Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы Синапс немес Түйіспе


Орталық жүйке жүйесі Тақырыбы



бет2/13
Дата21.03.2022
өлшемі5,55 Mb.
#28528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Орталық жүйке жүйесі

Тақырыбы:Орталық жүйке жүйесінің жалпы физилогиясы

Дәріс мазмұны:

1.Нейрондар мен глиялалар.

2.Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі.

3.ОЖЖ қозуды өткізу және тежелуі.

Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытына өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі – ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі – ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, келешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл процестерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.

Нейрон дегеніміз – жүйке клеткасы. Ол – жүйке жүйесі құрамындағы (дербес) бөлік, сол жүйенің морфофункциялық негізі. Нейрондардын арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан – жақты қоршайтын құрылым.

Нейтондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және денеден шығатын өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа клеткаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид (қарала) заттар болады. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микроннан – 1,5метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейроннан ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон,бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігідеп аталады. Төмпешікте тигроит заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонының ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Қозу серпінін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік) деп аталады, ал орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік) деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет