дәріс Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым


Педагогикалық ғылымдар жүйесі



бет3/4
Дата26.09.2022
өлшемі3,05 Mb.
#40359
1   2   3   4
Байланысты:
ДӘРІС 3.1 Педагогика(1)

Педагогикалық ғылымдар жүйесі
«Педагогика – ғылым» терминімен сипатталатын мазмұндық бірліктегі педагогикалық пәндер жүйесін қарастырады. Бұл пәндердің барлығына ортақ объектісі – білім беру болып табылады. Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен байланысының түрлері. Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Педагогиканың басқа ғылыми пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен жай салыстыру арқылы ғана ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидактикадан, әдістемеден, мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түрлі типіндегі ғылымдар нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға болады.
Педагогика және философия
Философия мен педагогиканың өзара байланысының қүрделілігі бүгінгі күнгі ақиқат. Философия педагогика ғылымын дүниетанымдық деңгейде де талдайды. Зерттеудің бұл саласы педагогика ғылымының философиясы, білім беру философиясы, дидактика философиясы, тәрбие философиясы деп аталады. Педагогтардың ғылыми қызметін философиядан бөліп алу мүмкіндігі, жекелей алғанда, онда сциентизм мен технократизмнің, кейде тіпті гуманистік және гуманитарлық негіздерге залалын тигізеді.
Педагогиканың философиялық бағдарлары: Неомарксизм, Экзистенциализм, Феноменология, Структурализм, Прагматизм, Герменевтика, Аналитикалық философия, Персонализм, Постмодернизм, Философиялық антропология болып бөлінеді.
Педагогиканың психологиялық бағдарлары
Психологиялық және педагогикалық зерттеу жалпы әдіснамалық ұстанымдар негізінде құрылады. Әдіснамалық ұстанымдарды және баланың психикасының ерекшеліктерінен туындайтын нақты мақсаттарды басшылыққа ала отырып, психологиялық зерттеудің стратегиясы, жалпы барысы анықталады. Психологиялық және педагогикалық зерттеу логикасы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді. Олар: детерменизм ұстанымы, ақиқаттылық ұстанымы, даму ұстанымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет