу үшін бірінші бөлікке келіп түседі. Бірінші микрооперация орындалғаннан кейін, бірінші бөлік өз жұмысы нәтижесін екінші бөлікке береді де, өзі өңдеуге жаңа жұпты алады. Осылайша, енгізілген аргументтер өңдеудің барлық этапынан өткеннен кейін, құрылғыдан шығарда операцияның орындалу нәтижесі алынады.
Есептеуді ұйымдастырудың осындай тәсілі – конвейерлік өңдеу деп аталады. Құрылғының әрбір бөлігі конвейердің баспалдағы, ал жалпы 25 баспалдақтар саны – конвейер ұзындығы деп аталады. Нақты сандарды қосу операциясын орындау үшін әрқайысы бір тактіде қосылатын бес баспалдақтан тұратын конвейерлік құрылғы жобаланған болсын делік. Конвейерлік құрылғының бір операцияны орындау уақыты барлық конвейер баспалдақтарының қосылу уақыттарының қосындысына тең. Бұл екі санды қосу операциясы бес тактіде орындалады, яғни алдыңғы тізбекті құрылғы жағдайындағы осындай операцияның орындалу уақытымен бірдей деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет