Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


ХIII-ХV ғасырлардағы Ноғай Ордасы, Солтҥстік Қазақстан және Батыс



Pdf көрінісі
бет20/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 ХIII-ХV ғасырлардағы Ноғай Ордасы, Солтҥстік Қазақстан және Батыс 
Сібір. 
Алтын Орданың ыдырауы жҽне Ақ Орданың ҽлсіреуі барысында Қазақстан аумағында 
пайда болған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы болды. 
Ноғай Ордасы ХIII ғасырдың екінші жартысында бҿлектене бастады. Бұл процесс ХIV 
ғасырда ҽмір Едіге тұсында жалғасып, оның баласы Нұр ад-диннің
(1426-1440) кезінде 
аяқталды. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болды. «Ноғай», «ноғайлықтар», 
«Ноғай Ордасы» деген терминдер ҽдебиетте алғаш рет тек ХVI ғасырдың басында ғана 
пайда болды, ноғайлар ҿздерін маңғыт деп, ал ҿз ұлысын «Маңғыт жұрты» деп атаған.
Оларды кҿрші халықтар осы атпен білген. 
Тарихшылар ноғайлардың монғол-қыпшақтардан тарағандығын, олардың Ноғай 
Ордасы негізгі тұрғындарының шығу тегін Жошы руынан шыққан Алтын Орда түмені,
ХIII ғасырда Ноғай ҽскерінің құрамына кірген тайпалармен байланыстырады. 
Ноғай Ордасының негізгі аумағы Еділ мен Жайықтың арасындағы далада, оның 
орталығы Еділдің тҿменгі бойында немесе, Сарайшық (Жайық) ауданында болатын.
Шығысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауы бойында кҿшіп жүрді, олардың кҿшіп 
жүретін жерлері солтүстік – шығысында Батыс – Сібір ойпатына дейін, солтүстік – 
батысында Қазанға дейін, оңтүстік – батысында Арал ҿңірі мен Каспий оңірінің 
солтүстігіне дейін жететін, ал кейде олар Маңғыстау мен Хорезмге барып жететін.
ХV ғасырдың ортасында ноғайлар (маңғыттар) кей кезде Сырдарияның орта ағысына 
дейін жетіп, Сырдариядағы бекініс – қалаларды жаулап алды. 1446 жылы, мысалы, 
маңғыт Уақас би Үзкент қаласына билік етті. 
Шын мҽнінде Ноғай (Манғыт) Ордасының негізін қалаған Едіге болып саналады.
ХIV ғасырдың аяғында саяси аренаға шығып, Алтын Орданың белгілі уақытша билеушісі 
болып алған Едіге 15 жыл бойына (1396-1411) шын мҽнінде Алтын Ордадағы бүкіл 
билікті ҿз қолында үстады. Ол басқарған «Манғыт жұрты» Алтын Ордадан бҿлектенген 
елеулі феодалдық иеліктердің бірі болды. Ҿз қолымен қойған хандар арқылы Алтын 
Орданы басқара отырып, «беклар-бегі» немесе «үлы ҽмір» («ҽмир ҽл-умара») атағы бар 
Едігенің билігі зор болған жҽне кҿрші ұлыстардың ҿміріне зор ықпал еткен. Ибн Арабшах
оның жиырма шақты баласы болғанын, олардың ҽрқайсысы «билікке ие патша, ҿздерінің 
ерекше үлесі, ҽскері мен жақтастары» болғанын айтады. 


Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық ҿмір шын мҽнінде Едіге 
ұрпағы маңғыт ҽмірлерінің қолында болды жҽне оны рудағы жасы үлкендігіне қарай 
мұраға қалдырып отырды. Алтын Ордадан бҿлектенген бірқатар иеліктердің 
аумақтарында Шыңғыс ұрпақтарынан қайсыбір адамды хан кҿтеру Едіге ұрпақтарының 
келісімінсіз жарамсыз деп танылатын дҽстүр болған. Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси 
ҿмірінде ХV ғасырда Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мүса мырза, Жаңбыршы жҽне 
басқалар зор рол атқарды.
Ноғай Ордасының құрамына маңғыттармен бірге қоңырат, найман, арғын, қаңлы, 
алшын, қыпшақ, кенгерес, қарлұқ, алаш, тама жҽне басқа рулар енді. Олардың басшылары 
арасында билік пен кҿшіп-қонатын жер үшін үнемі күрес жүріп жатты. Алтын Орданың 
қираған тамтығынан құрылған басқа бірлестіктер сияқты, Ноғай Ордасы да этникалық 
құрылым емес, негізінен саяси құрылым болды. Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар 
қазақ халқы қалыптасуының күрделі этникалық процесіне тікелей қатысты. 
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы Ш.Ш. 
Уҽлиханов айтқан болатын. Ол алғашқы қазақ ханы Жанібек тұсында достық қатынаста 
ҿмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атаған. Мұндай қатынастар 
кейін де, мҽселен, деректемелерде «қазақтар мен ноғайлардың ханы» аталатын Хақназар 
хан тұсында ХVI ғасырдың ортасында да сақталды. Қазақ аңыздарында осы уақыт туралы 
естеліктер сақталған.
ХVI ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық жҽне саяси 
байланыстары бірте-бірте қалыптаса бастады. ХVI ғасырдың екінші жартысында Қазан 
жҽне Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай Ордасы бірнеше дербес 
иеліктерге ыдырап кетті, оның ыдырау процесінде халықтың бір бҿлігі Кіші жүз 
құрамына енді. 
* * * 
Саны кҿп түрік тайпалары ежелден Сібірдің ұлан-байтақ жерін мекендеген. Батыс 
Сібір аудандарының халқы Солтүстік, Орталық, ішінара Шығыс Қазақстан халқымен 
түрақты қатынас жасап отырды. ХIII ғасыр шегінде Шыңғысханның ҿрлеуі мен 
жорықтарына байланысты кҿптеген тайпалар Батыс Сібір аумағынан пана тапты. Олар 
Ертіс пен Обьтің орта бойындағы жайылымы мол жерлерге отырақшыланды. Бұдан 
кейінгі кезде де неғүрлым ұсақ тайпалық топтардың келуі мен ауысуы тоқтаған емес, 
олардың бір бҿлігі жергілікті халықтармен араласып кетті. 
Батыс Сібір тайпаларымен кҿрші болып, оларға елеулі ықпал еткен қазақ 
тайпаларының негізгі ұйытқысы қыпшақтар еді. Торғай, Есіл далаларының, Ертіс 
бойының қыпшақтары: құлан-қыпшақ, қытай-қыпшақ, сағал-қыпшақ, торайғыр-қыпшақ 
жҽне маджар (мадьяр)-қыпшақ бірлестіктеріне бҿлінеді. Тобылдан Ұлытау мен 
Сырдарияға дейінгі аумақта басқа тайпалардың едҽуір бҿлігі, олардың ішінде наймандар, 
керейіттер, меркіттер мен оңғұттар ірге тепті. 
Батыс Сібірде ең ірі этникалық-саяси құрылымдардың бірі Орта Ертіс, Тобыл, Есіл 
мен Тура аумағындағы түркі тілді тайпалардың бірлестігі болды да, онда керейіттер басты 
рҿл атқарды. Бұл бірлестіктің туу кезеңін халық аңыздары жҽне «Сібір шежіресінің» 
авторлары ХIII ғасырға жатқызады. Бірлестіктің негізін қалаған жҽне жергілікті ҽулетті 
құрушы Тайбұға болған. Ол Тура ҿзеніне қазақ даласынан келген, ол Батыс Сібір жерін 
иелеген жҽне Чинги-Тура немесе Чимги-Тура қаласын (казіргі Тюмень) салғаны туралы 
деректер хабарлайды. 
Монғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір аумағы Жошы ұлысының құрамына 
енді жҽне шайбанилердің батыс тармағының жері деп аталса да, басқару тізгіні жергілікті 
тайбұғалық түрік ҽулетінің қолында қалдырылды, ол оның ҿкілдері Шыңғыс ұрпағы 
болмағандықтан, ресми түрде хан атала алмайтын еді.


Алтын Ордада болып жатқанның бҽрі Батыс Сібірдің жағдайына тікелей ҽсер ететін. 
Алтын Ордадағы бүкіл билікті қолына алған Едігеден 1398 желы жеңілгеннен кейін 
Тоқтамыс Батыс Сібірге қашты. Ол тайбұғалықтар арасынан қолдау тауып, осында үлес 
алды. Қадыр Али Жалаири «Жами ат-таварих» атты енбегінде Обь,Том жҽне Шолым 
ҿзендері аралығында орналасқан Тоқтамыс жұрты туралы хабарлайды, ал шежірелердің 
бірінде Тюменьге жақын «Сібір жерінде» Тоқтамыстың қаза тапқаны айтылады. Тоқтамыс 
ҿлген соң тайбұгалықтар формальды түрде болса да, Едігенің билігін тағы да мойындады. 
Едігеден кейін Жошы ұлысының шығыс иеліктерінде Шайбани ҽулеті ҿкілдерінің 
арасында билік үшін ҿзара қырқысқан күрес ҿрістеді. 
1428 жылы Ҽбілхайырхан Тураға жорыққа аттанды. Адаб бек пен Кепек би қаланы 
Ҽбілқайырдың қолына берді. Келесі 1430 жылы Ҽбілқайыр хан Махмуд Қожа ханға қарсы 
шықты. Шайқас Тобыл жағасында болды да, Махмуд Қожа хан тұтқынға түсіп, ҿлтірілді.
Ҽбілқайырдың туы астына біріккен кҿптеген тайпалардың ҿкілдері шайқасқа қатысты. 
Оларға сіңірген қызметтері үшін Чимги-Тура уҽлаяти мен басқа да жерлердің даруғасы 
қызметіне: наймандардан – Сопы бек, ұйғырлардан Қожа Лак баһадүр, күрлеуіттерден 
Жұмадық баһадүр жҽне басқалары тағайындалды. 
Ҽбілқайыр хан ҿлген соң, 1468 жылы Батыс Сібір аумағының кҿп бҿлігі Ҽбілқайыр 
ҽулетінің бақталасы Шайбани ұрпағы Ибақ ханға кҿшті. Ибақтың Батыс Сібірге келген 
уақыты ХV ғасырдың 60 жылдарында болған деп топшылауға болады. 
Далада Жҽнібек пен Керейдің билігі нығайған соң, Ибақ Дешті Қыпшақтан кетуге 
мҽжбүр болды. Батыс Сібірде ноғай мырзаларының кҿмегімен Ибақ ҿз билігін сақтап 
қалды. Беделді тайбұғалық Мараның қызына үйленген Ибақ тайбұғалық билеушілермен 
туыс болды. Кҿп кешікпей ол тайбұғалықтарды биліктен шеттетіп, Чимги-Тура жҽне 
Тобыл мен Ертіске жапсарлас жатқан аудандарды жеке дара басқара бастады. 
Ибақ тұсында Батыс Сібірдің Орыс мемлекетімен байланысы орнатылды. Екі рет, 1481 
жҽне 1483 жылдары Ибақ III Иванға достық пен одақ құру туралы шарт жасасуды, сауда 
қатынастарын орнатуды ұсынған елшілік жіберіп, оған келісім алды. Алайда Ибақ ханның 
билік етуіне наразы жергілікті феодалдар тобы Мараның немересі, тайбұғалық 
Мұхаммедтің басшылығымен едҽуір күш жинап, 1495 жылы күтпеген жерден Чимги-
Тураға шабуыл жасап, Ибақ ханды ҿлтірді. Батыс Сібірдің билеушісі болып Мараның 
немересі, тайбұғалық Мұхаммед жарияланды. Мұхаммед ҿлген соң, басқару тізгіні 
тайбұғалықтардың қолында қолды. 
ХIV-ХV ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы жергілікті 
халық мемлекеттілігінің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде шаруашылықты, қалалар мен 
егіншілікті бірте-бірте қалпына келтіру негізінде, белгілі бір дҽрежеде қоғамдық 
қатынастарды ҿрістету жағдайларында, Қазақстанның кең-байтақ аумағында бес ғасырдан 
астам уақыт бойы Шыңғыс ҽулетінің қол астында болғанына қарамастан жергілікті 
этникалық негізде жүргізілді. Бірақ кҿптеген ҽр түрлі этносаяси ұйымдардың, тайпалар 
мен халықтардың басын қосқан монғол ұлыстарынан бір айырмашылығы, бұл ғасырда 
неғұрлым айқын этникалық түбірге,қалыптасқан халыққа негізделген мемлекеттілік пайда 
болды. Ақ Орда, Ҽбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы 
мемлекеттерінің құрылуы жергілікті халықтың, түптеп келгенде – қазақ халқының, 
солармен қатар, осы мемлекеттер аумақтарында немесе оның бір бҿлігінде қалыптасқан 
басқа халықтардың да мемлекеттік даму жолындағы маңызды саты болып табылады. Ол 
аймақтағы этникалық жағынан бір текті феодалдық мемлекеттердің бұдан соңғы генезісі 
үшін, қазақ, ноғай, қырғыз, аздаған ҿзбек, ұйғыр, сібір татарлары халықтары этникалық 
қауымдастықтарының неғұрлым толық шоғырлануы үшін жағдай жасауға кҿмегін тигізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет