Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы Синапс немес Түйіспе


Б.Төмен кететін (қозғалтқыш) жолдар



бет11/13
Дата21.03.2022
өлшемі5,55 Mb.
#28528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Физиология №3 лекция

Б.Төмен кететін (қозғалтқыш) жолдар

.1.Қыртыс –жұлындық латеральды жол (пирамидалық)

бүйір

Қаңқа еттеріне бағытын серпіністерді өткізу.

2.Қызыл ядро –жұлындық жол (Манаков жолы) 3.Кіреберіс-жұлындық дорзалды жол 4.Оливо жұлындық (Гельвег)жол 5.Тор-жұлындық жол 6.Кіреберіс–жұлындық вентралды жол 7.Жамылғы жұлындық 8.Қыртыс –жұлындық

    алдыңғы

Қаңқа еттерін қатайтушы серпіністерді өткізу Дене қалпын, тепе-теңдігін қамтамасыз ететін серпіністерді өткізу Қызметі белгісіз Қаңқа еттерінің тонусын қамтамасыз етуші серпіністерді өткізу Дене қалпын және тепе-теңдігінқамтамасыз ететін серпіністерді өткізу Көру есту қимылдарын қамтамасыз ететін серпіністерді өткізу Қаңқа еттеріне бағыт/н серпіністер өткізу, ерікті қимылдарды қамт ету

Ми оның бөлімдері

Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан,мишық пен ми бағанынан тұрады.Құрылымдық айырмашылықтарына,даму ерекшеліктері мен қызметіне қарай нейрофизиологиялық және клиникалық талдау жұмысын жеңілдету үшін ми артқы ми, мишық,ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми деп аталатын бес бөлікке бөлінеді.Артқы ми құрылымына сопақша ми мен варолий көпірі,ортаңғы ми құрамына қызыл ядро,қара төрт төмпешікті дене,торлы құрылым,аралық миға-көру төмпешігі (thalamus)көру төмпешігі астындағы құрылым (hypothalamus),алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мен қыртысасты(базальдық) ядролар кіреді.Сопақша ми мен көпір,ортаңғы ми мен аралық ми ми бағанынын құрады.

Сопақша ми. Үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр жәнеақ заттардан тұрады.Сондағы жүйке клеткаларынан тұратын сұр зат,жұлындағыдай бір-ақ жерге топтаспаған,ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып,көптеген ядроларға,қызметі әртүрлі орталықтарға айналған.Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады.Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады.Сопақша ми арқылы өтетін кейбір жұлын жолдары осы мида бір-бірімен айқасып оң жақтан келген талшықтар оң жақтан келген талшықтар сол жаққа,сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады.Сұр зат жоғарыда айтылғандай нейрондардан тұрады,рефлекстік қызмет атқарады.Бас сүйектен шығатын 12 пар ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің(8 9 10 11 12 парлар) ядролары мен бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар және жұлын қызметін реттеуде маңызды роль атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан.Сопақша мидың нейрон шоғырлары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.Оған тыныс,қан тамырларын тарылтып кеңітетін,жүрек соғуын баяулатып сирететін орталықтар жатады.Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады: а) жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер.Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады.

Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған.Көпір құрамында ақ зат көп.Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу.Ақ зат негізінен жұлынның жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай бағытталған жолдары.Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған.Бұлардың ішінде бас сүйек-ми жүйкелерінің 5, 6, 7 парларының ядролары,көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары,ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтңн торлы құрылым нейрондары бар.Бұлармен қатар пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейстік орталық орналасқан.

Мишық. Әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында,сопақша мидың үстінде орналасқан қос жарты шардан жіне ортаңғы бөліктен тұрады.Бұл жарты шарда қалыңдығы 1-2,5 мм жұқа қыртыс қабығы, ақ заттың ішінде теңбілденіп сұр заттар –ядролар бар. Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі,ортаңғы,жоғарға аяқшалары арқылы жалғасқан.Осы аяқшалар арқылы,жұлыннан,кіреберіс(вестибула) ядролардан,торлы құрылымнан келіп түсетін серпіністер мишыққа тоғысады.Мишықтан шыққан эфференттік талшықтар одан әрі ми қыртысына,қыртыс астындағы ядроларға, ми бағанының торлы құрылымына,көру төмпешігіне,қызыл ядроға, сопақша миға,жұлынға жеткізіп тұрады.Ми қыртысының және мишықтың қозғалтқыш зоналары өзара тығыз байланыста болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет