Рефлекс түрлері.Морфологиялық және физологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді:
1.Рецепторлардың орналасуына (орнына) қарай экстероцептивтік (exterus – сыртқы), интероцептивтік(interior – ішкі), проприоцептивтік (roprios – өзіндік) рефлекстер болып ажыратылады. Reception – лат.-алу, қабылдау. Демек рецептор – қабылдаушы деген сөз. Экстероцептивтік рефлекс рецепторлары дене сыртында: теріде, ауыз, көздің кілегейлі қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.
Интероцептивтік рефлекс рецепторлары ішкі ағзаларда, тканьдерде, қан тамырларында, ал пропиорецептивтік рефлекс рецепторлары сіңірде, буын қабында орналасқан.
2.Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер сомалық, вегетативтік болып екіге бөлінеді.
3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми, (мезенцефальдық), аралық ми (диенцефальдық), алдыңғы ми (қыртыстық) рефлекстер болып бөлінеді.
4. Қимыл – әрекетіне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстер болады.
5. Орталықта туатын процестер түріне қарай қоздырушы тежелуші рефлекстер болады.
6. И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен) шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.
7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |