Кеңістік – материяның бар болуының объективті-реалды формасы: созылуы, заттардың өзара жайғасу тәртібі Уақыт –материяның бар болуының объективті-реалды формасы: үрдістер мен оқиғалардың ұзақтығы мен бірізділігі
Шакаримнің қозғалыс туралы идеалистік көзқарасы
…бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол: «бар болайыншы, қозғалайыншы», - дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбінде себепсіз бар себеп болмаса - болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп – «Жаратушы» болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
Болмыс және бейболмыс (Парменид)
«Болмыс ұғымы «болу» деген етістіктен шыққан, ол жеке формасында «бар» деп айтылады. Демек, болмыс – барлық бар нәрсе, бұл тіршілік етіп тұрғанның бәрі. Ол «туылмаған, жойылмайды, тұтас [бөлшектері жоқ], бірден-біреу, қозғалмайды, бітпейді [уақытта]» Егер де қазір бір нәрсе жоқ болса, онда ол болмаған және болмайды да. Сонымен, бейболмыс жоқ», - дейді Парменид Парменид (540-470 до н.э.) «Болмыс бар, бейболмыс жоқ»
Зенонның апориялары (шешімі жоқ жұмбақтары)
Зенон Элейлік б.д.д. 490-430 Зенон шын болмыс қозғалмайды және сезімдер арқылы танылмайды деген ойға негізделген Апория «Жебе»: Ұшып бара жатқан жебе қозғалмайды, өйткені әр мезгілде ол тыныштық қалпында тұр, сондықтан ол мәңгі тыныштықта Апория «Жебе» Апория «Ахилл және тасбақа»
Платон іліміндегі болмыс мәселесі
Платон (б.з.д. 427-347 жж.) Платонның онтологиясында болмыс екі дүниеге бөлінеді : идеялар болмысы және сезімдермен қабылданатын заттар болмысы. Алғашқы деп Платон мәңгі, өзгермейтін, өздік тіршілік ететін мәндер - идеялар (эйдос) әлемін айтқан. Екінші – көшірмелі, туынды дүние деп Платон сезімдермен қабыл-данатын алуан түрлі заттар әлемін айтқан. Құдай Демиург идеялар әлемін үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл дүниені жасады.