Кесімді пайымдауларды қалыптасу жағынан түрлерге бөлу
Қарапайым пайымдаулар, онда ойдағы заттар арасындағы шартсыз байланыс ашылатындықтан, кесімді, яғни категорикалық (грек тілінен «категорикос» - «анық», «шартсыз») пайымдаулар деп те аталады. Функционалдық тұрғысынан, олар объективті әлемнің бір ғана жалғыз байланысын бейнелеу қызметін атқарады. Құрылымдық тұрғысынан, олардың құрамдас бөліктері ретінде «пайымдау терминдері» деп аталатын субъект, предикат, жалғаулық танылады. Кесімді пайымдаулар қалыптасуының негіздері бойынша үш түрге бөлінеді: а) сапасына қарай: құптаушы, терістеуші б) санына қарай: жалпы, жеке, жалқы в) сан мен сапасына қарай: жалпықұптаушы, жалпытерістеуші, жекеқұптаушы, жекетерістеуші
Пайымдау сапасы — оның маңызды логикалық сипаттамасының бірі. Онымен пайымдаудың деректі мазмұны емес, ең жалпы логикалық формасы түсініледі. Кесімді пайымдауларда субьектінің белгісі бар екендігі құпталуы да, терістелуі де мүмкін. Құптаушы пайымдау деп, предикаттың пайымдау субъектісіне жататынын растайтын пайымдауды айтады. Терістеуші пайымдау деп субъектіде осы предикаттың жоқ екендігі туралы баяндайтын пайымдауды айтады. Кесімді пайымдаулардың сапасын анықтауда байланыстың сипатын анық айқындау қажет: - жалғаулық «болады» белгінің «бар» екенін құптайды - егер субъект пен оның предикаты да теріс ұғымдар болса, онда бұл терістеуші пайымдау болады Мысалдар
құптаушы пайымдау:
«Адамдар заң алдында тең» мұнда «заң алдында тең болу» белгі «адамдар» субъектісіне жататындығы туралы айтылады 2) терістеуші пайымдау: «Соттың осы шешімі негізсіз болып табылады» мұнда «соттың осы шешімі» субъектінің «негізделген болу» белгісінің жоқ екені туралы айтылады