Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы Синапс немес Түйіспе


Мишықтың ең басты қызметі-



бет12/13
Дата21.03.2022
өлшемі5,55 Mb.
#28528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Физиология №3 лекция

Мишықтың ең басты қызметі- адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттерді үйлестіріп отыру.Мұнымен бірге әр қимыл әрекеті алдында,соңында еріксіз және керексіз қимылдар(астазия) жасайды-теңселіп,шайқалады.Дене еттері солғын тартып күшінен (астения),табиғи тонусынан айырылады (атония),дәліек айтсақ дистония туады,яғни ет топтары тонусының біркелкілігі,осыған орай қимылдың да біркелкілігі бұзылады(дисмертия) және дененің екі жағындағы бірыңғай еттер қимылының біркелкілігі бұзылады (асинергия) . Әсіресе өте тез орындауды қалайтын мақсатқа сәйкес қимыл-әрекеттері орындалмайды(адиадохокинез) .

Төрт төмпешік ,алдыңғысы көру рецепторларының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық.Бұл орталыққа серпіністер көру жүйесінің бұтақтары арқылы өтеді.Төмпешік тұсында көз алмасын қозғалтатын жүйкенің ядросы орналасқан.Сондықтан көздің тор қабатынан келіп түсетін серпіністер алдыңғы төмпешіктен шығып көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядроға оп-оңай жетеді.Аталған рефлекстер көру орталығы орналасқан ми сыңарын алып тастаса да жойылмайды.Төрт төмпешікті дене кенеттен әсер еткентітіркендіргіштерге жауап ретінде қорғаныс рефлекстерін туғызады,сондықтан олар сақтық не старт рефлекстері деп аталады.

Қызыл ядро, орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан.Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталығы.Егер мысықтың ми бағанын көлденең қызыл ядродан жоғарырақ жерден тіліп жіберсе,онда оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерістер тумайды.Ал миды қызыл ядродан төменірек жерден кессе,мысықта децеребрациялық мелшию белгілері пайда болады,барлық қаңқа еттері әсіресе жазылу еттері ширығып,қатаяды.

Қара зат(substantio nigra).Нейрондарында қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрінеді.Мұның қызметтік маңызы осы күнге дейін толық анықталмаған.Дегенмен де оның қыртыс және қыртыс астындағы ядролар торлы құрылыммен бірге қаңқа әсіркск саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын қамтамасыз ететін еттердің тонусын реттейтіні анықталды.Қара зат экстрапирамидалық жүйеге жатады.Электр тоғымен қара затты тітіркендірсе шайнау,жұту,еттері жиырылады.Сондықтан мұнда шайнау мен жұту процестерін үйлестіретін орталық бар деген де пікір бар.Соңғы кезде қара затта жолақты денедегідей дофамин синтезделетіні анықталды.Бұл құрылымның жолақты денемен байланысы бұзылса Паркинсон ауруы пайда болуы мүмкі

Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы”61-81б.

2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет