Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


жылы Л.И.Брежневтің билікке келуімен бұл орталықтан басқарылатын  жоспарлы ҿндірістік жүйе қайта қалпына келтірілді



Pdf көрінісі
бет46/75
Дата01.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#121347
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 
1964 жылы Л.И.Брежневтің билікке келуімен бұл орталықтан басқарылатын 
жоспарлы ҿндірістік жүйе қайта қалпына келтірілді.
 
Сталин қайтыс болғаннан кейін 50-ші жылдардың орта шенінен бастап жеке адамға 
табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистік зандылықтарды қалпына келтіруге 
бағытталған бірсыпыра шаралар іске асырылды. 1956 жылы ақпан айында ҿткен 
партияның XX съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын 
жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру, ішкі партиялық демократияны 
ҿрістету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды құптады. "Жылымық жылдары" деген 
атпен тарихқа енген 50-ші жылдардың екінші жартысынан былайғы кезеңде кҿптеген игі 
іс атқарылды. Басшылықтың ұжымдық принципі енгізіліп, ҽкімшіл-ҽміршіл басқару 
жүйесі 
босаңси 
бастады. 
Қағазбастылықпен, 
жиналыс, 
мҽжіліс 
ҿткізумен 
ҽуестенушілікпен күрес күшейді. Ұлт мҽселесіндегі бұрмалаушылықтар түзетіле бастады. 
Ұлттық республикалардың құқығы кеңейтілді. Қоғамдағы Кеңес ұйымдарының рҿлі ҿсті. 
Кеңес қоғамының тарихын шыншылдық тұрғысынан баяндау, оның жүріп ҿткен жолына 
сын кҿзбен қарау мүмкіндігі туды. 
50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап бүкіл елімізде, соның ішінде 
Қазақстанда іске асырылған экономикалық, ҽлеуметтік жҽне идеологиялық шаралар 
нҽтижесінде дамудың кҿптеген кҿкжиектері ашыла бастады. Бірақ ол мүмкіндіктер 
толығынан пайдаланылмай қалды. Оған кінҽлі Н. С. Хрущев бастаған басшылықтың 
қызметіндегі субьективтік ҽдістер еді. Экономиканы басқару ісі ойдан шығарылған 
ҽрекеттердің ырқына түсіп кетті. Сол кездегі басшылықтың волюнтаристік идеялары мен 
ҽрекеттері қоғамның беркесін кетіре бастады. Ҿркҿкіректік, жалған уҽделер мен негізсіз 
болжамдар сҿз бен істің арасын алшақтата түсті. 
Жергілікті партия ұйымдары мен кеңестердің құқықтарын шектеудің салдарынан, 
сондай-ақ олардың құрылымы жүйесін негізсіз жиі ҿзгертудің кесірінен кеңестердің рҿлі 
тҿмендетілді. Олардың қызметінде, ҽсіресе, жылтырақтық, кҿзбояушылық, даурықпалық 
сияқты ұнамсыз жайлар бой кҿтердi. Территориялық-ҿнеркҽсіптік, ауыл шаруашылық 
басқармаларын, ауыл шаруашылығы жҿнінде партия комитеттерін құру негізсіз болып 
шықты. Ҽр алуан түрлі штаттан тыс кҿптеген партия комиссияларын құрумен ҽуестену 
кең ҿріс алып, мұның ҿзі қызметкерлер мен еңбек адамдарын ҿндірістегі тікелей 
жұмысынан қол үзіп, бекер ҽуре-сарсаңға түсуге ұрындырды. Республика партия 
комитеттерінде қоғамдық негізде жұмыс істейтін бірнеше комиссиялар құрылды. Бірақ 
олар ҿз жұмысында ешқандай оңды нҽтижелер кҿрсете алмады. Кҿпшілігі басқа 
ұйымдардың штаттағы бҿлімдерінің жұмысын қайталады. 
50-ші жылдардың басында партия идеологиялық жұмыс жҿнінде бірқатар қаулылар 
қабылдап, тарих, ҽдебиет пен ҿнер мҽселелері бойынша пікірталастар ҿткізді. Осыған 
орай біраз адамдар баспасҿз бетінде ҿз пікірін ортаға салып, партия бағытын қолдауға 
талаптанды.Бұның барысында ғылым, ҽдебиет, ҿнер қайраткерлеріне ҽділетсіз, орынсыз 
сындар айтылып, сыңаржақ баға беру фактілері орын алды. Мұның ҿзі мҽдениеттің 
дамуына кері ҽсерін тигізді. Шығармашылық ұйымдарда іскерлік ҽңгіменің орнына 
жекелеген ғалымдарға, жазушыларға, театр, кино жҽне музыка қызметкерлеріне 
жеккҿрінішті атақ-айдарлар тағыла бастады. Мұндай жағдайлар Қазақстанда да орын 
алды. Мҽселен, 1950 жылы 26 желтоқсанда "Правда" газетінде жарияланған "Қазақстан 
тарихының мҽселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақаланы 
талқылауға байланысты бүкіл Одаққа, тіпті дүние жүзіне танымал тұлғалы қайраткерлер 


М. О. Ҽуезов пен Қ. И. Сҽтбаев, сондай-ақ, республиканың басқа да кҿрнекті жазушылары 
мен ғалымдары орынсыз жазғырылып, датталды.
Сол жылдардағы рухани мҽдениеттегі субъективизм мен тұрпайы социализм 
элементтері бірқатар қиындықтарға ҽкелді. Мҽселен, ҽдебиет пен ҿнердің ҿмірді кҿпе-
кҿріне боямалайтын тартыссыз шығармалары одан ҽрі туындады. Кино ҿнерінде 
картиналарды аз жасау керек, бірақ олар бірден "асыл қазыналар" қатарына кіруі керек, 
ҽрбір фильмде қазіргі заманның аса маңызды күрделі мҽселелері, барлық жақтары 
міндетті түрде кҿрсетілуі керек деген нұскау бойынша жұмыс жүргізілді. Ҽрине, мүндай 
кҿзқарас кезінде "асыл қазынаның"сырт кҿзге қомақты, бірақ іс жүзінде ҿмір 
шындығынан, кҿркемдік шеберліктен аулақ, ат үсті жасалған шығармалар кҿбейді. 
Мұндай сипат ҽдебиетшілердің айтуынша, белгілі дҽрежеде "Жамбыл" фильміне тҽн 
болды. Кеңес ҽдебиеті мен ҿнеріне "тартыссыздық теориясы" елеулі зиянын тигізді. Оның 
рухымен жазылған шығармалар сахнада үзақ ҿмір сүре алған жоқ. 
Бұл кезде мҽдени-ағарту мекемелері ҽлі де жетіспейтін еді, олардың кҿпшілігі 
нашар жабдықталған жҽне білікті мамандармен қамтамасыз етілмеген болатын. Күрделі 
құрылысқа жҽне мҽдени-ағарту мекемелерін жҿндеуге қаржы жеткілікті мҿлшерде 
бҿлінбеді. 
Қазақстанда тың жерлерді игеріп, индустрия алыптары бой кҿтеріп, халықтың саны 
едҽуір кҿбейген 50-ші жылдары халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игерілген 
аудандарда кҿптеген жаңа мектептер ашылды, комсомол жолдамасымен бұл аудандарға 
мектептерде жұмыс істеу үшін шеттен мүғалім кадрлар келді. 50-ші жылдарда екі жылдық 
мұғалімдер иниституттары жойылып, оның есебінен педагогикалық жоғарғы оқу 
орындары кҿбейді. 1953 жылы тамызда мұғалімдердің соғыстан кейінгі бірінші 
республикалық съезі ҿтіп, онда мектептердің политехникалық білім беруге кҿшу жҽне 
мұғалімдердің міндеттері туралы мҽселелерге зор кҿңіл бҿлінді. 1955-1956 оқу жылында 
республикадағы мектептердің саны 9240-қа жетіп, олардың 3022-сі жеті жылдық жҽне 
1117-сі орта мектеп болды. Орта мектепті бітірушілер саны қауырт кҿбейді. Осы 
жылдардың ішінде бұл жүйе арқылы ауыл шаруашылығының 432,4 мың механизаторы 
жҽне басқа да мамандары даярланды. 
Дегенмен бұл жылдары жоғарыда атап ҿткеніміздей, Қазақстанда, ҽсіресе, 
солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті. Оның басты себебі демографиялық 
ҿзгерістермен байланысты еді. Қазақтар балаларын орыс мектебіне кҿптеп бере бастады. 
Осының салдарынан 700 қазақ мектебі жабылып қалды. Сондай-ақ, республиканың 
бірқатар аудандарында барлығы бірдей жеті жылдық мектеппен қамтылмады
мектептердегі оқу бірнеше кезекте жүргізілді. Қазақ орта мектептерін нығайтуға, олардың 
санын кҿбейтуге жҽне қазақ жастарының он жылдық, орта мектеп кҿлемінде толық білім 
алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға жете кҿңіл бҿлінбеді. 
1951 жылдан 1955 жылға дейін республикада 8 жаңа жоғары жҽне 22 арнаулы оқу 
орны ашылды. Қарағандыда екі жоғары оқу орны-медицина жҽне тау-кен институттары, 
Семейде малдҽрігерлік-зоотехникалық жҽне медицина институттары жұмыс істей 
бастады. Жаңа жоғары оқу орындарының: Ақтҿбе медицина /1957 ж/, Целиноград ауыл 
шаруашылық /1958 ж/, Ҿскемен құрылыс-жол /1958 ж/ иниституттарының ашылуымен 
бірге бұрыннан бар жоғары оқу орындары кеңейіп, оларда жаңа факультеттер пайда 
болды. 1956 жылдан бастап Шымкент технология иниституты құрылыс материалдары 
кҽсіпорындарының жабдықтарын монтаждау жҽне пайдалану жҿніндегі инженер-
механиктерді даярлай бастады. Қазақ ауыл шаруашылығы институтында электрлендіру 
жҽне гидромелиорация мамандықтары бойынша жаңа инженерлік факультеттер мен 
бҿлімдер ашылды. 


Қорытып айтқанда, 50-ші жылдар Қазақстан үшін Одақтық баланстағы рҿлі ҿскен, 
индустриялық қуаты артқан мҽдениеті біраз дамыған, сҿйтіп экономикасы ҿрлеу жолына 
түскен кезең болды. 
3. Елде қалыптасқан жағдайы түзеу жҽне жол берілген қателіктерді жою жҿнінде 
кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып ҿткен КОКП-ның 
пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы жҽне 
КСРО Министралер Советінің тҿрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП 
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Ҿкіметінің 
басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша 
партия, совет жҽне басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған ҿндірістік 
принцип бойынша бҿлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - 
ҿндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге 
жоспарлау мен экономикалық ынталандыру ҽдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. 
Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дҽйекті жүргізілмегеннің ҿзінде 
елдің экономикасын кҿтеруге елеулі ықпал жасады.
70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге ҿту туралы 
территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан тҿңкерісінің 50 
жылдығына арналған сҿзінде Л.И.Брежнев мҽлімдеді.
1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли 
болжамдар кҿп болды. Коммунизмге ҿтер жол мҽселесі, кемелденген социализм теориясы 
кең таралды.
1978 жылы 20 сҽуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік 
жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да 
демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. 
Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар кҿбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» 
ретінде дҽріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.
1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру 
туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар
Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар 
бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл 
жҿнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық 
етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың кҿрінісі 
болды.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып ҿтті. Пленум ҿнеркҽсіпті 
дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер: 
1. Ҿнеркҽсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Ҿнеркҽсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру. 
3. Кҽсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары
кҿбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы ҿнеркҽсіпті басқару жүйесін 
ҿзгерту жҽне мемлекеттік жоспарлау жҿніндегі кейбір басқару оргадары ҿзгеше құру 
туралы заң қабылдады. Кҿп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан 
Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. 
Қабылданған шешімдерге сҽйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы 
Қеңесі жҽне экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, 
салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, ҿнеркҽсіптік, құрылыс 
материалдары, орман, целлюлоза – қағаз жҽне ағаш ҿңдеу, азық – түлік т.б. кҽсіп 
орыңдары біріктірілді.


60 жылдардын басында ҿнеркҽсіпті сапалық жағынан ҿзгерту, ғылыми негізде құру 
үрдісі басталды. Қазақстанда ҿнеркҽсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең 
алдымен ҿндірісті электрлендіру мҽселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші 
МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық 
кҿрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты 
электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды кҿмір кеніндегі механикаландырылған 
жүйе еңбек ҿнімділігін 6%-ға дейін кҿтерді. Ҿндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 
мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті ҿндіріске 
енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз 
кҿмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. 
Ғылыми – техникалық жетістігі нҽтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы 
заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Ҿзен кен орнында жаңа технология 
негізінде алғашқы мұнай ҿндірілді.
1965 жылғы шаруашылық реформасы нҽтижесінде ғылыми – технологиялық 
процестерді ҿндіріске енгізу ісі ҿнеркҽсіптегі жағдайды түбірімен ҿзгертті. Реформа 
еңбекпен ҿндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кҽсіпорындар қызметін 
жоғарыдан реттеуге шамадан тыс ҽуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық 
дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тҽрізді экономикалық тұтқалар 
қозғалысқа келтірілді. Ҽрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кҽсіпорынның 
материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Ҿскемен 
қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II ҿнеркҽсіп жұмыс 
жүргізудің жаңа тҽртібіне кҿшті. 1970 жылы Қазақстан ҿнеркҽсібінің 70% - ы 
жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.
1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның кҿмір жҽне 
темір кенін ҿндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жҿніндегі үлес салмағы ҿсті. 
Республикада бұрын болмаған ҿнеркҽсіп салалары ҿркендеді: титан, магний, 
синтетикалық каучук, полиэтилен, кҿтергіш крандар ҿндірістері т.б.. Мұнай ҿндіру жҽне 
химия ҿнеркҽсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.
Женіл ҿнеркҽсіптер қатары ҿсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік 
ҿнеркҽсібі, Алматыда мақта-мата ҿнеркҽсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы 
ҿнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл ҿнеркҽсіптің 14 кҽсіпорны 
салынды.
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кҽсіпорын іске қосылды. 
Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 
жылға қарай еліміздегі кҽсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 
жылдары одақ кҿлемінде ҿндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы 
Қазақстанға тиесілі болды.
Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы 
бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) ҽдіспен жұмыс 
істеді. Соның ҿзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі кҿрсеткіштерге қол 
жеткізді. Мҽселен, осы жылдарда ҿндіріс жҽне ғылыми ҿндірістер құрылымдарының саны 
28-162 дейін, оның ішінде кҽсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін ҿсті.
Бірақ шаруашылық реформа нҽтижесі күткендегідей болмады. Арал теңізі 
проблемасы пайда болды: Теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз 
суының тұздылығы 3 есеге ҿсті. Балық ҿнеркҽсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң 
кҿтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам ҿлімі, ҽсіресе балалардың 
шетінуі кҿбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы ҽр түрлі сырқаттарға шалдықты. Ең 
алдымен ҿндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты 
себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария ҿзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын 


ҿсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Экологиялық апат қазақ 
ұлтының генетиклық ҿсіп-ҿнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын кҿтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет