Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Орта ғасырлар бойынша дәрістер

Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 


1. Крест жорықтарының шын сабептері қандай болды ? 
2. Тарихта қанша крест жорықтары бар ? 
3. Крест жорықтарының салдарлары қандай болды ? 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Заборов М.А. Папство и крестовые походы. М., 1960. 
7-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ БАТЫС 
ЕУРОПА.
ХІ-ХҮғғ. Батыс Еуропадағы феодалдық қатынастардың гүлденген уақыты. Қалаларда 
еретиктік қозғалыстар дамыды, шаруалар бас бостандығын алды. Халықаралық маңыздағы 
феодалдық соғыстар жүрді. 
Нормандия, виландар, парламент, Генрих ІІ, барондық олигархия, Еркіндіктің Ұлы 
Хартиясы. 
Сұрақтары: 
1. ХІ-ХҮғғ. Франция. 
2. ХІ-ХҮғғ. Англия. 
3. ХІ-ХҮғғ. Германия. 
4. ХІ-ХҮғғ. Италия мен Испания. 
5. Батыс Еуропа мəдениеті. 
XV ғасырдың басына қарай Англияның өнеркәсіптік экономикасы салыстырмалы 
т‰рде тауар – ақша қатынастарының пісіп жетілген жоғары деңгейімен ерекшеленеді. 
Капиталистік кәсіпорындар пайда бола бастады. Бұл кезеңде Англияда өнеркәсіптің к‰рт 
өсуінің перспективасы көріне бастады, ал бұл өз негізінде қалалардағы қолөнер цехтарынан 
тыс жерде де, қақтығыстан тыс қала алмайтын. Ұсақ өндірушілердің тауар 
шаруашылықтарының к‰шеюі ұйымдасқан – феодалдық қолөнерді ыдырату факторы бола 
тұра, өндірістегі билеуші қатынастарға да феодализмнің өзіне де қайшы келмеді. Ол 
ыдырауға себепші болып, оның өзіндік жоғалып кетуіне материалдық негіз құрды.
Ағылшын саудасы мен өнеркəсібінің дамуы үшін XV ғасырдың өзінде – ақ көрініс 
тапқан қоршау, секуляризация сынды капиталдың алғаш жинақталуының классикалық 
əдістері анықтаушы бағыт болды. XV ғасырдың басында Англияда шамамен 4 миллион 
халық, оның бестен төрт бөлігі ауылдарда мекендеді. Осы уақыттағы ағылшын 
деревнясындағы əлеуметтік жəне агарарлық салалардағы сапалы өзгеріс феодалдық 
қатынастардың түбегейлі құлдырауына алып келді. Жоғары деңгейге жеткен тауар 
шаруашылығының интенсивті дамуымен даярланған өнеркәсіптегі капитализмнің 
қалыптасуы, ұсақ өндірушілердің дифференцациясы, ақшаның бірінші кезекте 
саудагерлердің қолында жинақталуы шаруаларды к‰штеп және жаппай экспропорциялау 
‰рдісімен жеделдетілді. Жасанды экспроприация нәтижесінде жолдамалы жұмыс к‰шінің 
рыногы кеңейді. XV ғасырдың басына қарай олардың төрттен бір бөлігі өмір с‰ру 
құралдарынан м‰лдем айырылғандар қатарына енді.
Текстиль өнеркəсібінде жұмысшылардың шоғырлану деңгейі жоғары болмады. Бұл 
ағылшын капиталистік өндірісінің даму деңгейі үшін тəн құбылыс, өйткені текстиль 
өндірісінде бүкіл халықтың үштен бір бөлігі қызмет етті. Лавенгельдегі Томас Спринг, 
Ньюберидегі Джон Улчкомның өнеркəсіптері сияқты орталықтанған мануфактуралар сирек 
кездесті. 
Олар 
негізінен 
бұрынғы 
шіркеулердің 
ғимараттарында 
шашыранды 
орналастырылды. Парламенттің шұға саудасы жөніндегі комитетімен көпес – 
авантюристердің компаниялары сəтсіздіктердің басты себебі еуропалық елдер арасындағы 
сауда қақтығыстары деген қорытындыға келді. Бұл уақытта Германияда тұрпайы голландық 
шұға сұранысқа ие болып тұрғанында Англия əкімшілігі жоғары сапалы шұғаға сұранысты 
өсіру үшін бірқатар шаралар қолданды, ол ағылшындарға сырт киімді шұғадан ғана тіктірту 
қажеттігі туралы заң шығарды. XVII ғасырдың ағылшындары үшін жүннен тігілген киімдер 
ағылшын корольдігінің ең жақсы тауарлары болып саналды.


XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап көмір өндірісінде к‰рт өсу байқалды. Бұған 
Англияның орман ресурстарының таусылуы – «орман дағдарысы» алғышарт болды. 1550 
жылдары көмір өндірушілер өздерін жер қазушылар деп атап, көмірді ауылшаруашылығы 
жұмыстарынан бос уақыттарында өндірген. 60 – шы жылдардың басында көмір өндірісінде 
жалдамалы жұмысшылар пайда болды: шахтерлер саны 3 – 4 мыңға, ал көмір тасмалдаумен 
айналысатын жұмысшылар 2 мыңға жетті. XVI ғасырдың аяғында бір шахтадағы 
жұмысшылардың жалпы орташа саны 150 мен 200 дің арасында, ал жанында орналасқан 
рудаларды өндіру шахтасында бір топтың 3,5 – 5 мың жұмысшы болды. Осылайша, 1550 – 
1600 жылдар аралығында тауда көмір өндірумен шұғылданатындардың санында к‰рт секіріс 
орын алды. XVII ғасырдың алғашқы жылдары шахтерлер саны 21 мыңға, ал көмірді 
тасмалдаушы жұмысшыларды қосып есептегенде көмір өндірісіндегі жалдамалы 
жұмысшылар көлемі 30 мың адамға жетті. Шахталардың тереңдеуіне байланысты суды 
шығару мәселесі қойылды, ол ‰шін ауа насостары қолданыла бастайды. Руданы бірінші 
өңдеуден өткізгенде бөлетін және ұсататын диірмендер салынды.
Көмір шығаратын өнеркәсіптерді құрал – жабдықтармен қамтамассыз ету мақсатында 
XVI ғасырдың аяғы – XVII ғасырдың басында екіден алты мыңға дейін фунт стерлинг 
жұмсалды. Көмір шахталарындағылардың жағдайы м‰лдем теңсіз болды. Англияның кейбір 
аудандарында, мысалы Динский орманындағы көмірді тек ерекше гильдиялар ғана өндіре 
алды. Бірақ бұл гильдиялардың м‰шелерін тау – кен ісіндегі техникалық дамуымен 
жалдамалы жұмысшылар ығыстыра бастады. Бұл ұсақ кәсіпкерлер өздерінің пайдаларын 
(көмір рудасы ораналасқан иеліктерін) не сатуға, не жалға беруге мәжб‰р болды, олар 
жалдамалы жұмысшы дәрежесіне дейін т‰сірілді. Олардың кедейленуі - өндірушілердің 
тікелей меншігінен айырылуының, яғни экспроприациялануының бір аспектісі. Бұл қаладағы 
ішкі цехтік капиталистік элементтермен қаналған және деревниялардағы жаңа 
мануфактуралармен бәсекелестікке шыдамаған қаладағы ұсақ қолөнершілердің ойсырай 
кедейленуі аналогиялық ‰рдісіне сәйкес келеді. XV ғасырдың екінші жартысында елде ауа 
‰рлеуіш машиналары су диірменмен іске қосылатын салыстырмалы т‰рде ірі домна 
пештердің шығуының нәтижесінде байқалған металлургия ісінің де елеулі дамуы орын алды. 
Осы кезге сай пештердің көлемі әдетте, 12-16 фут биіктікте және 4,5 фут ендікте болды.
XV ғасырдың басында бұдан екі есе көлемді домна пештер салынды. Домна 
пештерінің өндіргіштегі ‰зіліссіз өндірістің мерізімінің ұзартылуының есебінен көбейді: 
егерде ол XV ғасырда 6 к‰нге тең болса, XV ғасырда 40 аптаға теңелді, орташа есеппен 
к‰ніне 1 тонна металл балқытып беретін. Көмір, темір, қорғасын өндіретін ірі капиталистік 
кәсіпорындар XVI ғасырдың басында барлық жерлерде кездесті. Бұндай өнеркәсіптердің 
басында әдетте «Company of Hostem», жалпы ағылшындық «Mineral batfery Works» т.б. 
сияқты өнеркәсіпшілер тобы шоғырланды. Біріккен капиталдың негізінде қалыптасқан 
өнеркәсіптерге корольдың руда өндіру компаниясы мысал бола алады. Өндірістің негізгі 
салаларының дамуымен бірге прогрессивті өндірушілерден тікелей тәуелді ішкі ағылшын 
рыногы көп мөлшерде тұтынушыға айналды. Манафактуралық өндіріс кезеңінде 
пауперизация ‰рдісі аяқсыз қалып, ұлттық тұтынудың тұрақсыздығын анықтады. Осы кезде 
к‰нделікті тұрмыста тұтыну тауарларының бағасы бұрын соңды болмаған деңгейге көтеріліп 
кетті. XV ғасырда қамтыған бағалар революциясы б‰кіл Еуропаны қамтып, Америкадан 
әкелінген алтын мен к‰містің жеңіл жолмен келуінен туындаған және бұрынғы жалақы 
туралы заңдарды жарамсыз етті.
Бағалар революциясының әсіресе, ауылшаруашылығындағы жұмысшыға ауыр соққы 
болып тигендігі төмендегі есептен айқын көрінді: егер 1495 жылы жұмысшы 15 апталық 
жұмысымен отбасының 1 жылдық азық – т‰лік қажеттігін өтесе, 1564 жылы қажеттілікті 40 
апталық еңбегімен, ал 1593 жылы жыл бойылық еңбегі отбасын азық – т‰лікпен әрең 
қамтамасыз ете алған. Ақшаның құнсыздануы мынадан да көрінеді: егер 1593 жылы 
бидайдан 1 квартері 18 шиллинг 4,5 пенске бағаланса, 1597 жылы 56 шиллинг 10,5 пенс 
тұрды. XVI ғасырда жалақының шыныменде к‰рт т‰суі білінді, ал «жалақыны т‰сіру туралы 
заңдар әлі де қолданылды». XV ғасырдың екінші жартысы XVII ғасырдың алғашқы 
жартысында алтын мен к‰містің бағасының т‰суі ел ‰шін өте маңызды еді. XVII ғасырдың 


ортасындағы буржуазиялық революцияға дейінгі ж‰з жылда бидай бағасы екі еседен көп 
көтерілсе, жалақының өсуі кешіктірілді. Англияның сыртқы саяси экспансиясындағы 
жетістіктердің шарты – мануфактуралық өндірістің дамуы экспорттық саудамен тығыз 
байланысты болды. Сыртқы рыноктағы бағалардың біраз құбылуының өзі ағылшын 
өндірісіне әсер етті. Сондай – ақ кез – келген жағымсыз оқиға сыртқы саясаттағы жағдаймен 
(Нидерландыдағы қақтығыс, құрлықтағы соғыстар т.б.) байланысты болғандықтан 
экспорттық сауданы бұзып, өндірістің құлдырауына алып келген. Ішкі рыноктың бұндай 
тұрақсыздық ерекшелігін ескере отырып, оның енді ғана қалыптасқан кезіндегі жағдайы 
сауда - өнеркәсіптік буржуазияның кәсіпкерлігінің абсолюттік монархиямен шектелуімен 
ушығып кетті.
Дворян – ақс‰йектер еркін іскерлік белсенділік мәселесін немесе сол кездегі термин 
бойынша «еркін сауданы» шектен тыс шиленістерді. Монополиялық компанияларға 
кірмейтін көпестер «еркін сауданы» талап етті. «Саудаға еркіндік» лозунгін өздерінің негізгі 
талаптары есебінде өнеркәсіп кәсіпорындары ‰кіметке жіберген көптеген петицияларында 
ұсынды; өнеркәсіпшілер монополиялық билік тудырып отырған, экспорт жылдарының 
тарылтуының экономикаға келтіретіндігін т‰сінді. Шұға шығаратын өнеркәсіптерінің 
иелерінің шұға өндірісінің басты кедергісі сауда компаниялары деп ескерткендері негізсіз 
емес еді. Ағылшын сауда – саттық ісінің ұйымдасқан формалары болып компаниялардың екі 
типі: ливрейлік және «қадағаланатын» табылды. Ливрейлік компания деп саудагерлер одағы 
мен қолөнершілер одағы аталады. Ағылшын қалаларының экономикасындағы басты рөлді 
саудагерлер одағы алды. Лондондағы он екі «ірі» компаниялар (жібек, бархат, шұға 
сататындар, бакалейщиктер және т.б.) іс ж‰зінде экономиканың басқару посттарын, қала 
басқарудағы, сыртқы саясаттағы басты орындарды өз қолдарына шоғырландырды.
Батыс Еуропалық мемлекеттердің құрылуы жəне феодалдық экономикалық саяси 
қатынастардың қалыптасуы бірнеше жүзжылдықты қамтиды. Батыс Еуропаның əрбір 
мемлекетінде мəдениеттің қалыптасуы өзіндік ерекшеліктерге толы жəне осы мемлекеттің 
тарихи даму жолына байланысты болды. Дегенмен, Батыс Еуропалық мемлекеттің өзіндік 
ортақ сипаты да бар. Себебі, Батыс Еуропалық ортағасыр мəдениеті осы аймақ 
халықтарының он екі ғасырлық уақыт аралығында жүріп өткен қиын да күрделі кезеңін 
қамтиды. Бұл дəуірде еуропалық мəдениеттің көкжиектері айтарлықтай ілгері басты, Еуропа 
бөлігінің əр түкпірінде жүріп жатқан үрдістердің сан алуандығына қарамастан Еуропаның 
тарихи-мəдени бірлігінің іргесі қалыптасты, өміршең ұлттар мен мемлекеттер пайда болды, 
қазіргі кездегі еуропалық тілдер қалыптасты, əлемдік мəдениет тарихын байыта түскен 
шығармалар дүниеге келді, айтарлықтай ғылыми техникалық табыстарға қол жеткізілді. 
Орта ғасырлық мəдениет - өзіндік терең мазмұнды жəне түпнұсқалық болмыс пен кейіпті 
иелене отырып, жалпы əлемдік мəдени дамудың бөлінбейтін жəне заңды бөлігі болып 
табылады.
Ерте орта ғасырды, бұл ұғымға кемсітушілік рең бере отырып кейде «қараңғы 
ғасырлар» деп те атайды. Ү-ҮІІІ ғғ. басқыншылық пен үздіксіз соғыстың нəтижесінде Батыс 
жылдам бойлап батудың салдарынан пайда болған құлдырау мен варварлық, тек римдік 
өркениеттің жетістіктеріне қарсы қойылумен бірге, антикалық кезеңнен орта ғасырларға өту 
барысында болмашы қасіретті өзгерістерді басынан кешірмеген Византияның рухани өміріне 
қарсы қойылып, салыстырылды. Алайда, дəл осы ерте орта ғасырлық кезеңде Еуропаның 
болашағын анықтап берген түбірлі міндеттер шешілді. Олардың алғашқысы жəне ең бастысы 
– еуропалық өркениеттің негізі қаланды. Бұл міндет шешілмеген жағдайда біз қазіргі кезеде 
Еуропа деп атап жүрген аймақтағы халықтардың біртұтас өркениетінің болу болмауы 
неғайбіл болатын. Еуропалық мəдени-тарихи біртұтастық пен ортақ өркениет Еуропаны 
бағзы заманнан мекендеген жəне бұл аймаққа кейіннен қоныс аударып келген көптеген 
халықтардың этникалық, саяси, экономикалық жəне мəдени тұрғыдан біртұтас болып 
қалыптасуы нақ осы ерте орта ғасырдан басталады. Тақырыптың өзектілігін осы тұрғыдан 
түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет