Техникалық жүйе қызметі үшін әр түрлі өндірушілер.
Виртуалдандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпаратты қорғау.
Виртуалды машинаның мониторы.
Дискіні виртуаландырудың функциялары.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.
6-Дәріс Тақырыбы: Параллельділік. Жоспар: Жалғыз процессорлы компьютерлер архитектурасы.
Параллельділіктің классификациясы.
1. Параллельділік. Қазіргі бір процессорлы машиналар компоненттері:
орталық процессордан, бастапқы жадыдан, бір және көп деңгейлі кэш жадыдан,
екінші ретті жадыдан (дискілік жады) және әр түрлі периферилік
құрылғылардан тұрады.
Программа орындауға қатысты түйінді (өзекті) компоненттер: орталық
процессор, кэш және жады.
Жалғыз процессорлы компьютерлер архитектурасын дамыту үшін мынадай әр
түрлі тәсілдерді қолдануға болады:
Орталық процессордың бір ішкі бөлігін 4 функционалдық модульдермен
(сумматор, көбейткіштер) алмастыру;
Орталық процессордың өткізу жолағын (қабілетін) үлкейту үшін оған
жадының 2 не оданда көп блоктарын қосу;
Уақыт бірлігінде орындалатын командалардың санын арттыру үшін бір
жадылы екі және одан да көп процессорларды қосу;
Барлық компьютерлердің жұмыстары бір бағытта бағытталу үшін, яғни бір
программаны орындау үшін толық компьютерді машиналар желісіне қосу;
Параллельділікті әртүрлі деңгейіне қарай классификацияланады:
- тапсырма деңгейінің параллельдігі;
- программа деңгейінің параллельдігі;
- командалар деңгейінің параллельдігі;
- арифметикалық және биттік туралау параллельдігі;
1) Тапсырма деңгейінің параллельділігі - параллельділіктің ең жоғарғы
деңгейі. Бұл деңгейде орталық процессор мен енгізу-шығару жүйесі
параллель жұмыс жасайды. Мысал келтірсек: бірнеше тапсырмалар бір уақытта жадыда сақталып тұрады да, тек олардың біреуі кез-келген берілген уақытта орындалады. Егербұл тапсырма енгізу-шығару қызметін керек ететін болса немесе дискіден оқу керек болса, бұл операция инициализацияланады, яғни тоқтатылады, басқа тапсырма орындауға жіберіледі. Ары қарай енгізу-шығару операциясы аяқталған соң және мәліметтер алынған соң, басқару кейін, яғни алғашқы тапсырмаға қарай қайтарылып процесс жалғасады.
2) Программа деңгейінің параллельдігі- бір программа оны құраушы
бөліктеріне бөлініп орындалатын процесс. Параллельділіктің бұл типі
процессордың жиынымен іске асады. Бұл көп процессорлары машина барлық
берілген есептеулерді бір мезгілде орындай алады.
3) Командалар деңгейінің параллельдігі - бұл типті іске асыратын негізгі
тәсіл – конвейерлер. Бұл жағдайда не жеке командалар қалқаланады, не
берілген команда бағыныңқы операцияларға жіктеледі. Олар да өз
кезегінде қалқалану жағдайына келтіріледі.
4) Арифметикалық және биттік туралау параллельдігі - параллельдігінің ең
төменгі деңгейі. Бұл деңгей - орталық процессордағы арифметика-
логикалық құрылғыға жатқызылады.