Эпистемикалық модальдік (латын тілінен: «episteme» — «білім») – бұл осы пайымдаудағы дәлелдердің деңгейі туралы берілген ақпарат Ол «дәлелденеді», «дәлелденбейді», «бекерленеді» және т.б. соған ұқсас сөздердің көмегімен беріледі. Эпистемикалық пайымдаудың екі түрі бар: 1) белгілі сенімге негізделген пайымдау Мысалы, «Алланың бар екендігіне сенемін» «Жақсы өмірдің келуі алыс емес, болуы да ықтимал»; 2) білімге негізделген пайымдау Мысалы: «Жер бетінде басқа да ақыл-ой иелері бар көрінеді», «Марста тіршіліктің жоқ екені дәлелденген».
Аксиологиялық модальдік
Аксиологиялық модальдік (грек тіліген: axios— кұнды) материалдық және рухани құндылықтарға адамның қатынасын білдіреді. Құндылық — бұл адам және қоғам үшін бір нәрсенің оң маңыздылығы. Ол «жақсы», «жаман», «селқос», «енжар», «жоқ» (құндылыққа қатысты) және т.б. сөздермен тіркесіп келеді. Мысалы, «Сабыр түбі сары алтын», «Сақтықта қорлық жоқ», «Басқаның қатесі арқылы үйренген жақсы», «Доссыз өмір бос».
Ұғымдардағы сияқты, пайымдаулар арасында да белгілі бір логикалық қатынастар бар. Олар да салыстырмалы және салыстырмалы емес, сыйысатын және сыйыспайтын деп бөлінеді Пайымдаулар арасында олардың ақиқаттығына, жалғандығына байланысты көптеген қатынастар қалыптасады Қарапайым пайымдаулар арасындағы қатынастарды анықтау жолы: