Əсіресе осы елдердің ішінде Франция үшін Германияның бір орталыққа бағынған мемлекет
ретінде қалыптасуы тиімсіз еді. 1618 жылы басталып, 1648 жылы Вестфаль бітімімен
аяқталған отыз жылдық соғыс неміс князьдары үшін ғана емес, бүкіл неміс халқы үшін
қасіретті оқиға болды. Бұл соғыстың шығуына діни жіктеліс сылтау болғанымен негізгі
себебі орта ғасырлық дамудың шеңберінен əлі де шыға қоймаған австриялық
Габсбургтермен испандық Габсбургтер жəне дамуы жағынан ерте буржуазиялық даму
сатысына аяқ басқан Франция арасындағы Европа құрлығындағы біріншілікке таласқан
бəсекелестік күрес болды. Австриялық жəне испандақ Габсбургтер құрған «Қасиетті Рим
империясындағы» əлсіз буын болып табылатын Германия қақтығыс аренасына айналды.
Отыз жылдық соғыстың тікелей нəтижесі болып табылатын Германияны территориялық
жағынан бөліске салу, князьдардың саяси билігінің шектелуі, Германияның назарын басқа
европалық елдер сияқты ортарлар үшін бəсекелестен тек өзінің саяси жəне территориялық
бірлігі үшін күреске аударды.
Германияның тарихи дамуына тəн ерекшеліктері оның əрбір бөліктерінің
араларындағы экономикалық қарым-қатынастардың нашарлығында жəне мұндағы
орталықтандыру процесінің тек жеке провинциялары мен территориялардың масштабында
ғана өткендігінде болды. Германияда болған экономикалық өзгерістер мен сауда саттық
байланыстардың ұлғая түсуі елдің саяси бытыраңқылығын бекіте түсті. Германияның
орталығы барған сайын əлсірей түсті. Неміс княздерін империялық реформаның жолдарын
іздеуге мəжбүр болды. ХҮ ғасырдың 80-жылдары оңтүстік-батыс Германияда «Швабия
одағы» деген атпен ірі саяси жəне соғыс бірлестігі құрылды.
Германияның саяси дамуының көрсеткіші – бұл ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы княздардың
жетістігі, олардың император билігіне жол бермеуі. Бұған Люксембургтегі графтық атақ
Генрих ҮІІ (1308-1313) мысалға келтіруге болады. Ол өзінің баласын Чехия королінің
мұрагер қызына қосты. Ондағы мақсаты сол елге билік жүргізу еді. Осыдан кейін ол
Италияға жорық жасайды. Генрих ҮІІ өлімнен кейін таққа Габсбургте туған австриялық
герцог Фридрих Красивыймен Вительсбахта туған герцог Людвиг Бавар (1314-1347)
шайқасты. Бұл шайқаста Людвиг Бавар жеңіске жетті. Германияның Иоанна ХХІІ папасы
қаржылық жəне саяси қарсыластықта Людвигті қолдады. Оны антипартиялық оппозициялар
да қолдады. Бұл оппозиция неміс бюргерлері мен клирдің бір бөлігінен тұрады.
Германиядағы ақсүйектер билігінің қарсыластары Марсилий Падуан папасы жəне Вильям
Оккам папасы да болады. Людвиго бұдан кейін 1327-1330 жылдары Италияға жорыққа
шықты. Шайқастың өткірлігін пайдаланған неміс князьдары чех королін жəне Люксембург
əулетін көрсетуші маркграф Карлды таққа отырғызды.
Германия үшін ХҮІ ғасырлар қала өмірінің өркендеуімен жəне қолөнер кəсібі мен
сауданың одан əрі өсе беруімен сипатталады. Германияның экономикалық өмірінің
ерекшелігі оның өскелең жəне өркендей бастаған қалаларының арасындағы тығыз қарым-
қатынастардың нашарлығы болған еді. Қолөнер кəсібі мен сауданың өсуі ХҮ ғасырда жалпы
германдық рыноктық қарым-қатынастың пайда болып, бүкіл елдің бірыңғай экономикалық
орталығының құрылуына əкеліп жеткізе алмады.
Германияның дүниежүзілік сауда жолдарының түйіскен торабына орналасуы
маңызды болды. ХҮ ғасырдың қарсаңында Германияда жүн маталарын өңдеп шығару
Еуропаның өзге елдеріндегі сияқты алыстағы рыноктарға жұмыс істеуші өндірістің басты
саласы болды. Солтүстіктегі германдық жерлерде қой шаруашылығының айтарлықтай
дамуы жəне ел ішінде негізгі бояғыш заттардың болуы шұға өндірісі үшін қолайлы болды.
ХҮ ғасырдың соңынан бастап жəне ХҮІ ғасырда мақта-мата мен полотно
өндірісінің
сапасы бірсыпыра табыстарға қол жеткізді. Бұлар тек жергілікті рыноктарға ғана емес,
сонымен қатар Италия мен Испанияға жəне басқа елдерге де шығарды. Металл өңдеу ісі де
жетілдірілді. Металл өңдеуге Нюрнберг қаласы маманданды. Германияның бытыраңқылығы
өндірістің жаңа салаларының пайда болуына кедергі келтіріп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: