Дәріс Мәдениет морфологиясы



бет14/40
Дата18.10.2023
өлшемі311,18 Kb.
#117883
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
2.Мәдениет түрлері: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника
Мәдениеттің түрлері: дін, өнер, мораль, ғылым, құқық, саясат
Мәдениет-әрбір халықтың ғасырлар бойы қордалап, сұрыптап, електеп өткізіп жинақталған материалдық және рухани қазынасы, игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, діні, тілі, танымдық айшықтары, көзқарастар жүйесі, халықтың өзіндік ұлттық қабілеті, басқа халықтардан айырмашылығы және өзін әрі қарай өркендететін қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық саласын қамтиды және көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері арқылы өзін әлемге паш етіп отырады.
Мәдениеттің түрлері: дін, құқық, өнер, саясат, ғылым, мораль.
Адамның мәдени қызметтерінің барлық түрлерінің ішінде діннің маңызы орасан зор.
Дін мәдениеттануы. Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады.Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде оның дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңіуіне көмектеседі. Дін мәдениеттің маңызды құбылысы.Адамгершілік мәселесі қойылып шешілген, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі нәр алған әлемдік әдебиеттің шығармалары оның ерекшеліктеріне айналады.Әлемдік әдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі күнге дейін діни сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді.
Дінді мәдени құбылыс ретінде түсінуде оның шығу төркіні мен міндетін түсіндіру маңызды рөл атқарады.Дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде арнайы пән – дінтану зерттейді.Қазіргі дінтану мәдениеттанумен ментальдықты зерттеу әдісіне тоғысады.Ментальдық - әлемнің қабілетін жасайтын мәдени дәстүрлердің бірлігін нығайтатын ақыл-ойдың, сенімнің жиынтығы.
Дін екі ғасыр бойы мұқият үйрену мен зерттеудің объектісі болып келеді. Діннің адам мәдениетіндегі орнын, яғни мәдениеттің дінді тудыратындығын немесе діннің мәдениетті тудыратындығын түбегейлі іздеу мен пайымдау жүргізіліп келеді. Алғашқы мәдениет танушы – теорстик және мәдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган Гердер саналады.Оның «Адамзат тарихының философиясына апаратын идеялар» жұмысын мәдениеттану білімінің бастауы деп атайды.Дін,Гердердің көзқарасы бойынша, мәдениеттің ең көне элементі.Дін барлық халықтарға мәдени және ғылыми білімнің шымылдығын ашты.Діннің мәдениеттің дамуындағы озық рөлін бағалауға ұмтыла отыра, Гердер египеттіктер мен басқа шығыс халықтарының, ертедегі барлық көзі ашық еуропалық ұлттардың – этрустардың, гректердің, римдіктердің ғылыми білімді діни көзқарастардан алғандығын атап өтеді.Оның пікрінше, поэзия мен өнер, саз бен жазу, агрономия және жыл санау, ізгілік пен мемлекеттік туралы ілім осылайша пайда болды.
Дж.Фрэзер өзінің басты «Алтын бұлақ» атты кітабында алғашқы діндер эволюциясы туралы өз көзұарасын білдіреді.Ол алғашқы адамның көзқарасын және бұдан кейінгі діни сенімін, әдет – ғұрпын, тыйымдарын түсінуге мүмкіндік беретін жалпы идеялық және психологиялық негізді табуға әрекеттенеді.Ал,кейінгі «Магиялар және діндер» теориясында адамзаттық ақыл – ойдың дамуының үш тармақты схемасы туралы ережені қамтиды.Олар:магия, дін, ғылым.
Өнер – мәдениеттің ерекше жеткілікті дербес және төтенше маңызды саласы. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі.
Өнер өз бейнелерінде әдеби мәтіндер , мүсін және сәулет туындыларында суреттер, саз әуенінде берілетін мәдениеттің біртұтас қаңқасын жасай отыра, дүниені бейнелейді. Өнер көңіл-күйді , сезімді білдіреді. Өнерде итсал кез-келген қуатты мүмкіндікті ақиқатқа айналдырады, адам мен дүниедегі жақсы атаулыны биікке көрсетеді. Өнердің арқасында адам әлемі, өзін басқа да адамдарды жақсы түсінеді.
Өнер – бұл өзі адам мен сөйлесетін ерекше мәдениет тілі. Өзінің стильдік бірлігін сақтай отыра, өнер дүние мен адамды олардың қандай да кезең мен дәуірде қалайша көрінгендігін суреттейді. Сөндықтан да өнер адамдарды қатты қызықтырады, оларды толықтырады, бұрынырақта өтіп кеткен өмірдегі оқиғаларға күйіндіріп – сүйітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет