3-сұрақ. Невроз – психотикалық құбылыстардың қатысуынсыз, ерекше клиникалық феномендерде көрінетін психикалық жүйке бұзылуларының шеткі тобы. Невроздың анықтаушы себептерінің рөлін атқарады; психологиялық факторлар, әлеуметтік факторлар.
Аутизм – сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өз болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күй. Ең алғаш аутизм деген терминді
1912 жылы Щвейцар психиаторы Э.Блейхер ұсынған. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика мен музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі мүмкін. Аутизм бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Сиптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі. Бірақ кейбір жағдайда ерте жастан байқалып бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм синдромы деп атайды. Нақты синдром ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Балалық аутизм әртүрлі болады. Кейде мұның белгілері туа сала көрінеді, олар солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргегі суланса сезбейді, бір жері ауырса сезбейді. Өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді түсінбей қайталай береді.
Истерия – ұстамалы сырқат, адам мінез-құлқының, қозғалысының, сезімталдығының, ішкі органдар қызметінің бұзылуынан болатын психикалық ауру. Ежелгі гректер истерияны тек жатыр ауруының салдарынан пайда болатын тек әйелдер дерті деп есептеген. Бұл аурудың негізгі себебі көбінесе жүйке жүйесінің бұзылуы, психикалық қайғы, аурудан жүдеу және т.б. Кейде истерия кезінде күлкі мен жылау бір мезгілде келеді, тынысы тарылып, бір нәрседен қорқып, шошиды, киімін жыртып, шашын жұлады. Беті қызарып, көруі нашарлап, құлағы естімей қалады. Ал бір нәрсе ұнаса көңілі көтеріліп, ағынан жарылып, көңілінен шыққан адамды дүниеде одан артық жан жоқтай көреді [48,100 б.]..
Психоастения – тұрақты мазасыз ойлардан, үрей-қорқыныштан, батылсыздықтан байқалады. Ол және ішкі кикілжіңдер мен қарама-қайшылықтардан да пайда болуы мүмкін.
Патопсихологиялық зерттеу құрлымының (құрудың) принциптері.