Мысалы, «Қазақстан нарықтық қатынасқа өте алады». «Марс планетасында өмір сүру мүмкін емес» б) бір нәрсенің қажеттілігі немесе кездейсоқтығы туралы пайымдаулар. Мысалы: «Қажеттілік болғандықтан, Қазақстан нарықтық қатынасқа өтеді» «Наполеон 5 мамыр айы 1821 жылы қайтыс болды». Бұл пайымдау кездейсоқтықты білдіреді, өйткені Наполеонның ажалы аталған күнге дейін немесе одан кеійн болатындығы мүмкін.
Деонтикалық модальдік
Деонтикалық модальдік (грек тілінен: «deon» — «борыш») – бұл пайымдау арқылы нақтылы іс-қимылға қозғайтын, шақыратын өтініш, кеңес, бұйрық немесе нұсқау хабарланады.. Ол «рұқсат етіледі», «тыйым салынады», «міндетті» және соларға ұқсас операторлармен көрсетіледі. Деонтикалық модальдіктің негізгі үш түрі шығады: 1) Құқық атынан рұқсат беруші пайымдау. Ол «рұқсат етілген», «құқылы» және басқа да сөздер арқылы жеткізіледі. Мысалы, «Әркімнің өмір сүруге құқы бар», «Қазақстанда алуан түрлі идеологияға рұқсат бар» 2) Құқық атынан тыйым салушы пайымдау: Мысалы: «Күштеп еңбек еткізуге тыйым салынған», «Ешкім бір қылмыс үшін екі рет жазаланбайды», «Ешқандай идеология мемлекеттік ретінде ұсынылмайды» Құқық атынан рұқсат беру-тыйым салу белгілі формада бейнеленеді: «Заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген» (разрешено то, что не запрещено законом). Ол «заңмен рұқсат берілмеген нәрсенің бәріне тыйым салынған» («запрещено все, что не разрешено законом») деген сөздермен толықтырылады; 2) Құқық атынан міндеттеуші пайымдау. Ол «міндетті», «тиіс», «қажет» және т.б. сөздердің көмегімен жеткізіледі. Мысалы, «Мемлекеттік органдар кәсіподақтардың іс-әрекетіне барынша араласуға міндетті», «Бәріне бірдей жалпы орта білім міндетті» .