Дәріс Мәдениет морфологиясы


Мифология: мифтердің мәні мен типтері



бет16/40
Дата18.10.2023
өлшемі311,18 Kb.
#117883
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
МӘДЕНИЕТТАНУ ДӘРІСТЕР

3. Мифология: мифтердің мәні мен типтері. Грек тіліндегі «миф» сөзі – «аңыз», «ертегі» мағынасын береді.миф те мәдениеттің бір түрі болып табылады. Мифтен біз халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,наным-сенімдері жайлы біле аламыз. Миф дінмен тығыз байланысты. Олар ертегі емес, өйткені жұрт оларға дінге сенгендей сенеді. Мифті адамдар өзін қоршаған әлемді түсіну үшін ойлап шығарады. Олар – адамдардың әлемге қызығушылығының көрінісі. Миф адамдардың алғашқы діни және философиялық сұрақтарына жауап ретінде туады. Мифтерде мистика және магия орын алады.Қоғамның алғашқы дамуы кезіңдерінде мифтер жан –жақты сипатта болды. Оларда қоршаған ортаны түсінуге тырысу әрі оған табыну ұғымы болды. Мифтер алғашқы дін түрлерін қамтыды. Алайда дінде дамып, күрделілене түсті де, мифтерден бөлініп шығып, жеке өрістед.Қоғамдық қатынастар жетілген сайын көптеген мифтер ескіре ертегіге айналды. Кейде қазір де ойдан шығарылған, адастыру немо түріндегі мифтер пайда болады. Мысалы, демократия қоғамда адамдарға тең мүмкіндітер беретіні туралы мифті айтуға болады.
4. Діннің негізгі бөлшектері Алғашқы діндер. Алғашқы діндерді зерттеуге көптеген ғалымдар: ағылшын этнографы Э.Б.Тайлор (1832-1917), ағылшындық дінтанушы және этнол Джеймс Фрэзер (1854-1941), француздық этнограф және психолог Люсьен Леви-Брюль (1857-1939), т.б. бой ұрды. Кейінгі және дамыған діндерде жан ұғымы өзгеріске ұшырады. Христиандық пен исламда тек адамда ғана жан бар деп есептеледі. Алғашқы адамдарда қоршаған дүниенің бәрінің жаны болады, құпия күштер бар деп білді. Ол бұл күштердің өзіне көмектескенін, жаулардан қорғағанын қалады. Заттарға табыну, өзін қорғайтынына сену пұтқақұлдық деп аталады. Аурудан, сиқыршылықтан амулет қорғайды, талисман бақыт пен табыс акеледі деген сенім болды.
Дін табиғаттың үрейлі күшінен пайда болып, бастапқыда үрейлі күштті құдіреттеу ретінде көрінді. Кейінірек күшке табынуға қарай өтті. Сөйтіп алғашықы қауым адамы жекелеген құбылыстарды, күштерді,оларды тудыратындарды (политеизм) ерекше бейнеледі (демонизм). Біртіндеп фетишизмнен антропоморфизмге және политеизмнен монотезмге өтті. Бұл діннің пайда болуның натуралистік түсіндірмесі.
Натуралистік түсіндірменің элементтері антика дәуірінде Демокрит (шамамен б.д.д, 460 ж ), Эпикур (б.д.д, 341-270 ж), Лукреций (б.д.д. 99-55 ж) көзқарастарынан көреміз. Демокрит табиғаттың күштерінен қорққан ежелгі адамдардың сенімінде бұның бәрінен себепші –құдайлар деп есептегенін айтқан.
Натуралистік идеялар Қайта Өрлеу дәуірінде де белгілі болды, Дж. Боккаччо (1313-1375) өзінің «Пұтқа табыну құдайларының генеалогиясы» атты трактатында мифтік бейнелерді жұлдызды аспанның аллегориясы ретінде қарастырды.
18 ғасырда натуралистік идеяны неміс филологі Хр. Г. Гейн мифті – «ғарыштық фәлсафалау», абстрактілік ұғымдармен емес, қияли бейнелер түрінде көрінеді деп есептеген.
“Дiн” терминi religio деген латын сөзiнен шыққан. Бұл терминнiң неғұрлым мойындалатын нұсқалары Марк Туллий  Цицерон (б.э.д. 106-43 Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы.) мен Луций Цецилий Фирмиан Лактанцийдiң (шамамен 250-325 жж. Африкалық ақын, христиандықтың қорғаушысы) нұсқалары болып табылады. Цицерон бұл терминдi relegere – өткенге оралу, қайта оқу, ойластыру, жинау, аңдау, қорқу деген латын сөзiнен жасаған және дiндi құдайдан қорқу, қорқыныш және құдайларды құрметтеу, осы құрметтеуге қатысы барлық нәрсенi мұқият ойлап байқау ретiнде сипаттады.
Лактанций religio сөзi латынның religare – алу, буу, байлау, шырмау сөзiнен шыққан және адамның Құдаймен байланысындағы тақуалықты білдіреді деп анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет