Дәріс № 5
Тақырыбы:Орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің физиологиясы
Дәріс мазмұны:
1.Жұлын.
2.Ми,оның бөлімдері.
Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдерден тұрады.Омыртқалы жануарларда алғашқысының қатарына жұлын мен ми,ал екіншісінің қатарына-жұлын түйіндеріндегі және ағзалар ішіндегі (интрамуральдық) нейрондар жатады.Ағзалар ішіндегі жүйке клеткалары вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары,ал жұлын түйіндері сомалық жүйке жүйесінің сезгіш клеткаларынан тұрады. Орталықтағы нейрондардың денесі мида немес жұлында орналасқанымен,олардың ұзын жүйке талшықтары жұлыннан,мидан шығып шеткі ағзаларға барып таралады. Мұндай жүйке талшықтарын орталықтағы талшықтардан айыру үшін шеткі талшықтар деп те атайды.
Жұлыномыртқа бағанының каналында орн/н жуан арқан тәрізді. Ор. ж. жүйесінің бір бөлігі. жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйе талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды атқарады. Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік жүйелер тері, ет сіңір ішкі ағзалар рецепторларынан (экстеро, проприо, интеро) серпіністер әкеледі. Сезгіш қозғалтқыш аралық нейрондар арқылы. Немесе бір-бірімен тікелей б/сып рефлекстік доға құрады. Біртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағынышты. Сұр заттың алдыңғы және артқы қос мүйіздері ақ затты төрт бағанға (алдыңғы артқы н/е екі бүйір) бөледі.Жұлынның салмағы -36 г Ересек адамдарда ұзындығы -45 см Ені -15 см Дене тұлғасын түзету реф-і мойын бұлшық етттері мен буын байламдары проприорецепторлары және тұлға терісі рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде атқарады. Алдымен басты қалыпты кейпіне келтіреді. Осыдан кейін дене бір бүйірінде жатқан күйінде мойын бұрылады. Соның нәтижесінде мойын еттерінің проприорецепторлары тітіркеніп, дене тұлғасын өзгертуге бағытталатын қимыл-әрекеттер басталады. Бұл тұлға түзеудің мойындық реф-і деп ат/ды. Бастың кейпі қалпына келгеннен кейін дене тұлғасын түзеуде тері рецепторларынан тарайтын импульстерде маңызды роль атқ-ды. Ми қыртысы жақсы дамыған жоғ сатыдағы жануарларға лабиринттік н/е проприорецептивтік рефлекстерді басып тежеп отыратын қасиет тән. Осының нәтижесінде олар әр түрлі кейіпте баса алады. Бүйірімен не шалқасынан жата береді. Ми қыртысы неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым орг-ң қимылдары еркін, күрделі, үйлесімді келеді Жұлынның қызметтерін ми қадағалап реттеп отырады. Мидың әсерін шеткі ағзаларға және кері қарай олардың рецепторларынан қозуды миға жұлын ақ затындағы жоғары, төмен кететін жолдары арқылы жеткізіледі. Сұр заттың алдынғы және артқы қос мүйіздері ақ затты төрт бағанға (алдыңғы, артқы және екі бүйір) бөледі. Жұлын 31 сегментке бөлінген.Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады.Жұлынның бір түбірі бұзылса,не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды.Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференттік талшықтардан тұрады.
Өткізгіш жол
|
Жұлын бағаны
|
Физиологиялық маңызы
|
1.Нәзік буда (Голля будасы) 2.Сына тәрізді жіпше (Бурдах будасы) 3.Дорзальдық латеральдына 4.Жұлын-мишықтық дорзальды (фиксиг жолы) 5.Жұлын-мишықтың вентеральды Говерс жол 6.Жұлын-таламустық дрозальды жол 7.Жұлын-жамылғылық жол 8.Жұлын-таламустық вентральды жол
|
Артқы Бүйір Бүйір алдыңғы
|
Жанасу, дене қалпы, дененің дертсіз қимылы тербелу сезімдерін өткізу Дәл осындай Ауыру, ыстық –суық сезімдерін өткізу Ет,сіңір жалғауыштар рецепторының серпіністерін, терінің қысым, жанасу сезімдерін өткізу Дәл осындай Ауыру, ыстық-суық сезімін өткізу Көру, ауыру сезімдеріне байланысты рефлекстері.Жанасу сезімін өткізу
|
Достарыңызбен бөлісу: |