Дәріс: «Пайымдау. Қарапайым пайымдау, оның түрлері»


) пайымдаудың сапасын анықтау



бет5/14
Дата15.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#124033
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
3) пайымдаудың сапасын анықтау:
«Заңсыз мәміле жарамсыз болады»
мұнда жалғаулық «болады» белгінің «бар» екенін құптайды

Кесімді пайымдауларды сан бойынша бөлу


Пайымдау саны — бұл пайымдаудың субъектісі қандай көлемде қарастырылатынын көрсететін маңызды сипаты.
Ұғымдар өз көлемі бойынша жалқы, жеке, жалпыға бөлінеді:
  • егер пайымдаудың субъектісі жалқы ұғым болса ғана, ол сан бойынша жалқы бола алады;
  • егер предикат субъект көлемінің кейбір элементтері туралы ғана айтса, онда мұндай пайымдау санына қарай жеке болады
  • егер предикат субъектінің барлық көлемі туралы хабарлап тұрса, онда пайымдау жалпы болады

  • Пайымдаулардың сандық сипаты субъект алдында тұратын кванторға қарай анықталады:
    Жалпы пайымдауларға «бәрі, «кез келген», «әрбір» деген кванторлар тән.
    Жеке пайымдауларда «кейбіреу», «көпшілігі», «бөлігі» кванторлары қолданылады.
    Жалқы пайымдауларда «бұл», «осы» деген кванторлық сөздер қолданылады немесе субъект өз атымен аталады.

Мысалдар:
1) жалқы пайымдау:
«Қазақстан — тәуелсіз мемлекет»
2) жеке пайымдау:
«Біздің топтың студент-терінің көпшілігі сессияға рұқсат алды»
3) жалпы пайымдау:
«Барлық адамдар заң алдында тең»

Кесімді пайымдауларды біріктірілген сан мен сапа бойынша бөлу


Кесімді пайымдаулар біріктірілген сан мен сапа бойынша төрт түрге бөлінеді:
1) жалпықұптаушы,
2) жекеқұптаушы,
3) жалпытерістеуші
4) жекетерістеуші
Орта ғасыр логиктері пайымдаудың төрт түрінің A, I, E,O деп әріптік белгіленуін ойлап тапқан. Олар «affirmo» — «құптаймын» және «nego» — «терістеймін» деген латын сөзінің құрамына кіретін дауысты дыбыстардың аталуынан шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет