Аристотель: “метафизика (грек тілінен: «физикадан кейінгі») - ойдың эмпирикалық әлем шеңберінен шығып, метаэмпирикалық нақтылыққа жетуге ұмтылуы”. Ол милеттіктерден Платонға дейінгі философиялық ой дамуы бағытын түйіндей отырып, метафизиканың төрт анықтамасын берді: 1.Бастапқы немесе жоғарғы бастаулар себебін зерттеу 2. Болмысты тану 3.Субстанция туралы білім 4. Құдай туралы білім Аристотель (б.д.д 384-322жж.)
Аристотельдің онтологиясы
Аристотель (б.д.д 384-322жж.) Аристотель дүниеің алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар: енжар материя және белсенді форма. Форма материяны мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі. Материяның жылылық, суықтық, құрғақтық пен дымқылдығы бар. Олардың бір-бірімен жұп-жұп болып қосылуы дүниенің негізінде жатқан төрт стихияны тудырады: отты, ауаны, суды, жерді. “Ай астындағы дүние” осы төрт стихиядан тұрады. Аспан құдіретті Эфирден (бесінші мәннен) тұрады. .
Аристотельдің онтологиясы теологиямен байланысты: Құдай - дүниенің мәңгі алғашқы қозғалтқышы ретінде түсіндіріледі
Аль-Киндидің онтологиялық пайымдаулары
Әл Кинди болмысты бес нәрсе сипаттайды дейді: материя, форма, қозғалыс, кеністік және уақыт. Дүниені Алла «ештеңеден» жаратты, - дей отырып, әл Кинди материяны негізгі, анықтаушы мән ретінде түсіндіреді: «Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құрылған. Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады». Әл Кинди форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар, материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік — форма. Абу Юсуф Якуб бин Исхак бин ас-Сабах аль-Кинди (805-873 жж.)
Ибн Рушд дүниенің мәңгілігі мен шексіздігі жөнінде
Ибн Рушд «Алғашқы қозғаушы жөнінде» атты еңбегінде: «Құдай шындықтың мәңгілік қайнар көзі болса, материя дүниенің мүмкіндігінің мәңгілік қайнар көзі, өйткені егер жаратушы мәңгілік болса, онда жаратылған дүние де мәңгілік. Материя заттың ішкі мүмкіндігін құраса, бітім (форма) оның сыртқы іске асуына, өмірге келуіне әкеледі. Құдай дүниенің мүмкіндігіне - материяға бітім беріп, оны шындыққа айналдырады»