Шизофренияның жіктелуі. Шизофрения ағымының түрлеріне, прогредиенттің дәрежесіне және аурудың клиникалық көріністеріне байланысты синдромдардың мінездемесіне байланысты жіктеледі. Ол ақпаратталған, дифференцияланған, клиникалық тұрғыдан сенімді болуына, болжам және ем жоспарын құруға мүмкіндік береді.
1. Үнемі ағымды шизофрения:
Терең прогредиентті (қатерлі):
а) параноидты;
ә) кататониялық;
б) гебефреникалық;
в) жай;
2. ортапрогредиентті параноид;
3. азпрогредиентті (әлсіз ағымды):
а) невроз тәрізді;
ә) жүйкелік тәрізді.
2. Рекуреннті (кезеңді).
3. Ұстама тәрізді – прогредиентті.
4. Шизофренияның жеке түрлері.
Үнемі ағымды шизофрения түрінде дерт қозбай үнемі ағыммен ерекшеленеді. Өршу кезеңдері болады. Толық ремиссия болмайды.
Рекуррентті шизофрения ұстама түрінде, жай ағымды шизофрения сияқты өтеді, тұлғаның қзгерістері терең болмайды. Кейбір науқастарда 1-2 ұстамалардан кейін тұрақты, он жылға дейін интеремиссия түрінде өтеді, олар психозбен ауырғаннан кейін анықталмайды. (тәжірибелік сауғу)
Ұстама тәрізді - прогредиентті шизофрения – шизофренияның ең жиі кездесетін түрлерінің бірі. Оның маңыздылығы екі нұсқалар ағымының қосылуы- үзіліссіз және кезеңділік. Әрбір ұстама тұлғалық ауытқулармен, тұлғалықтың негативті өзгерістермен және тұрақты продуктивті бұзылыстардың күшеюімен сипатталады. Бұл түрінің прогредиентті дәрежесі өзгеріп отырады.
Шизофренияның ерекше формалары:Паранойяльді шизофрения аңду сандырағымен, физикалық жетіспеушілікпен, ипохондриялық сандырақпен, реформаторлы, религиозды, сутяжды сандырақтармен көрінеді. Сандырақ, тәртіп бойынша монотематикалы. Типті шизофренияға тән жеке негативті өзгерістер әрқашан байқала бермейді.Фебрильді шизофрения (өлім кататониясы, гипертоксикалық шизофрения) рекурентті онейроидты кататонияның жедел ұстамасы және ұстама тәрізді прогредиентті шизофрения, гипертермиямен және басқа да соматикалық бұзылыстармен сипатталады. Сананың онейроидты бұлыңғырлануы ұстаманың ауыр кезінде аментивті терең бағытпен ауысады, сөздің байланыссыздығы және бір текті қозғалыс тітіркенуімен көрінеді. Негізі бірнеше аптадан кейін ремиссия пайда болады, содан соң летальді жағдай болуы мүмкін.