Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар


Қарт жастағы функциональді психоздар



бет33/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Қарт жастағы функциональді психоздар (инволюционды психоздар) – қарт жаста (қарт алды және қарттық) пайда болатын және органикалық ақылаздықпен дамитын психикалық бұзылыстар тобы. Ауру пайда болу кезеңңне байланысты бөлінеді; манифесті – 45-65 жас, инволюционды (пресенилді психоздар, кері даму жастағы психоздар) және психоздар 65 жастан кейін пайда болады, кешірек инволюционды психоздар (қарттық психоздар) дамиды.
Таралымы жеткілікті эерттелмеген. Э.Я.Штернберг (1975) мәліметтері бойынша, катамнестикалық дәлелдеу диагнозы инволюционды депрессияда 5-7% қарт жастағы науқастарда байқалған. М.Ф.Шахматова (1968) мәліметі бойынша инволюционды сандырақ психоздар (кеш паранойдты) 1,8% 65жастан асқан науқастарда байқалған, бұл Москвадағы П.Б.Ганнушкина атындағы психиатриялық ауруханада 10 жыл бойы түсіп, емделген науқастар.Заманауи қоғамда 65 жастан асқан адамдардың көбеюін – әлеуметтік жағдай мен медициналық көмектің жақсарғанының көрінісі. Бұл бағытта 2030 жылы 20% тұрғындардың көрсеткішін 65 жастан асқан адамдар құрайды деп болжауда.
Этиопатогенез. Аурудың пайда болу себебі процестің жеке кезеңі, шартты патогенді жағдай емес, ол констелляция, биологиялық және әлеуметтік психологиялық фактордың ескіруі. Инволиционды психоздың патогенетикалық механизімінің ерекшілігі.Қарттық кездегі психоздардың көрнісімен айқындалады.Қарт кісілердегі психикикалық ерекшеліктер жоғарғы дәрежелі мазасызданумен ерекшеленеді [66]..
Инволюционды депрессия мен ауыратын науқастарда ауру алдында теріс эмоциональды көрністер байқалады,ал 59% пресениальды параноид кезінде- уялшақтық, ал паранойяльды көрністе- қауіпті,сенімсіздік,айтқаннан қайтпайтын,ригидті және т.б. болады көбінесе жеке өзін жақсы көрумен және өзін ұстай алмауымен аурады. в) стресс жағдайы әсер етеді.(қалай оң болса,солай теріс болады).Көп жағдайда маңызды рөль орын алады,жұмысына қанағаттанбайды. Шыныққаннан және темекіден бас тартудан көрі,жұмысыннан рахат алу ұзақ жасаудың негізгі факторы болып табылады.
Клиникасы. Инволюционды психоздың екі негізгі түрі болады: инволюционды меланхолия және инволюционды сандырақ психоздар (паранод).
Инволюционды меланхолиялы депрессивті жағдай 45-60 жаста пайда болады. Көбінесе әйел адамдар жиі ауырадыт ( әйел мен ер кісінің қатынасы 5,4:1 – Ефименко В.П. 1975).Преморбидті науқастарға көбінесе өрей мазасыздық көрнісімен төзімділікке бейімделуі,депрессивті форманың реагирлеуші интравертирлігімен сипатталады.
Инволюционды меланхолия монополярлы және ағымының баяулауымен сипатталады.Депрессиялық жағдай басында ешқандай үрейсіз дамып,қозудың тереңдеуіне байланысты ажитацияға дейңн әкеп соғады.Кейбәр науқастардың қозғалысының тежелуі мен оның соңғы дәрежесіне дейін субступорға әкеледі.Депрессияның алғашқы көрінісінен бастап сандырақ симптомдары (өзі-өзін кінәлау,өзі-өзін күнәлау,зақымдау,ипохондриялық) байқалады.Психоздың өршуі кезінде ипохондриялық сандырақ пен бірге Котор синндромы да көрінеді,бұл нигилистикалық сандырақ кезінде ерекше қабілетті идеаларымен қосылады.Деперсонализация және дереализация көрністері байқалады,науқастар тек өзіндегі ғана өзгерістер емес,сонымен бірге қоршаған ортаның өзгергенін айтады.Сосын салыстырмалы стабильды сатысы пайда болып,инволюционды меланхолияның » тұрып қалған» ағымы көрінеді.Ауру 60-70 жастан асқаннан кейін дебютті ауруға тән.
Стабилизация сатысынан кейін қайта психоздар пайда болады,бұл өздігінен дефектінің жазылуына әкеледі.(емсіз ремиссия)Бұл кезде органикалық ақыл кемістігі айқын болмайды,бірақ науқастардың психикасы әлсіз қозған және мотивті жағдайымен,эмоциональды көрністер деңгейінің төмендеуімен жүйелі іске бейімсіздігімен сипатталады.Әрқашанда көңіл-күйі төмендеген науқас өзінің және туыстарының өміріне риза емес болады.
Инволюционды сандырақ психозы әртүрлі көрністермен байқалады.Мыналар негңзгі формасы болып саналады: инволюционды паранойя және инволюционды пароноид [69]..
Жеке премобидті психопаталогиялық ерекшелік байқалады-шектен тыс көкіректік,айтқаннан қайтпайтын,деспотикалық,өзіне жіне өзінің туыстарына өте жоғары талап қояды.Аффективт жіне ойлау көрністері ригидтті болады.
Инволюцинды параноио –кіші штабты сандырақпен көрінеді,жиі зақымдау идеялары жүйелі тенденциясыз,иіс сезу және тактильды(жиі есту)галлюцинациямен сипатталады.Оған сонымен қатар жиі созылмалы,сирек рецидивті ағым тән.Науқастар активтті,ұялшақ. «Кіші шенберлі» сандырақ ойлар науқастың айналасындағыларға бағытталады,нақты көрністермен сипатталады.Сирек улану сандырағы,иіс галлюцинациясы мен және нақты интерпретациялы денелі сезімдермен пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет