Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Орта ғасырлар бойынша дәрістер

Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы туралы теориялар ? 
2. Ортағасырлық қалалардың тұрғындары мен сыртқы сипаты қандай болды ? 
3. Коммуналдық қозғалыс және оның нәтижелері қандай болды ? 
Ұсынылатын əдебиет: 
1. Городская жизнь в средневековой Европе. М., 1987. 
2. Городская культура. Средневековье и начало нового времени. Л., 1986. 
6-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫ. 
Ерте орта ғасырлардың соңында Батыс Еуропаның қоғамдық өмірінде шіркеудің рөлі өсті. 
Халықаралық қатынастар католиктік шіркеумен анықталды. Бұл жағдайдың көрінісі крест 
жорықтары болды, олардың басты мақсаты мұсылмандармен күрес ұранымен жаңа жерлерді 
жаулап алу. 
Иса Мәсiх, Иерусалим, крест жорықтары, христиандар. 
Сұрақтары: 
1.Мəселенің деректері мен тарихнамасы. 
2. Крест жорықтарының басталуы. Бірінші крест жорығы. 
3. Келесі крест жорықтары. 
4. Крест жорықтарының құлдырауы жəне Батыс пен Шығыс үшін нəтижелері. 
1095 жылдан 1292 жылға дейiн еуропалық рыцарлардың шығыстық мұсылман 
елдерiне қарсы экспедициясы орын алды. 200 жыл бойы папалар, корольдар мен рыцарлар 
Иса Мәсiхтiң өмiрiмен байланысты Иерусалимде және басқа қасиеттi жерлерде билiгiн 
орнатқан мұсылман патшалықтарына қарсы қатыгез жорықтар ж‰ргiздi. Бұл соғыстар 
кресшiлер жорықтары деген атқа ие болды. Олардың көпшiлiгi «құдайсыздарды» (селжук 
т‰рiктерiн солай деп санаған) құрту, олар басып алған жерлердi христиандарға алып беру 
сияқты «дiндi қорғау» ұранымен өттi. Шын мәнiнде бұл батыс еуропалық рыцарлардың 
Жерорта теңiзiнiң Шығысындағы елдерге қарсы бағытталған әскери-отаршылдық 
экспансиясы едi. Оның басты мақсаты қасиеттi жердi азат ету деп жарияланды. Христиандар 
Палестинаны солай атады, себебi iнжiлде айтылғандай, сонда Иса Мәсiх азаптап өлтiрiлiп, 
кейiн қайда тiрiлiп, аспанға ұшып кеткен. 
Басты христиандық қасиеттi орын Иерусалимдегi Иса Мәсiхтiң табыты деп саналады. 
Ол сонау ‡II ғасырдың 40-шы жылдарынан берi мұсылмандардың-алдымен арабтардың,
кейiн Сыр-Дария бойынан келген Селжук-т‰рiктердiң қолында болатын. Иерусалимдi басып 
алып, Рим папалары өз билiктерiн Шығыс елдерiне де орнатуды аңсады. Олар Шығысқа 
жорық Римге православие шiркеуiн де бағындыруға көмектеседi деп ‰мiттендi. 
Дегенмен крест жорықтарының басты себебi-ислам әлемiнiң өрлеп, христиан әлемiнiң 
керiсiнше – дағдарысқа ұшырауы болды. ‡II-‡III ғасырларда жаңа ислам дiнi негiзiнде 
құрылған араб халифаты өз ‰стемдiгiн Шығыста Қытайдан батыстағы франктер мемлекетiне 


дейiнгi жерлерде, б‰кiл Солт‰стiк Африкада орнатты. Бұл кезде христиан дiнiнiң iшiнде ала 
ауыздық пайда болып, Рим мен Константинпольдегi дiнбасыларының арасындағы алшақтық 
к‰шейдi. Бұл ала-ауыздық 1054 жылы христиан дiнiнiң католиктiк және православиелiк 
болып бөлiнiп кетуiне әкелiп соқты. 
Бұл кезде клюнилiк қозғалыстан кейiн батыстық католик шiркеуi мен оның басшысы 
Рим папасының беделi өсiп, қуаттылығы арта т‰стi. Ал шығыста әлсiрей бастаған араб 
халифатының орнын селж‰қтық т‰рiктер басып, ислам дiнiн онан әрi асқақтата т‰стi. Ислам 
дiнiнiң к‰ннен-к‰нге кеңiнен қанат жайып, беделiнiң өсе т‰суi христиандықтың көзiне 
шыққан с‰йелдей болды. Католик шiркеуiнiң басшылары ислам әлемiнiң онан әрi кеңейе 
т‰суiн тежеуге, мұсылмандар қол астына көшкен жерлердi қайтарып алуға, соның арқасында 
Рим папасының билiгiн к‰шейте т‰суге тырысты. 
ХI ғасырдың соңына қарай Византия императорлары Рим шiркеуiнен ат жалын ‰зiп 
бөлiнiп кеткенiне қарамастан пападан шығыстағы жаңа мұсылман көршiлерiне қарсы 
к‰ресуге көмек сұрауға мәжб‰р болды. Мұсылмандар Палестинаның орталығы Иерусалимге 
қажылыққа келiп жатқан христиандарға қарсылық көрсетiп, қысым жасаған жоқ. Бiрақ 
Византия оларды қауiптi көршi деп санап, Таяу Шығыстан қуып тастауға ұмтылды. Ал Рим 
папасын Киелi жердiң байлығымен құнарлылығы қызықтырды. ХI ғасырдың соңына қарай 
Батыстың дiнбасылары Киелi жерге қажылыққа баратын дiндарларды қолдарына қару алып, 
мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақыра бастады. 
1095 жылғы 18 қараша к‰нi Оңт‰стiк Франциядағы Клермон деген қалада шiркеулiк 
собор шақырылды. Ол христиан елдерiн аздырып-тоздырған өзара соғыстарды бiржолата 
тоқтатуды көздедi. 26 қараша к‰нi папа II-Урбан (1088-1099) жиналғандарды қолға қару 
алып қасиеттi жердi жаулап алған селж‰қтарға қарсы крест жорығына шақырды. Папа бұл 
жорыққа қатысушылар олжаға қарық болады, к‰нәләрiнен арылады, соғыс кезiнде қаза 
табатындар бiрден жұмаққа қабылданады деп уәде бердi. Сөзiн «құдайдың қалауы осындай» 
деп бiтiрдi. Сол-ақ екен, б‰кiл Еуропаны Палестинаға жорыққа ‰ндеген дауыстар кернеп ала 
жөнелдi. Халықтық бұл ‰ндеудi қабыл алуына бiрнеше себеп болды. Ол: Еуропадағы халық 
санының өсiп, жердiң жетiспеуi; құнарлы жерлердi басып алуға ұмтылыс; Византияның 
православиелiк христиандарына көмектесу; өз к‰нәләрiнен құтылу; христиандық қасиеттi 
орындарды мұсылмандардан қайтарып алу. Папаның ‰ндеуiне ең алдымен соғыс олжа табу 
жолындағы к‰нделiктi дағдылы да басты iсi болып табылатын рыцарлар ‰н қосты. Олардың 
көпшiлiгi кедейленген от басынан шыққан және әкеден мұра аз тиген рыцардың кiшi ұлдары 
болатын. Мұндай кедей, әрi жас рыцарлар мұсылмандармен соғыста оңай ерлiк көрсетiп, 
атақ-даңққ пен байлыққа ие болуды армандады Аш қасқырдай жалаңдаған мұндай мазасыз 
рыцарлардың Еуропадан алыс кетуiне корольдар мен папалар да м‰дделi болып, өз ‰лестерiн 
қосты. Себебi Еуропадағы тыныштықтың бұзылуына көбiнесе кедейленген рыцарлар ұйтқы
болып жататын. Крест жорығына тарту арқылы олардың к‰шiн сондай-ақ шiркеу игiлiгiне 
пайдалану м‰мкiндiгi туды. Папаның ‰ндеуi рыцарларды құрыштай жұдырыққа бiрiктiрiп, 
шығысқа атой салғызды. 
Папаның ‰ндеуiн жаңа иелiктер мен өнiм өндiрушiлер табуға ‰мiттенген герцогтар, 
графтар мен корольдер де қабыл алды. ‡ндеудi қайыршылықтан, қарыздарынан құтылуды 
(папа жорықтан қайтқанша қарыздарын қайтаруды талап етпеуге уәде бердi), соңғы 
жылдардағы жұтқа байланысты орын алған ашаршылықтан аман қалуды ойлаған шаруалар 
да қуана қарсы алды. II-Урбанның ‰ндеуiне қаланың кедей-кепшiктерi мен ұры-қарылары, 
қаңғыбастар мен қылмыскер-қашқындар да қосылды. Кресшiлермен бiрге селж‰қ-
т‰рiктерге қарсы жорыққа саудагерлер де қатысты. Олар Шығыс тауарларын сатып, тез 
байып алуды ойлады. Папа ‰ндеуiн қабыл алғандар өздерiнiң Қасиеттi Жерге, христиан 
жауларына қарсы жорыққа аттанушылар екендiгiн бiлдiру ‰шiн киiмдерiне қызыл матадан 
жасалған крест белгiсiн тiгiп алды. Сол себептi тарихшылар Жерорта теңiзiнiң Шығысына 
жасалған бұл жорықтарды кресшiлер жорығы деп атады. Шындығында бұл атау жаңа 
заманда (17 ғ. аяғы) пайда болды, ал жорыққа қатысушылардың өздерi оны «қасиеттi жерге 
жол» деп атаған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет