Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы Синапс немес Түйіспе


Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері



бет9/13
Дата21.03.2022
өлшемі5,55 Mb.
#28528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Физиология №3 лекция

Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:

1.Вегетативтік жүйкелер негізінен – эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді (орталықтан тепкіш жүйкелер). Бірақ вегативтік жүйкелер ішінде 10 -тей афференттік жүйкелер болады. Соңғы аталғандар қозуды ағза рецепторларынан орталыққа жеткізеді (орталыққа тепкіш жүйкелер).

2. Вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) қозу қабілеті сомалық жүйке жүйесінде (СЖЖ) қарағанда әлдеқайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары. Мәселен, ВЖЖ хронаксиясы – 3 – 8, ал СЖЖ хронаксиясы – 0,04 – 075 с. ВЖЖ-нің лабилдігі – 10 – 15 гц, ал СЖЖ-де – 1000 гц. Осыған орай рефрактерлік кезең ВЖЖ-де өте ұзақ.

3. ВЖЖ-ның талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді. «В» тобына жататын миелинді талшықтарының қозу өткізу жылдамдығы секундіне 3 – 18 мс, ал миелинсіз талшықтар «С» тобын құрады, олардың қозу өткізу жылдамдығы 0,5 – 3 мс.

4. Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинаптық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады (50 – 80 мс). Сомалық жүйке жүйесінде бұл потенциал 15 – 20 мс-тай. Вегетативтік жүйке жүйесінде әсіресе гиперполяризация фразасы өте созылыңқы келеді (300 – 1000 мс).

5. Вегетативтік жүйке жүйесінің реакциясы өте баяу: біріншіден, қозу жүйке талшықтарынан өте баяу өтеді, екіншіден, синапстарда медиатор жәй бөлінеді және холинстеразаның белсенділігі төмен болғандықтан келесі қозу кеш туады.

6. .Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар – ацетилхолин не адреналин бөлінеді. Медиатордың түріне қарай вегетативтік жүйкелер холинергилік (ацетилхолин бөлетін) және адренергилік (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Холинергилік жүйкелер тобына: 1) парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер; 2) парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер; 3) симпатикалық постганглийлік тер бездерінің жүйкелері жатады. Адренергилік жүйкелер қатарында симпатикалық постганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады. Сонымен холинергилік жүйкелер саны адренергилік жүйкелер санынан әлдеқайда басым. Кейбір жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар (серотонин, гистамин, АТФ, ГАМК, т.б.) бөлінуі мүмкін.

Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады.Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінде – синергизм, яғни бірыңғай қимыл жасау тән. Вегетативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Жәнеде ол жүйке орталықтарында басқа бөлімдерімен бірлесіп, адамның көңіл күйін (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны – адреналин көбейеді.



Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы”Алматы.Білім.1995.50-59б.

2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет