Дәріс № 6
Тақырыбы:Ішкі секреция бездері
Дәріс мазмұны:
1. Эндокриндік бездер мен гормондар туралы ұғымдар, зерттеу өдістері.
2. Гормондардың маңызы, олардың структурасы, әрекет ету механизмі
3. Ішкі секреция бездерінің өзара әрекеттесуі.
4. Гипофнз. Калқанша без, калқансерік бездері.
5. Айыршық без және эпифиз. Олардың физиологиялық маңызы.
6.Ұйқы безінің ішкі секреторлык. функциясы.
7.Аралшык бездіи кұрылымы, оның гормондары..
8.Бүйрек үсті бездері. Жыныс бездері.
1Адам денесіндегі көптеген клеткалар (жалпы саны 100 трил-лионнан астам) арнаулы тканьдер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте курдел; қарым-қатынасы жуйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық қурылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен механизмдер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморальдық жолмен (қан, лимфа, тканьаралық суйықтык) жүреді Оларға кодталган электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.
Функциялардың (қызметтердің) гуморальды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің епсіоп — ішкі, сгіпео — бөлемш немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол езек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мушеге шығарады.
Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездер жатады .Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.
Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму процестері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «һогтоп»—қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептеген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай бол-май шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар-бар екені мәлім. Мысалы, адреналин ас қорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген атау ішкі селініс бездерінің атауы болып қалды.
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тканьдерге ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:
1)метоболикалық — зат алмасу процестерінің әртурлі жағдайларына, жиілігіне әсері;
2)морфогенетикалық—конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (диференциялық, тканьдердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;
3)кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;
4)корригиялық тканьдер мен ағзалар қызметінің қарқынын өз-гертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату тездету, бәсең-дету қозғалыстары).
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, хи-миялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.
1.Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкогон, соматотропин т. б.);
2.Стереоидтар (бүйрекүсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);
3.Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер—адреналин, норадреналин).
Достарыңызбен бөлісу: |