5. Жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, олар біртұтас субстанцияның – «Табиғат + Құдайдың» модустары - көріністері ғана 6. Модустар кеңістікте және уақытта козғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар
«Табиғат + Құдай» субстанцияның қасиеттері
- тіршілік етеді;
дербес, ештеңеге тәуелді емес,
өз-өзінің ішкі себебі бар;
- көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері - ойлау мен созылу Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті; - уақыт пен кеңістікте шексіз; - мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды); - қозғалыссыз.
Г. Лейбництің субстанция туралы іліміндегі плюрализмі
Г.Лейбниц (1646-1716) Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл - ойы туралы жаңа тәжірибелер». Декарттың дуализміне, Спинозаның монизміне Лейбниц субстанционалдық плюрализмді қарама қарсы қойды
Лейбництің монадологиясы
- бүкіл дүние көп санды субстанциядан құрылған, субстанциялардың табиғаты дуалистік немесе монистік емес; - субстанциялар монадалар деп аталады (грек тілінен аударғанда «бір», «біреу»); - монада қарапайым, бөлінбейді, созылмайды, материалды-заттық құрылым емес; - монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс; әуестену; қабылдау; елестету. - мәні бойынша монада - өз жағдайын үздіксіз өзгертетін, біртұтас әрекет. - өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді; - монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз
Абай дүниетанымындағы болмыс мәселесі
Жаратқан, Дүние, Адам осы үш ұғым Абай философиясының іргетасын құрайды. 38-ші қара сөзінде Абай өз филосо-фиясының осы негіздерін талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгілі бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар. Соңғылардың негізі - Ғылымда. Жаратқанның үшінші сипаты Хаят, яғни Тіршілік. Мұның сыртында Абай тағы Алланың бес сипатын көрсетеді: Басар (қырағылық), Сәміг (сергектік), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, болмысқа келтіруші)