Ямото, мицуги, этаки, латифундия, синтоизм, Тайк көтерілісі.
Сұрақтары:
1. 17 бап заңы, буддизмнің енуі, басқару жүйесіне Қытай ықпалы.
2. Үлестік жүйе, жеке меншік вотчиналар, Тайхоре заңдар жинағы.
3. Жапон мəдениеті.
Жапониядағы ерте феодалдық мемлекеттің қалыптаса бастауы ІҮ ғ. екінші жартысына
жатады. Ол тайпалар одағының басшысы Ямато патшалары мен жергілікті көсемдердің
қатынасынан өз көрінісін тапты. Соңғылары орталық өкіметтің өкілдері ретінде
қарастырылды. Бұрынғы құрбандықтың орнын астық салығы «татикара» басты. Қолөнер
салығы болды. Ол мицуги деп аталды. Құрылыс жұмысына міндеткерлік енгізілді. Ол этаки
деп аталды. Феодалдық өндірістік қатынастардың дамуы «ата» деп аталған ақсүйек жерінің
бөлініп шығуынан да көрінеді. Бөлініп шыққан жердің иесі феодалға айналды. Ол өз
жеріндегі жұмысқа «табэ» деп аталған кедейлеген қауым мүшелерін жалдады. «Бэ» деген
сөз «құл» деген мағынаны береді. Бұрынғы үй шаруашылығында пайдаланылатын яцуке деп
аталатын құлдан табэнің айырмашылығы – оның өз мүлкі болды, оны қожасы өлтіре де, сата
да алмады. Сондықтан оларды жартылай ерікті егіншілер деп атайды.
Жартылай еріктілер жапон мемлекетінің құрылуында үлкен рөл атқарды. Себебі,
олардың еңбегі өндіргіш күштерін дамытты. Жартылай еріктілер қатарын қоныс аударған
қытайлықтар толықтырып отырды. Жапониядағы феодалдық қатынастар үстемдігі ҮІІ
ғасырдың жартысында орнай бастады. Бұл орнығу үстем таптың жеке топтары арасындағы
билік үшін күреспен қатар жүрді. Сонау ҮІІ ғасырдың басында-ақ Ямато патшалары өз
биліктерін басқа ру-тайпалар көсемдерінің биліктерінен ерекше екендігін дəлелдеуге
тырысты. 605 жылы принц-регент Умаяда (Сетоку-тайси) Ямато патшаларының
декларациясын- «17 баптан тұратын заңдарды» жариялады. Ежелгі Жапония синтоизм дінін
(«синто» - «құдай жолы») ұстанды. Жапонияда буддизм ҮІ ғасырдың ортасында тарай
бастады. 552 жылы Кореяның Пекчэ мемлекетінен елші келді. Ол будда дінін таратуды
ұсынды. Бірінші будда монастыры Хорюдзи 608 жылы Нарада тұрғызылды. Баспалдақ
үлгісімен ұйымдастырылып, бір орталыққа бағындырылған будда шіркеуі феодалдық
мемлекеттің үлгісі болды. Буддаға табынушылық бұрынғы ру-тайпалық алауыздықтардың
жойылуын қамтамасыз етті.
645 жылы «Тайк төңкерісі» болды. Тайк – жылдың аты. 646 жылғы жарлық бойынша
барлық жер жеке меншіктіктен алынып, мемлекет қарамағына өтті. Халық мемлекеттің
үлесін иемденушілер болып есептелді. Ерте феодалдық құрылыстың негізгі принциптері 701
жылы құрастырылған Тайхоре кодексінде бекітілді. Үстем таптың өкілдері де жер үлестерін
алды. Бірақ олардың үлестері шаруа үлестерінен əлдеқайда көп болды. Мемлекетті басқару
үшін үлкен аппарат құрылды. Оны жоғарғы мемлекеттік кеңес (додзекан) басқарды. Ол
кеңеске 8 министірлік бағынды. Ел провинцияға (кундер) жəне уездерге (корлер) бөлінді.
Жалпыға бірдей əскери министірлік енгізілді. Білім беру жүйесі Қытай үлгісімен құрылды.
Қытай тілі үкімет басшыларының тілі болды. Мықтылар қытай тілінде сөйледі. 710-794
жылдары жапон тарихнамасында Нара кезеңі деп аталды. Себебі, бұл кезде Жапонияның
астанасы Нара қаласы болды. Бұл кезең елдің материалдық жəне рухани байлықтарының
гүлдене түсуімен сипатталады. Сөйтіп, ҮІІІ ғасырдың аяғына қарай Жапонияда феодалдық
қоғам орнығып, мəдениеті гүлдене түсті.
Достарыңызбен бөлісу: