Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Орта ғасырлар бойынша дәрістер

Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. «Тайк төңкерісі» жəне үлестік жүйенің қалыптасуы 
2. Жапонияда ерте феодалдық мемлекет қашан қалыптасты ? 
3. Жартылай еріктілер дегеніміз кімдер жəне оның рөлі ? 
Ұсынылатын əдебиет: 
1. История стран зарубежгой Азии в средние века. М., 2000. 
 
19-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ТРОПИКАЛЫҚ АФРИКА. 


Орта ғасырлардың басындағы Африкалық қоғам. Африкалықтардың діні, шаруашылығы. 
əлеуметтік-экономикалық дамуы. 
Сахара, Аксум, Нубия, берберлер, фульбе 
Сұрақтары: 
1. Тропикалық Африка халықтарының шаруашылығы. 
2. Аксум мемлекетіндегі аграрлық қатынастар. Саяси дамуы. Христиан дінін қабылдау. 
3. Мукурраның саяси дамуы, əлеуметтік-экономикалық жағдайы. 
Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка аудандарының даму қарқыны бірдей 
болмады. Орта ғасырлардың ерте кезеңінде бір халықтарда таптық қатынастар қалыптасып 
жатса, екінші біреулерінде мемлекеттік бірлестіктер қалыптасып, алғашқы қауымдық 
құрылыста өмір сүріп жатты. Африка территориясындағы қоғамдық қатынастарды 
экономикалық өмірінің даму деңгейіне байланысты ұқсас ірі аудандарға бөлуге болады. Ол 
аудандарға Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропикалық Африка, Оңтүстік Африка 
жатады.
Тропикалық Африка халықтарының көпшілігі ежелден егіншілікпен айналысты. Тек 
берберлер мен Оңтүстік Сахараның туарегтері, фульбе (Батыс Африка), масаилар, галлалар 
(Шығыс Африка) сияқты көшпелі халықтар мал шаруашылығымен айналысты. Табиғи 
жағдайлардың ерекшелігі, жердің құнарлылығы, дақылдар түріне ғана емес, егін құрал-
жабдықтарының түріне де əсер етті. Тропикалық Африканың топырағында құнар өте аз, 
оның жоғарғы беті ғана құнарлы. Оны терең жырту пайдасыз. Сондықтан бұл халықтар 
кетпенді пайдаланып келді. Африкаға тəн дақылдар – сорго, тары жəне күріш болды. 
Қолөнері қоғамдық өндірістің маңызды бөлігін құрады. Африкалықтар металл өңдеудің 
ерекше түрін пайдаланды. Қауымдық шаруалар африкалық қоғамның негізгі өндіргіш күші 
болды.
Алғашқы мемлекеттер құрылған солтүстік-шығыс Африка халықтарының дамуына 
араб мəдениеті зор ықпал етті. Біздің заманымыздың басында Африканың Қызыл теңіз 
жағалауындағы халықтарының өз бетімен дамуы басталды. ІІ-ІІІ ғғ. орталығы аксумда саяси 
бірлестік қалыптасты. Оның экономикалық жəне саяси маңызы біртіндеп арта түсті. 
Қоғамдық жəне экономикалық өмірдің негізін ерікті шаруалар қауымы құрады. Əр қауымда 
ең алғаш қоныстанған ру үстем болды. Жерге мемлекеттік меншік те орнай бастады. Жеке 
меншік жерлерді қауымдық шаруалар өңдеді. Суландыру жүйесі үлкен болды.
ІІІ ғасырдың соңында Аксум өзінің ақшасын шығара бастады. Аксумдықтар Аравияға 
да жорық жасап, Қызыл теңіздің екі жағына да бақылау орнатты. Оңтүстік аравиямен 
қатынас Аксум патшалығының сыртқы саясатының маңызды бағыты болып қала берді. 
Нубия мен Египеттің шекаралас аймақтарымен, Рим-Византиямен қатынас жасап, одақтас 
болды. Мемлекет өз дамуының жоғарғы шегіне ІҮ ғ. бірінші жартысында Эзананың 
патшалығы кезінде қол жеткізді. ІҮ ғ. христиан дінін қабылдады. Христиан дінін 
қабылдауының саяси жəне экономикалық астары болды. Бұл дін Аксумды солтүстіктегі 
көршісі Шығыс Рим империясымен жақындастырды. 
Ү-ІХ ғғ. Нубия қазіргі Судан территориясында Ақ Ніл мен Көк Ніл қосылған жерінде, 
ежелгі гректер Нубия деп, ал египеттіктер Куш деп атаған ауданда ешіншілікпен 
айналысатын өркениет қалыптасты. ҮІІ ғ. Нубияның солтүстік аймақтарына арабтар 
қоныстана бастады. Барлық ішкі жəне сыртқы сауда араб көпестерінің қолында болды. ҮІІ-
ҮІІІ ғғ. христиан шіркеулері мен монастырлар пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет