Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар


ТАҚЫРЫП. НЕЙРОПСИХОЛОГИЯ КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БІР САЛАСЫ РЕТІНДЕ



бет13/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
3 ТАҚЫРЫП. НЕЙРОПСИХОЛОГИЯ КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БІР САЛАСЫ РЕТІНДЕ


1.Нейропсихологияның теориялық негіздері және практикалық маңызы
2. Ми жұмысының құрылымдық-қызметтік принциптері
3. А.Р.Лурияның мидың құрылымдық-қызметтік блогы тұжырымдамасы


1 - сұрақ. Нейропсихология – мидың локальды зақымдануын көрсететін
материалдар негізінде ми механизмдерінің психикалық үдерістерін зерттейтін психология, медицина (неврология нейрохирургия) және физиология ғылымдарының тоғысуынан пайда болатын психология ғылымдарының бір саласы. Біздің елімізде нейропсихологияның әртүрлі мәселелерін зерттеуде А.Р. Лурия мен оның шәкірттері 50 жыл бойы көп еңбек сіңірді. 40-50 жж. нейропсихологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуына мынадай бірқатар себептер әсерін тигізді [22]:
- біріншіден, жаңа физиологиялық теориялар (П.К.Анохинның қызметтік жүйе теориясы және Н.А. Бернштейнның көпдеңгейлі қозғалыс құрылымының тұжырымдамасы). П.К. Анохинның ұсынған жоғары дәрежелі психикалық қызметке жүйелі көзқарас идеясы және Н.А.Бернштейнның жасаған қозғалыстың тұрақты және ауыспалы компоненттері туралы түсінігі А.Р.Лурияның теориялық түсініктердің негіздеріне сүйенді, осы жағдайларды адамның жоғары дәрежелі психикалық қызметінің жүйелі динамикалық локализация теориясының қалыптасуына қолданды;
- екіншіден, Л.С. Выготскийдің жоғары дәрежелі психикалық қызметтің
мәдени-тарихи дамуы тұжырымдамасының пайда болуы. Л.С.Выготский
қалыптастырған принциптер А.Р. Лурия мен оның әріптестері жүргізген
мақсатқа сай бағытталған көп жылдық зерттеулерінің бастамасы болды.
Л.С.Выготскийдің зерттеулері әртүрлі психикалық үдерістердің жүйелік
құрылымын зерттеудің ғылыми негіздеріне және мидың локальды зақымдануы кезінде бұзылған психикалық қызметтердің орнын толтыру мүмкіндіктерін қалыптастыруға сүйенді;
- үшіншіден, неврология, нейрохирургия мен патопсихологияның жетістіктері. Ұлы Отан соғысы жылдарында миынан зақым алғандардың саны көп болуына байланысты теориялық зерттеулерге клиникалық тексеру жүргізуге мүмкіндік туды. Б.В. Зейгарник өзінің әріптестерімен бірге мидың табиғи жолмен зақымдануы кезінде ойлау үдерістері мен күйзеліс өрісінің патологиясын зерттей отырып, нейропсихологияның дамуына зор үлес қосты.
Бірнеше ғылыми пәндердің тоғысуынан құралған нейропсихология ғылымның жеке бір саласы ретінде психикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда мидың жеке жүйелерінің маңызын зерттеуді көздеді. Нейропсихологияның негізгі мақсаттарын атап өтуге болады:
1. Мидың локальды зақымдануы кезінде психикалық үдерістердің
өзгеруін зерттеу.
2. Мүлдем әртүрлі психикалық үдерістердің жалпы құрылымын анықтауға мүмкіндік беретін нейропсихологиялық талдау жүргізу.
3. Мидың зақымдану ошағын ертерек диагностикалау.
Нейропсихологияның әдістемелік негіздерін қарастыруға қолданылатын
әдістердің әртүрлілігіне қарай оларды екі топқа бөлуге болады:
Біріншісіне – негізгі теориялық білім көмегімен алынған әдістерді, ал
екіншісіне – нейропсихологтардың іс жүзінде қолданатын әдістерін жатқызуға болады.
Бірінші топқа келсек, мұнда салыстырмалы-анатомиялық зерттеу әдісі,
тітіркендіру әдісі және бұзу әдісі бар[23, 42 б.].
Салыстырмалы-анатомиялық зерттеу әдісі – жануарлардың өмір сүру тәсілдері мен мінез-құлығының олардың жүйке жүйесінің құрылыс ерекшеліктеріне тәуелділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы әдістің көмегімен мидың жұмыс принциптері, сондай-ақ үлкен жарты шар қыртысының құрылысы анықталады, бірақ олардың құрылымының қызметін зерттеу қиындық тудырды. Тітіркендіру әдісі миға әсер ету нәтижесінде жоғары дәрежелі психикалық қызметтің ерекшеліктерін талдауды шамалайды. Сол себепті миға әртүрлі жағдайда, яғни тікелей, жанама және жекелеген нейрондарды тітіркендіру арқылы әсер етуге болады. Біріншісі электрлік тоқтың көмегімен немесе механикалық жолмен ми қыртысының жекелеген бөліктеріне тікелей әсер етуді көздейді. 1871 жылы Фрич және Гитцик осы әдіспен иттің моторлы аймағын анықтады, Ч. Шерингтон (1903) маймылға тәжірибе жасады, ал В. Пенфилд адамға бірінші рет осы әдістіі қолданды.
Алайда миға тікелей әсер етуге, әсіресе адамға қатысты бірқатар шектеулер қойылған. Сол себепті ми қыртысын тікелей тітіркендіру немесе жанама әсер ету арқылы мидың қызметін табиғи жолмен зерттеу қажеттілігі пайда болды. Бұл әдіс осы сияқты табиғи факторлардың әсер етуі нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігінің электрлік белсенділігі өзгерісін анықтауды көздейді. Электроэнцефалорамма спектрінде ырғақтардың өзгерісін тіркеу біршама кеңінен таралған әдіс болып табылады, ол белгілі бір сыртқы әсерлерге жауап беру кезінде туындайтын потенциалдарды тіркейді. Эксперименталды нейрофизиологияның одан әрі дамуы жекелеген нейрондардың белсенділігін зерттеуге мүмкіндік берді. Алайда нейропсихологияның мидың механизмі туралы ғылым ретінде қалыптасуына бұзу әдісі (өшу әдісі) басты рөл атқарды. Бұл әдіс арқылы жануар миының белгілі бір аймағының бұзылуын және оның мінез-құлқындағы ерекшеліктерін бақылауға болады. Ал адамға келсек, бұл әдіс арқылы нейрохирургиялық операциядан кейінгі немесе ми бөлімдері зақымданған ауруларды бақылауға болады. Мидың жеке бөлімдері жұмысының қайтымды және қайтымсыз бұзылуы байқалуы мүмкін. Қайтымды бұзылыстар мидың жеке бөлімдерінің уақытша өшуімен байланысты, соның нәтижесінде мына қызметтер қалпына келеді, яғни 25 градустан төмен суықтық нейрондар белсенділігін тоқтатуға алып келеді, ұйқы салтамырына арнайы препараттың енуін және тиісті ми сыңарының өшуін шамалайтын Вада әдісі [24]. .
Жоғарыда аталған барлық әдістер нейропсихологияға негіздалген негізгі мәліметтерді алуға мүмкіндік берді, сондықтан да оларды ғылыми зерттеулер әдісіне жатқызуға болады. Нейропсихологтар өздерінің практикалық іс-әрекетінде А.Р. Лурия ұсынған «синдромдық талдау» әдісін немесе басқаша «Луриялық әдіс батареясын» қолданады. А.Р. Лурия батареяға біріккен бірқатар тесттерді іріктеп алды, олар барлық негізгі жоғары дәрежелі психикалық қызметтердің жағдайын (олардың өлшемдері бойынша) бағалауға көмектеседі. Бұл әдістемелер осы өлшемдерді қамтитын барлық ми құрылымдарына бағытталған және мидың зақымдану аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Осы әдістер клиникалық нейропсихологиялық диагностиканың негізгі құралы болып табыла отырып, әртүрлі таным үдерістерінің және аурудың сөйлеу, ойлау, жазу және санау, ес сияқты жеке мінез-құлқын зерттейді. Нейропсихологиялық әдістерді қолданудың арнайы саласын мектеп дезадаптациясы мәселесі құрайды. Синдромдық талдау әдісінің көмегімен нашар оқитын балаларда ми дисфункциясының бар-жоғын анықтауға болады [25, 33 б.]. .
Нейропсихологияның салыстырмалы жас ғылым екеніне қарамастан, қазіргі кезде өз міндеттерімен ерекшеленетін бірнеше бағыттары пайда болды. Бұл барлық бағыттар психикалық үдерістердің ми механиздерін зерттеуден тұратын жалпы теориялық түсініктер мен жалпы негізгі мақсаттарды біріктіреді. Е.Д. Хомская мына бағыттарды ажыратады:
Клиникалық нейропсихология – мидың локальды зақымданулары бар ауруларды зерттеумен айналысады. Негізгі міндеті – мидың локалды зақымдануы кезіндегі нейропсихологиялық синдромдарды зерттеу. Бұл саладағы зерттеулердің диагностика, аурулардың емделу, қайта қалпына келу және алдағы тағдырын болжау мүмкіндіктері туралы психологиялық
қорытынды дайындау үшін үлкен практикалық маңызы бар. Негізгі әдіс
клиникалық нейропсихологиялық зерттеу болып табылады. Қазіргі таңда
клиникалық нейропсихологияда мидың оң жақ сыңарының зақымдалуына, сыңараралық өзара әрекет кемістіктеріне, мидың терең құрылымының зақымдалуына байланысты синдромдарды зерттейді. Бұл бағыттың одан әрі дамуы мидың локальды зақымдануын диагностикалаудың заманауи әдістерінің дамуымен байланысты. Эксперименталды нейропсихология (танымдық үдерістердің нейропсихологиясы). Негізгі міндеті – мидың локальды зақымдануы кезіндегі психикалық үдерістердің әр түрлі формада бұзылуын эксперименталды зерттеу. А.Р. Лурия мен оның шәкірттері еңбектерінің арқасында ес пен сөйлеу көбірек зерттелген. Олар сөйлеу іс-әрекетін күрделі қызметтік жүйе ретінде қарастырып, афазия классификациясын жасады, есті ұйымдастыру туралы түсінікті едәуір толықтырды. Қазіргі кезде локализациясы бойынша әртүрлі ми зақымданулары кезіндегі танымдық үдерістердің және эмоционалдық-жеке тұлғалық ортаның бұзылу ерекшеліктерін зерттеу жүргізілуде [26]. .
Реабилитациялық нейропсихология. Бұл бағыттың негізгі міндеті – мидың локальды зақымдануы кезіндегі жоғары дәрежелі психикалық
қызметтерді қалпына келтіру. Сөйлеуді қалпына келтіру принциптері мен әдістері неғұрлым жете зерттелген. Бұл саланы зерттеу Ұлы Отан соғысы жылдарында басталды (А.Р. Лурия, А.В. Запорожец, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев). Зақымдалған қызметтік жүйені қайта құру есебінен күрделі психикалық қызметтің қалпына келуі мүмкін деген пікірге сүйене отырып, жоғары дәрежелі психикалық қызметтің қалпына келуінің ғылыми негізделген әдістері ұсынылды. Нәтижесінде зақымдалған қызмет психикалық құралдардың жаңа жиынтығының көмегімен жұмыс істей бастайды. Қазіргі кезде нейропсихологтар қызметінің саласына инсульт, әртүрлі ми жарақаттары, т.б. болған аурулар кіреді. Сөйлеуді қалпына келтірудің жаңа әдістері, аудиовизуалды әдістер, топтық, аурудың эмоционалдық-жеке тұлғалық
ортасына әсер ететін жаңа әдістер жасалуда.
Экологиялық нейропсихология психикалық қызметтер мен эмоционалдық-жеке тұлғалық орта жағдайына әртүрлі қолайсыз экологиялық факторлардың әсерін нейропсихология тұрғысынан бағалайды. Бұл бағыт Чернобыль апатынан кейін дами бастады және қоршаған ортаның үнемі ластануы жағдайында бұл зерттеулер өзекті мәселеге айнала бермек [27, 16 б.]. .
Даму нейропсихологиясы. Міндеті – мидың даму заңдылықтарын
анықтау. Н.Н. Корсакова мен оның серіктес авторлары ол мидың локальды зақымдануын диагностикалау үшін және балалардағы ең төмен деңгейдегі ми дисфункциясын диагностикалау үшін маңызды, сондықтан онтогенездің әртүрлі кезеңдерінде мидың бір бөлігінің зақымдануы әртүрлі пайда болады деп атап көрсеткен. Жеке қызметтік жүйенің (соның ішінде сөйлеу) жеткіліксіз нәтижелілігі бала онтогенезінің қызметтік жүйесі қалыптасуының аяқталмауына әкелетін жеке ерекшеліктерінің, сонымен қатар ми аймақтарының әр қилы жетілуінен көрінетін бала миы морфогенезінің өзгешелігі әсерінен туындауы мүмкін. Соңғы жылдары балалар нейропсихологиясы жеке сала болып бөлініп шықты. Бұл бала миының локальды зақымданулары кезіндегі психикалық қызметтердің бұзылу өзгешелігін зерттейтін нейропсихологияның жаңа бағыты. Бұл саладағы зерттеулер жоғары дәрежелі психикалық қызметтердің локализациясы заңдылықтарын анықтауға, сондай-ақ жасқа байланысты зақымдалу ошағы локализациясының психикалық қызметтерге әсерін талдауға мүмкіндік береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ең төменгі деңгейдегі ми дисфункциясына байланысты оқуда кездесетін қиындықтарына нейропсихологиялық талдау жасауға үлкен көңіл бөлінеді, ол осы жас кезеңіне сай келмейтін психиканың қызметтік жүйелерінің өзгеше қалыптасуына алып келеді. Нейропсихологиялық диагностика онтогенездегі психикалық қызметтер мен ми байланыстарының заңдылықтарын түсінуге және қандай да бір қызметтердің даму деңгейі мен қарқынындағы ми ауытқуларының детерминанттарын анықтауға мүмкіндік береді [28]. .
Нейропсихологиядағы психофизиологиялық бағыт – бұл жоғары дәрежелі психикалық қызметтердің бұзылуының физиологиялық механизмдерін зерттейтін бағыт. Ол зерттеу әдістерін (электроэнцефалография, окулография, миография, т.б.) кеңінен қолдана отырып, психофизиологиямен тығыз байланыста дамиды.
Нейропсихология практика сұраныстарының арқасында қалыптасты,
бірінші кезекте мидың локальды зақымдануын диагностикалау қажеттілігі және бұзылған психикалық қызметтердің қалпына келу мәселесі тұрды. Нейропсихологияны іс жүзінде қолданудың диагностикалық, реаблитациялық және нейропсихологиялық сияқты бағыттары бұрынғыдай өзекті мәселе боп қала береді.
Диагностикалық бағыттың мақсаты мидың зақымдалған аймағын анықтау үшін әртүрлі нейропсихологиялық зерттеу әдістерін іс жүзінде қолдану және жоғары дәрежелі психикалық қызметтердің операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі жағдайының динамикасын бағалау болып табылады. Бұл әдістерді жарақаттанған және ісік шалған мидың зақымдалу материалы негізінде А.Р. Лурия ойлап тапқан болатын, бірақ оларды көбінесе инсульттерді емдеу ауруханасында мидың басқа да зақымдану түрлерін зерттеу үшін де қолданады. Соңғы жылдары мидың локалды зақымдалуын диагностикалаудың техникалық құралдарын дамыту әртүрлі диагностикалық шаралар жүйесіндегі нейропсихологиялық диагностикалаудың орнын өзгертті. Қандай да бір сиптомдар ерте пайда болып, кеш жойылатын мидың қызметтік жағдайында көрінетін нейропсихологиялық синдромдар болғандықтан, олар жоғары дәрежелі психикалық қызметтердің операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі жағдайының динамикасын бағалау үшін жиі қолданылады. Одан басқа бұл әдістерді нейрохирургиялық операциядан өткен ауруларды дәрі арқылы емдеу кезінде бақылау үшін қолданады.
Реабилитациялық бағыт бұзылған жоғары дәрежелі психикалық қызметтерді, сөйлеуді, зияткерлік және мнестикалық іс-әрекеттерді қалпына келтіретін нейропсихологияның әдістерін іс жүзінде қолдану болып табылады.
Қазіргі кезде сау адамды зерттеу кезінде, мысалы, сыңараралық асимметрияны зерттегенде нейропсихологиялық әдісті қолдану кеңінен дами бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет