Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы Синапс немес Түйіспе



бет8/13
Дата21.03.2022
өлшемі5,55 Mb.
#28528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
1.Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жүлынның сегізкөз бөліміндегі сегменттердің бүйір мүйіздерінде орналасқан.

2.Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері – ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуырсында – шапақ тәрізді түйін, шашырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік (ганглийге дейінгі) талшықтар деп аталады. Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді. Екінші нейрондардың жүйке талшықтары серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады, олар постганглийлік (ганглийден кейінгі) деп аталады.

3. Вегетативтік жүйке сомалық жүйкеден әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке талшығы миелинді, оның диаметрі 3,5мкм. Постганглийлік талшық миелінсіз, диаметрі 0,5 – 2 мкм. Парасимпатикалық постганглийлік талшықтар өте қысқа болады.

4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет