Дуализм екі субстанцияны - материя мен сананы мойындайды
Плюрализм көп субстанцияны мойындайды
Жаңа Заман философиясындағы субстанция мәселесі; Декарттың дуализмі
Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстания ұғымын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтіннің бәрі. Ондай қасиетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция - Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Рене Декарт (1596-1650)
Декарттың қос субстанция туралы ілімі
Жаратылған субстанция-ларды Декарт екі текке жіктейді: 1.материалды (заттар) 2. рухани (идеялар) Адам, Декарт пікірінше, екі — материалды (тәндік-созылатын) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам - өз бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады
Спиноза онтологиясындағы субстанцияның монизмі
Спинозаның философияға қосқан маңызды үлесі - болмыстың мәнін қарастыратын субстанция туралы теориясын жасауында Өз ілімінің негізіне Декарттың субстанция туралы теориясын алғанымен, Спиноза оның басты кемшілігі - дуализмде деп санады. Бенедикт Спиноза 1632-1677
Спиноза теориясының мәні
1. Жоғарғы субстанция - Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ
Барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар, ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды
«Табиғат + Құдай» – бір субстанция. Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жок. Құдай Табиғаттың өзегі
Тек біртұтас «Табиғат + Құдай» ғана жарата алады. «Жаратушы әлем», яғни біртұтас «Табиғат + Құдай» - «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды