Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Орта ғасырлар бойынша дәрістер

Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 


1. Германдықтардың әлеуметтік-экономикалық құрылымы қандай болды ? 
2. Германдықтардың әлеуметтік-саяси ұйымдары қандай болды ? 
3. Халықтардың Ұлы қоныс аудару себептері қандай ? 
4. Батыс Рим империясы қашан құлады ? 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Корсунский А.Р., Гюнтер Р. Упадок и гибель Западной Римской империи и возникновение 
германских королевств (до середины ‡І в.). М., 1984. 
2. Жумагулов К.Т. Проблемы истории германских племен (с древнейших времен до начала 
средних веков). Алматы.2002. 
2 - ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУ ДƏУІРІНДЕГІ 
ҒҰНДАР.
Б.з. ІҮ ғасырында империяға герман тайпаларының шапқыншылығымен қатар Еуразия мен 
Еуропада халықтардың Ұлы Қоныс аударуына түрткі болған ғұндардың да қозғалысы 
басталды. Шығыстан келге бұл түрік тайпалары ұзақ уақыт Еуропадағы саяси 
қатынастардың сипатын анықтады. 
Ғұндар, Аттила, Паннония, миграция. 
Сұрақтары: 
1. Орталық Азиядан Батысқа ғұн тайпаларының миграциясының басталуы. 
2. Еуропада ғұн державасының пайда болуы. 
3. Ғұн державасының ыдырауы жəне еуропа тарихы мен өркениетіндегі ғұндардың орны.
Б.з. 48 жылы ғұндар солт‰стiк және оңт‰стiк болып, екiге бөлiндi. Оңт‰стiк ғұндар 
Хань империясына бағынды. Солт‰стiк батыстағы ғұн мемлекетi б.з. I‡ ғ. әйгiлi болып
шығыс Европаға қарай жылжыды. Екiншiсi – батыс және солт‰ст‰к - батыстағы сармат, 
алан, гот тайпаларына бет т‰зедi. Сонымен батыс ғұндарға Едiл мен Дунайға дейiнгi жерлер 
бағынды. Осыдан кейiн 376 жылы ғұндар Рим империясымен шектесiп, оған к‰ш көрсете 
бастады. 395 жылы ғұндар Закавказье мен Месопотамия аймағына шабуыл жасады. ‡ 
ғасырда Паннония өлкесiн жаулап, ғұн державасын құрды. 433 жылы қартайған ғұн 
патшасы өз билiгiн немерелерi Белде мен Аттилаға бередi. Ағалы-iнiлi екеуi патшалықты 12 
жыл бiрiгiп басқарып, гот тайпаларын өздерiне қаратты. 375 жылы остготтар жеңiлiп, 
олардың көсемi Эрманарих өзiн-өзi өлтiрдi. ғұндар бургунд королiн Рейн бойында 
талқандады.
«Халықтардың ұлы қоныс аударуына» т‰рткi болған ғұндар қозғалысы. Аммиан 
Марцелин ғұндардың жауынгерлiк қасиетiн баяндайды. Ғұндар туралы мәлiметтердi гот 
тарихшысы Иорданнан да кездестiруге болады.
455 жылдан бастап Аттила ағасын өлтiрiп, өзi жеке билiк ж‰ргiзе бастайды. 450 жылы 
Аттила Римге жорыққа дайындалады. Ол Рим императоры III Валентианнан империяның 
байлығы мен билiгiнiң жартысын берудi талап етедi. Валентианның қарындасы Гонория 
Аттиланың көмегiмен билiкке араласу ‰мiтiмен, ғұн билеушiсiне жасырын хат жолдап, 
көмек сұрайды. Аттиланың Римге қарсы жинаған әскерiнiң құрамында ғұндардан басқа
остготтар, гепидтер, ругийлер болды. Аттила әскерi Шығыс Рим империясының Дунайға 
дейiнгi қалаларын қиратып, Солт‰стiк Италия мен Грецияны қаңыратып кетедi. Ғұндар 
Византия жерiнде жеңiстен-жеңiске жетiп отырды. Ендi Аттилаға бағынбаған Рим ғана 
қалды. 451 жылы Рейннен өткен ғұн әскерлерi Римге аттанады. Оған қарсы Рим әскерiн 
бұрын ғұн тәрбиесiнде болған, ғұндарды жақсы бiлетiн, Аттиланың қасында ж‰рген 
әскербасы Аэций бастаған вестготтар, аландар, алемандар, бургундтар, франктердiң 
бiрiккен қолы шықты. 451 жылы маусымда екi жақтың әскерi Труа қаласының маңындағы 
Каталаун даласында кездесiп, бұрын болмаған, қиян-кескi соғыс болды. Екi жақтанда көп 
шығын болды, шайқас барысында екi жақ бiр-бiрiне берiспедi. Римдiктер арасында өзара 
алауыздық басталды. Каталаун даласындағы шайқас бұрын-соңды болмаған ерекше шайқас 
болды.
Ғұндардың к‰ш-қуаты 451 ж. «халықтар шайқасынан» кейiнде сарқылып, бiтiп қалған 
жоқ. Бұл оқиғадан бiр жыл өткеннен кейiн-ақ Аттила ендi Рим империясының дәл ж‰регi 


болып табылатын Италияға жорық жасады. Римдiктер ‰рейленiп, император I Лев сауға 
сұрап, елшi жiбердi. Аттила I Левтiң өтiнiшiне тоқтап, Римдi алмады. Ғұн патшасы 
Паноннияға қайтып кеттi.
Аттила өлiмiнен соң ұлы патшалық батыста оның ұлдары арасында бөлiске т‰стi. 
Ғұндар жерi төменгi Дунайда тұрақтап қалды. Каспий, Қара теңiз, Орал, Арал теңiзiне 
дейiнгi аймақ ғұндардың шығыс бөлiгi ретiнде өмiр с‰рдi. Көршi елдерге ғұндар кейiн де
жиi шабуылдап тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет