I — «Кейбір адамдар — қылмыскерлер» - ақиқат А — «Барлық адамдар — қылмыскерлер» - жалған 2) бағынушы пайымдау жалғандығынан бағындырушы пайымдау жалғандығы шығады, бірақ керісінше болмайды Мысалы: I — «Кейбір судьялар — заңгерлер» - ақиқат А — «Барлық судьялар — заңгерлер» - ақиқат I — «Кейбір азаматтар заңды бұзуға құқылы» - жалған А —«Барлық азаматтар заңды бұзуға құқылы» — жалған А — «Барлық параллельдер қиылысады» - жалған I — «Кейбір параллельдер қиылысады» - жалған ішінара үйлесу (субконтрарлық )
Логикалық шаршы бойынша ішінара үйлесу (субконтрарлық) қатынас
Ішінара үйлесу (субконтрарлық) — бұл сапасы жағынан әртүрлі, саны бойынша бірдей пайымдаулар арасындағы қатынас (I — О). Оған келесі заңдылықтар тән: 1) олар бірдей ақиқат бола алады, 2) олар бірдей жалған бола алмайды: егер осы пайымдаулардың бірі жалған болса, онда басқасы міндетті түрде ақиқат болады
Мысалы: А — «Кейбір адамдар — заңгер» - ақиқат О — «Кейбір адамдар заңгер емес» - ақиқат I — «Кейбір үшбұрыш бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең болады» - ақиқат I — «Кейбір үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең болмайды» - жалған ішінара үйлесу (субконтрарлық)
Логикалық шаршы бойынша қайшылық (контрадикторлық) қатынаас
Қайшылық (контрадикторлық) қатынасқа шаршының диагональ бойынша төбесінде тұрған, яғни А-Е, және І - О пайымдаулары жатады. Оларға келесі заңдылықтар тән: олар бірдей ақиқат, бірдей жалған да бола алмайды. Бірінің ақиқаттығынан міндетті түрде екіншісінің жалғандығы шығады немесе керісінше. Мысалы: А — «Заң алдында барлық адамдар тең» - ақиқат О — «Кейбір адамдар заң алдында тең емес» - жалған