3) пайымдаудың сапасын анықтау: «Заңсыз мәміле жарамсыз болады» мұнда жалғаулық «болады» белгінің «бар» екенін құптайды
Кесімді пайымдауларды сан бойынша бөлу
Пайымдау саны — бұл пайымдаудың субъектісі қандай көлемде қарастырылатынын көрсететін маңызды сипаты. Ұғымдар өз көлемі бойынша жалқы, жеке, жалпыға бөлінеді:
егер пайымдаудың субъектісі жалқы ұғым болса ғана, ол сан бойынша жалқы бола алады;
егер предикат субъект көлемінің кейбір элементтері туралы ғана айтса, онда мұндай пайымдау санына қарай жеке болады
егер предикат субъектінің барлық көлемі туралы хабарлап тұрса, онда пайымдау жалпы болады
Пайымдаулардың сандық сипаты субъект алдында тұратын кванторға қарай анықталады: Жалпы пайымдауларға «бәрі, «кез келген», «әрбір» деген кванторлар тән.
Жеке пайымдауларда «кейбіреу», «көпшілігі», «бөлігі» кванторлары қолданылады.
Жалқы пайымдауларда «бұл», «осы» деген кванторлық сөздер қолданылады немесе субъект өз атымен аталады.
Мысалдар: 1) жалқы пайымдау: «Қазақстан — тәуелсіз мемлекет» 2) жеке пайымдау: «Біздің топтың студент-терінің көпшілігі сессияға рұқсат алды» 3) жалпы пайымдау: «Барлық адамдар заң алдында тең»
Кесімді пайымдауларды біріктірілген сан мен сапа бойынша бөлу
Кесімді пайымдаулар біріктірілген сан мен сапа бойынша төрт түрге бөлінеді: 1) жалпықұптаушы, 2) жекеқұптаушы, 3) жалпытерістеуші 4) жекетерістеуші Орта ғасыр логиктері пайымдаудың төрт түрінің A, I, E,O деп әріптік белгіленуін ойлап тапқан. Олар «affirmo» — «құптаймын» және «nego» — «терістеймін» деген латын сөзінің құрамына кіретін дауысты дыбыстардың аталуынан шыққан.